Байқоңырдан улы гептилді зымыран тасығыштар он жыл бойы ұшырылатын болды

Байқоңырдан улы гептилді зымыран тасығыштар он жыл бойы ұшырылатын болды

Байқоңырдан улы гептилді зымыран тасығыштар он жыл бойы ұшырылатын болды
ашық дереккөзі

Бұлай деуімізге
бүгін Астанада есеп беруге келген Ұлттық Қазғарыш агенттігі төрағасының
орынбасары Мейірбек Молдабековтің Президент жанындағы Орталық коммуникациялар
қызметінде журналистерге берген жауабы себеп.

–  Өйткені, – дейді шенеунік, Байқоңырдың
негізгі табыс көзі осы улы гептилді «ПротонМ» зымыран тасығышы. Негізгі қаржы коммерциялық
ұшырулардан, байланыс жер серігінен түседі. Бұл жер серіктері өте ауыр, оларды
тек «Протон» көмегімен ұшыру керек.

Ол 2018
жылға қарай Қазақстан «Зенит» ғарыштық-зымыран кешенін модернизациялап,
экологиялық тұрғыдан таза зымыран тасығышты ұшыруды жоспарлап отырғанын
жеткізді.  
– Алайда бұл «Протон» зымыран тасығышы 2018 жылы толығымен жабылады деген сөз
емес. Ол біртіндеп ұшуын азайта түсетін болады. Өйткені, «Зенит» те ұшуға
үйренуі тиіс. «Зенитті» ұшыру көбейген сайын, «Протонды» ұшыру азая түспек, – деді
ол.
Тағы бір мәселе ғарыштық  сала шенеунігі 2004
жылдан бергі Ресеймен жасалған келісім бойынша, «Протондарды» ұшыруды біртіндеп
азайту көзделген. Алайда Қазақстанның оны мүлдем ұшырмай тастауға дәті
жетпейді.
Сондай-ақ, 20 жыл бойы ұшады деп дайындалған қазақ ғарышкерлерін ұшыру
мәселесінің де белгісіз уақытқа шегерілгенін айтқан ол Ресей Федерациясының
Байқоңыр қаласына жыл сайын 40 миллион доллар төлейтіндігін жеткізді.

– Олар
Байқоңыр кешенін жалға алғаны үшін 115 миллиорн доллар төлейді, ал ғарыш
айлағындағы инфрақұрылымдардың обьектісін пайдаға беру және қаланы көркейту
үшін жылына тағы 100 миллион доллар төлейді, – деді ол.

Сондай-ақ, 2 шілдедегі «ПротонМ» зымыран тасығышынан
келген залалдың өтемақысына байланысты да екіұшты жауап қатты шенеунік. Оны да
Ресейдің құзырына берген сыңайлы. Әрі көкейімізде қалған тағы бір сауал –есеп беруге Қазғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевтың өзі неге
келмеді болды? Алайда бұл сауалға жауап болмады. 

Есен Байнұр