Қазақстан Қытайға мұнай тасымалдау жағынан 8-орында
Қазақстан Қытайға мұнай тасымалдау жағынан 8-орында
Бұл туралы Қытайдың WantChinaTimes басылымы мәлімдеп отыр.Онда «New energy silk road’ a milestone in western China’s development » – «Новый энергетический Шелковый путь» деген атпен мақала жарық көрген.
Онда: «Энергияны тасымалдаушы негізгі төрт жүйе бар. Бұл жүйе – Қытайды Орталық Азияның үш мемлекетімен байланыстырады. Олар – Түркіменстан, Өзбекстан және Қазақстан. Бұл елдерден тасымалданатын энергия Батыс Қытайдың, сонымен бірге Шыңжаң автономиялы районының дамуына ерекше серпін беруде» делінеді.
4 газ құбырының А және В құбыр өткізгіші Түркіменстан мен Өзбекстан шекараларынан Шыңжаң өлкесіне дейін 1833 шақырымға жетеді. Бұл құбырлардың жұмысы – 2009 және 2010 жылдары басталған. Осы екі құбырдың жылдық өткізгіш қуаты – 30 миллиард текше метр және Қытай ішіндегі «батыс-шығыс» құбырларымен қосылады.
Қытай тілінде жарық көретін NationalBusinessDaily басылымының жазуы бойынша қытайлық CNPC компаниясының директоры С құбырының құрылысы басталып та кеткендігін әрі Қазақстан мен Өзбекстаннан табиғи газды айдауды жыл соңында бастайтындығын айтады. D құбырының құрылысы да қолға алынған.
Қарашаның 15-мәліметке қарағанда, А және В құбырлары Қытайға 70 миллиард текшеметр табиғи газды тасымалдаған.
«Қазақстан мен Қытай арасында тартылған 2800 шақырымға созылатын құбырдың өткізу қуаты – жылына 20 миллион тоннаға жетеді. Бұл құбыр 2012 жылдың соңында 50 миллион тонна шикі мұнайды тасымалдап үлгерген. Сөйтіп Қазақстан Қытайға мұнай тасымалдау жағынан алғашқы сегіздіктің қатарынан табылып отыр» дейді мақтанышпен мақала авторы.
Сарапшылар Қытайдың Қазақстан экономикасына дендеп еніп келе жатқанын айтып дабыл қағуда. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, Қытайдың CNPC мұнай компаниясы Қазақстан мұнайының 30 пайызын бақылайды. Мұнай мен газды Қытайға тасымалдау жағынан алғашқы ондыққа енген Қазақстанды Қытай экспансиясы әзірге үрейлендірмейтін сынды.
Есен Байнұр.