РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КӨЗКӨРГЕН» АТТЫ СЫҚАҚШЫЛАР САЙЫСЫ

Құрметті әзілсүйер қауым! 

Қазақстан Жазушылар одағы сатира кеңесі, Қазақстан эстрада әртістері одағы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы облыстық әзіл-сықақ театрында 7 желтоқсан күні, сағат 11.00-де республикалық «Көзкөрген» атты сықақшылар сайысы өтеді.Ұлы тұлғаларды ұлықтау мақсатына арналған бұл байқау қазақ әдебиетінде тұңғыш сатиралық роман жазған сықақшы, драматург Садықбек  Адамбековке арналғалы отыр. Мақсаты – сатирик қаламгердің өнегелі өмірі мен тағылымды руханиятын насихаттау, кейінгі ұрпаққа келелі өнегесін үлгі ету.

Байқауға қатысушылардың  пародия немесе эпиграмма тектес достық рәуіште жазылған бір әзіл өлеңі міндетті түрде Садықбек Адамбековке арналуы тиіс. Екіншісі – ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлық тақырыбын қамтыса, үшіншісі – еркін тақырыпқа жазылған сықақ өлең.

Жеңімпаздарды белгілі қаламгерлерден құралған қазылар алқасы анықтайды.

Байқау қорытындылары бойынша берілетін жүлделер мен сыйлықтар көлемі төмендегідей:

Бас бәйге – 500 000 теңге.

1 орын  біреу – 300 000 теңге.

2 орын  біреу – 200 000 теңге.

3 орын  біреу – 150 000 теңге.

Ынталандыру сыйлықтары төртеу: 50 000 теңгеден.

Байқауға ұсынылатын жұмыстар «Сықақ­шылар сайысы: Көзкөрген» деген белгімен  мүмкіндігінше электронды пошта немесе хат арқылы қабылданады. Жалпы көлемі 3-7 бет, қаріп түрі Times New Roman, кеглі – 14.

Біздің мекен-жайымыз: 160000. Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 5-үй, 2-қабат. 

Анықтама телефоны: 8 (7017881311) электрондық пошта e-mail: oko_madeniet@mail.ru 

             

                                                                             

                                     

Back to top button