ИНТЕРНЕТ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ИНТЕРНЕТ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ИНТЕРНЕТ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
ашық дереккөзі

Алматыдағы Қазақстан мемлекеттік эконо­микалық болжау институтында қарашаның 7-8-і күндері  (КИМЭП) «Үлкен интернет конференция – 2013» (BIF – 2013)  атты шара болып өтті. 

Шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен және шетелдерден  60 сарапшы-маман, 3 мыңдай адам қатысты. Оны ұйымдастырушылар Қазақстанның интернет қауымдастығы мен КИМЭП. «Жылдың басты тренді – электронды сауданың дамуы және қажетті заң жобасын жасау болып отыр. Құжатта онлайн жасалатын келіссөздерді заңдастыру мәселесі қаралады. Бүгінде, өкінішке қарай, Қазақстанның электронды үкіметі жасап отырған келіссөздер ғана заңдастырылып отыр.  Демек билік өз алаңын ғана заңдастырып алып отыр деген сөз.  Біз Интернетте жұмыс істейтін жобалардың салықты жеңілдікпен төлегенін қалаймыз. Интернет арқылы берілетін шот-фактуралар мойындалуы тиіс», – дейді Қазақстан интернет қауымдастығының президенті Шавкат Сабиров. 

Ұлттық «Зерде» инфокоммуникация холдингінің өкілі Арман Досқалиев соңғы жылдары интернет арқылы сатып алушылардың саны еселеп өткендігін айтады. Қазақстан бойынша, интернет дүкен мен онлайн қызмет көрсететіндердің саны 300-ден астам. Былтыр электронды коммерцияның нарығы шамамен 400 миллион долларға жетті. Бұл жалпы сауданың 0,7 пайызы. 2016 жылға қарай интернет сауданың деңгейі 3,6 миллиард долларға (жалпы сауданың 4 пайызы) өсіру көзделуде. 

«Түркістан-ақпарат»