Жаңалықтар

"Барахолкаға" өрт әдейі қойылған ба?

ашық дереккөзі

"Барахолкаға" өрт әдейі қойылған ба?

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше күн бұрын Алматының “Барахолка” атанып кеткен қара базары өртке оранған еді. Алматы қаласының әкімшілігі бұл базарлардың бірінен кейін бірінің өртенуіне базар әкімшіліктерін кінәлап, дәнекерлеу жұмыстарын дұрыс жүргізбегеннен болды, деген мәліметтер таратқан болатын. Алайда бүгінгі мәлімет бұған мүлдем қарама-қарсы. “Барахолкаға” өрт әдейі қойылған” дегенге саяды. Өйткені, өрт себебін анықтаушылар өрт шыққан аумақтан шектен тыс көп жарылғыш заттарды тауып алғандығын паш еткен. 

Алматының әкімі Астанада Орталық коммуникациялар орталығында есеп беру барысында Алматыдағы ірі жабайы сауда орнының сүрілуіне Астанада отырған ықпалды тұлғалардың табанды қарсылық жасап отырғанын айтқан болатын. Әрі Алматы қалалық әкімшіліктің ресми үні болып отырған  “Алматы ақшамы” газеті бұл базарлардың көбі қызыл сызықта орналасқандығын және оларды сауда сату мүмкіндігінен айырмайтындығын жиі айтып, дабыл қаққан еді. Бүгінгі ақпараттың бет-бейнесінің мүлдем тонын айналдырып киюі кім-кімді де бейжай қалдырмай отыр. “Барахолка” – шын мәнісінде атқамінерлердің арасындағы текетірес обьектісі екендігі осыдан байқалады. Ең өкініштісі, екі түйе сүйкеніп, арасында шыбын өлгеннің кері болып тұрғандығы. Қарапайым халықтың зардап шеккендігі. Алайда кландардың арасындағы соғыстың бітетін түрі байқалмайды. 

Есен Байнұр.