УЧЕНЫЙ БАУЫРЖАН

УЧЕНЫЙ БАУЫРЖАН

УЧЕНЫЙ БАУЫРЖАН
ашық дереккөзі

Менің жеке пікірім: Мен ученыймын…

Өткенде бір кісі мені оқымысты емес деді. Оқымаған деді.

–Әй, сен оның оқығанын оқыдың ба, оқу деген іздену (поиск! деген
сөз. Оның жөні бөлек. Тыңдамасаң, кет, – деп өзім білетін сөздерді айттым.

Мен ғылым докторы да емеспін, бірақ та осы күнге дейін ізденемін,
ой жүгіртемін.

Дұрыс…оқымасаң, мен сені жек көремін. Мұны түсінбеген кісі адам
емес.

Ақымақтың көті ашылса ғана түсінеді, онсыз түсінбейді. Оған дейін
өзін гений санайды… Солар ауырып жатқанымда келіп есік ашты. 1-сі Сәбит
мұқанов, көңіл сұрауға келіпті.

– Әй,
Бауыржан, сені ел азаматы дейді, – дегенде-ақ:

– Түсінікті,
сіз менің көңілімді сұрағалы келдіңіз бе, әлде ермек керек пе? – дедім.

– Әй, көңіліңе
кеп қалды ма? – деді.

– Жалпы,
ақымақ жоқ, – дедім.

– Айтпайды
екен ғой. Бірақ не айтарып біліп отырмын. Сәбең аузы ашылса, көмейі көрінетін
кісі ғой…

Мақсаты: Б.Момышұлы Қонаевқа жақын, Ұлы жүз. Жақында мен 70-ке
келемін геройлық алып береді деп келген екен. Оны ол айтты да:

– Түрікменнің
Берді-ағасы, собалья – герой алды, мен сонан кеммін бе? – деді.

– Сәке,
кешіріңіз! Қатты қателесіппін – мен сізді бұлай деп ойламаушы едім. Біз
оңтүстіктенбіз, біздің тіліміз сартпен араласқан. Көңіліңізге келмесін. Сіз
геройлықты алмайсыз, берсе өкімет қателеседі, – деп едім.

– Ей, мұның
қалай? – деді.

– Алмайтын
себебіңіз бар. Өйткені сіз өзіңіз өз үстіңізге арыз жазған кісісіз. Орыста бір
мақал бар, ол есіңізде жоқ екен-ау: «То что пишешь пером, не отрубишь топором»
деген.

– Дәлел керегі
жоқ. Сіз арызқой адамсыз. Сізді біреуді мақтайды дегенді естісем, құлағым керең
болсын, – деп ем, ол таңғалып қалды. – Мен сіздің арыздарыңызды жатқа білемін,
– дедім.

Сәбең сұп-сұр болып кетті. Оның ойы – мені сату.

– Сіз мені
сата алмайсыз, мен геройлық бер деп Қонаевқа айттым.

– Я,
знаменитый международный полковник. Ол рас, бірақ та, неге гер.Сов.Союза
болмадым деп мен өкініп жүргенім жоқ. Менің атым әлемге шыққан, это никто не
может отрицать. Сол маған жетіп жатыр, құдайға шүкір, – дедім.

– Ал сізге
нысап жоқ алжыған шал екенсің ғой, – дедім. – Оған дәлелім бар. Анада ЦК
жиналысы болды. Сонда 16 томымды бас дейсің. Сәке, 10 том жетеді десе, жоқ, 16
болсын дейсің. Ол рас қой?

– Бұл бір
ағаттық көрінді, – дедім. – мысалы, мен оқырманмын. Ит пен құсты оқымасам, мен
Бауыржан болмаймын. Мен сіздің 16 томыңызды оқығанның бірі боламын, бірақ та
қорғасаң қорға, атсаң ат, не оқығаным есімде жоқ. Кешіріңіз, есімде жоқ, –
дедім.

– Ей, сен ит
екенсің ғой, – деді.

– Жасыңыз
үлкен, сондықтан тілім қысқа. Кім ит, кім шошқа екенін құдайдан сұраңыз, –
дедім. Бір нәрсе айтып келе жатыр еді.

– Сәке, мен
ауырып жатыр едім, үйіңізге қайтсаңызшы, – дедім.

Бауыржан Момышұлы