Жаңалықтар

ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ТАҒЫ БІР ҚЫРЫ

ашық дереккөзі

ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ТАҒЫ БІР ҚЫРЫ

Туризм – ел дамуының тиімді тетігі екені анық. қазақстандағы туризмді кіріс көзіне айналдыру – бүгінгі күннің талабы. Туризм индустриясына қажетті кәсіптік, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда әл-Фараби атындағы Қазұу-нің рекреациялық география және туризм кафедрасының орны зор. Кафедра 17 жылдың ішінде бұл салаға 1500-нан артық кадр маман даярлады. 

Әл-Фараби атындағы Қазұу-нің рекреациялық география және туризм кафедрасы  2011-2012 жылы Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында Дүниежүзілік Туристік Ұйымның туристік білім беру жүйесінде TedQual-UNWTO сапа сертификатын иеленді. Аудит нәтижесі бойынша бакалавриаттың «5В090200 – Туризм» оқу бағдарламасы ең ұзақ мерзімге, яғни 4 жылға сертификатталды. Сонымен қатар, 2013 жылы магистратураның  «6М090200 – Туризм» оқу бағдарламасы да Дүниежүзілік Туристік Ұйымның туристік білім беру жүйесінде TedQual-UNWTO сапа сертификатын иеленді.

Нәтижеге бағытталған оқыту қағидаларын жүзеге асыру бітірушінің жақсы өндірістік іс-әрекеті үшін қажетті білімді меңгеру мен дағдыларға ие болуды көздейді. Кафедраның құрамында халықаралық сертификат алуға мүмкіндік беретін  ғаламдық брондау және резервтеу  ABACUS  жүйесін оқытатын мамандандырылған компьютерлдік сынып бар. Бүгінгі таңда мұндай оқу сыныбы Қазақстанда жалғыз болып табылады және өзге жоғарғы оқу орындарында аналогы жоқ. Оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері элективті курстарға еніп, үнемі жаңартылып отыруы жаңашылдықты қамтамасыз етеді. Жүзеге асырылатын ғылыми зерттеу жобаларына студенттер мен магистранттар қатыстырылады. Жұмыс нәтижелері ғылыми басылымдарда мақалалар түрінде көрініс табады. 

Студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлығы теориялық білім алу кезі мен кәсіби тәжірибе мен машықтану уақытында да қамтамасыз етіледі. 2011 жылы студенттер Еуропаның (Грекия, Испания, Франция, Италия, Монако) елдеріне саяхаттап, қонақжайлылық менеджменті бо­йынша семинарға қатысып, TerramarTour испандық туроператор жұмысымен танысты. Он студент жазғы тәжірибе мен машықтануды «Aldeman Knossos Royal» (Афины, Грекия), «King Saron» (Ирраклион, Грекия) отельдерінде өтті. 1-4 курстың 25 студенті жазғы машықтануын Сиде қаласындағы (Түркия) қонақүйлерде өтті. Екі магистрант Кипрдің жазғы мектептерінде машықтанса, он екісі – Яноша Кодолани атындағы (Секешфехервар, Венгрия) қолданбалы ғылымдар университеті базасында мектеп-тәжірибеге қатысты.

Кафедра мен факультеттің қоғамдық өміріне белсенді араласқаны үшін және озат оқуы үшін, кафедраның бес студенті Н.Ә.Назарбаев атындағы шәкіртақы, бір студент рекреациялық география және туризм кафедрасының Түлектер ассоциациясы шәкіртақысына, бес студент рекреациялық география және туризм кафедрасының негізін қалаушы, осы мамандықтың дамуына орасан зор үлес қосқан профессор С.Р. Ердәулетов атындағы шәкіртақы алады.

Кафедраның студенттері мен оқытушылары үшін жақын және алыс шет елдерден (Ресей, Түркия, Испания, Швейцария, Ұлыбритания және т.б.) серіктес жоғарғы оқу орындарының профессорларын, атақты ғалымдарын, туризм индустриясының тәжірибелі менеджерлерін шақыртумен үнемі кәсіби тренингтер, көшбасшылық дәрістер, мас­тер-класстар өткізіліп тұрады. 

Шұғыла Ғабитова,

 әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ-нің  4-курс студенті