Қазақ тілі мұғалімдері бас қосты

Қазақ тілі мұғалімдері бас қосты

Қазақ тілі мұғалімдері бас қосты
ашық дереккөзі

Таяуда «Назарбаев зияткерлік мек­­тептері» дербес білім беру ұйы­мының білім беру бағдар­­ламалары орталығы еліміздің қазақ тілі мұғалімдері үшін республикалық форум ұйымдастырды. Шараға білім беру саласындағы 300-ге тарта маман қатысты. 

Онда қазақ тілін оқытудағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін еліміздегі жалпы білім беретін мектептер арасына таратып, жаңа тәсілдер мен әдістемелерді бөлісу, сондай-ақ үш тұғырлы тіл саясатының шеңберінде қазақ тілінің мәртебесін арттыру мәселесі жан-жақты талқыға салынды.
Форумның беташарында сөз сөйлеген «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шамшидинова бүгінде мемлекеттік тілдің дамуына ерекше үлесін қосып жүрген әріптестерінің ең­бегін жоғары бағалай келе, білімді жас ұрпақты тәрбиелеуде Елбасымыздың бас­та­масымен қолға алынған үш ­тұ­ғырлы тіл саясатының алға қо­йып отырған мақсаттарына қол жет­кізу үшін әлі де аянбай тер тө­гу қажет екендігін атап көр­сет­ті. Ол: «Біз өзге тілдерді жан-жақты даму үшін үйренеміз. Әрине, қазақ тілі үнемі бірінші орында тұруы керек», – деді. Қазақ тілін оқытуда әуелгі назар оқушылардың сөй­леу, тыңдау, айту және есту дағ­­ды­­­ларын дамытуға аудары­луы керек.
Ал форумда білім беру бағдарламалары орталығының аға менеджерлері Жанабай Абуов пен Лейла Нұра­қаева жиналғандарды Зият­керлік мектептерде қолданы­ла­тын кіріктірілген білім беру бағдарламаларымен таныс­тырды. Оған білім беру процесінің отандық және ха­лық­­аралық тәжірибенің озық үлгілері кіріктірілген. Бұл құжат­тарды әзірлеуге Зияткерлік мек­­теп­тердің практик мұғалімдері мен Кем­бридж халықаралық емти­хан кеңесінің мамандары атса­лысқанын айта кету керек.
Форумға қатысып, баяндама жасаған халықаралық сарапшы – қостілді оқытуды әзірлеп, басқару жөніндегі кеңесші, PhD Питер Мехисто пәннің мазмұ­ны­­на негізделген тілді оқыту маңызы­на тоқтала келе, зияткерлік мек­тептердің қазіргі қолданып отыр­ған әдісі де пән мен тілді кіріктіріп, тіл сабақтарында пән мазмұнын, ал пән сабақтарында тілді қоса үйретуге көңіл бөлуге негізделетінін ескерте кетті.
Мұнымен қоса, басқосуға жиналған ұстаз қауымы күнделікті тәжірибесінде қолданатын ин­новациялық әдістері бойынша шеберлік сағат өткізді. Сол бо­йынша сабақ үлгілерін көрсетіп, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасты. Олар зияткерлік мектеп мұғалімдері дайындаған әдістемелік құралдардың көрмесін тамашалап, мұндай тәсілдің қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге септігі тиетінін және тәжірибені ел мектептеріне тарату қажеттігін атап өтті.

Динара Мыңжасарқызы