Байсеркеде ашылған жаңа балабақша

Байсеркеде ашылған жаңа балабақша

Байсеркеде ашылған   жаңа балабақша
ашық дереккөзі

Алматы облысында биылғы жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында бірқатар нақты шаралар жүзеге асырылып келеді. Облыс әкімі Аңсар Мұсахановтың қолдауымен, аталмыш бағдарламаның негізінде 3 мың кәсіпкерге қолдау шаралары көрсетілген. Бұл мемлекеттік қолдау 9,4 млрд.теңгені құрап отыр. Олардың арасында 29 жоба бойынша 3,2 млрд.теңгеге сыртқы инфрақұрылым құрылысы қамтамасыз етілді. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру бойынша 9 мыңға жуық жұмыс орны сақталса, 2 мыңға жуық жаңадан жұмыс орны ашылды. 

Бағдарлама негізінде бір жыл ішінде 245 жобаға қолдау көрсетілді. Олардың арасында субсидиялауға 2,5 млрд. теңге бөлініп, 162 жобаны жүзеге асыруға тырысқан. 106,7 млн. теңгеге 5 жоба банк кепілдігін алса, жұмысын жаңадан бастаған жас кәсіпкерлер үшін 132 млн.теңге көлемінде 41 грант ұсынылды. Одан бөлек, үшінші және төртінші бағыттар бойынша да көптеген игілікті шаралар жүзеге асырылды.
Сондай-ақ, өңірдегі шағын және орта бизнесті дамыту бойынша, жаңа жекеменшік балабақша ашылды. Жаңа балабақшаның іргетасы Іле ауданында ашылып отыр. Бекзат Қасымбекова жекеменшік бала бақша ашу туралы ұсынысы бар екенін айтып, Іле ауданындағы Жұмыспен қамту орталығы мамандарына жеткізген екен. Көп ұзамай бизнес-жоспары қолдау тауып, кәсіпкер «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының қатысушысы атанды. Сөйтіп үш миллион теңге көлемінде мемлекеттік заем алуға кәсіпкердің қолы жетеді.
Сөйтіп, Бекзат Қасымбекова қаңырап бос қалған ғимаратты өз қажетіне жаратыпты. Қысқа мерзім ішінде әлгі ғимарат адам танымастай өзгерді. Толық қалпына келтіріліп, кішкентай бүлдіршіндерге қажетті барлық жағдай жасалды. Ойын залы, медициналық пункт, әкімшілік ғимараты, асхана сияқты бірнеше бөлім жаңғыртылған жаңа ғимаратқа еркін сыйып тұр.
Байсерке ауылының балаларына қуаныш сыйлаған «Ниет-Ай» балабақшасы 16 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жалпы Алматы облысында 663 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Олардың балаларды қамту деңгейі бүгінгі күнге 58,5 пайызды құрайды. Ағымдағы жылдың өзінде 12 балабақша салынып, 11 жекеменшік балабақша ашылған.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен толық қамту жұмысы мемлекет пен жекеменшік әріптестік байланысына негізделуде. Бұл орайда «Жұмыспен қамту жол картасы –2020» бағдарламасының шарапаты кәсіпкерлігін дамытқысы келген үлкендер үшін де емес, жаңа балабақшаға ие болған жас бүлдіршіндеріміз үшін де тиімді бағдарлама болып отыр.

Едіге БЕКТАС