ЖАҢА МЕДИАНЫҢ БАҚ-ҚА ЫҚПАЛЫ

ЖАҢА МЕДИАНЫҢ БАҚ-ҚА ЫҚПАЛЫ

ЖАҢА МЕДИАНЫҢ БАҚ-ҚА ЫҚПАЛЫ
ашық дереккөзі

  Түркітілдес елдер мен қоғамдардың медиа
форумының “Жаңа медиа технологиялық өзгерістердің көрінісі іспетті”
тақырыбындағы алғашқы отырысында “Жаңа технологиялар бұқаралық ақпарат
құралдарының қалыптасуына қалай ықпал етеді?” тақырыбына сөз қозғаған
кипрлық әріптесіміз Гөкхан ГҮЛЕР ақпараттық технологияладың дамуы
журналистердің жұмысын едәуір жеңілдеткенін, Интернет журналистиканың бүгінгі
ахуалы, заңдық ережелерге қағыну т.б. мәселелер аса маңызды болғанын айтты.

  “Жаңа медиа” ұғымын қалай
түсінеміз?” деген тақырыпта баяндама жасаған Дениз ЕРГҮЛЕР ұялы телефонның
не екеін білмеген БАҚ өкілдері тәжірибе алмасу, ақпаратты дер кезінде алу,
“Жаңа технологиялардың пайдасымен бірге зияны да бар. Мәселен, ақылды
телефоныңыздан көңілді еліктіретін ойын ойнайсыз ба, әлде отырып алып мақала
жазасыз ба? оны таңдау өз еркіңізде болғанмен, уақытты босқа сарп ету қаупі
бар”, – деген ол бір стақан су сатылған кез келген қоғамда Интернеттің,
спутиниктік жүйе қызметі ендігі тегін пайдаланатынын айтты.

  Бүгінде Исмет ЙҮКСЕЛ 80-жылдары факстың
заманауи технологияның ең күшті жаңалығы ретінде қабылдаған журналистер қауымы
уақыт өте келе Интернеттің ақпарат алмасуда және таратуда аса қуатты күшке
айналатынын тіпті көз алдына елестете алмайтын еді. Бүгінде жаңа медиа
мүмкіндіктерін барынша кең пайдалануға тырысатын әріптестер ақпарат ағынын
еркін меңгеруге қол жеткізді.

  Медиа форумның екінші жартысында
“Түркі әлемі бұқаралық ақпарат құралдарының келешегі мен әлеуметтік
баспасөздің ықпалы” тақырыбы талқыға салынбақ.

 Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ,

  Бішкек қаласы