СЫР БҰЛБҰЛДАРЫ САЙРАҒАН ТҮН АРЫСТАР

Ұланғайыр қазақ даласының әрбір ұлтарақтай жері қасиетті. Ұлтымызға ортақ, әрі ыстық Отан-анамызды болашақ ұрпаққа аманаттау үшін бастарын бәйгеге тіккен оғландарымыздың қаны төгілген мұнда. Оған дау жоқ. Әйтсе де ел басқарған көсемдер, билер, баһадүр батырлар, ақындар, болмаса ға-лымдар сияқты айтулы азаматтары басқа жерлерден гөрі көптеу шығатын ауыл-аймақтар жиі ұшырасып жатады. Қазақтың белгілі азаматтарының туып-өскен жері, біз тілге тиек еткелі отырған осындай қасиетті мекендердің бірі Жыныс – қарт Қаратаудың қойнауына орналасқан шағын ауыл. Ол қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында. Созақ тарихы – айтулы тарих, ауыр тарих. 1930 жылғы «Созақ көтерілісін» жасағандар да бостандықты аңсаған тарпаң мінезді алыптардың тұяқтары еді…

Бұл жер – ІХ ғасырда күңіренген Қорқыттың қобызын ХІХ ғасырда өнер шыңына айналдыра білген Ықылас Дүкенұлы, шертпе күйдің қаратаулық мектебін қалыптастырған Сүгір Әліұлы, соларды біздің заманымызға жеткізген кешегі Жаппас Қаламбаевтың мекені.
Жыныстың киелі топырағында туып-өскен Есен Дүйсенов дейтін азамат Алматы қалалық Атқару комитетін 15 жыл басқарып, алып шаһардың гүлденуіне шама-шарқынша күш жұмсап, зейнеткерлікке шыққаннан соң орнына К.Аухадиев келіпті. Тұңғыш ғарышкер Ю.А. Гагаринді партия қатарына алған, оған көкке самғарында «ақ жол» тілегендердің қатарында Ұлы Отан соғысына бастан аяқ қатысқан, 37 жасында полковник атағын алған, қазақ жерінен ашылған «Байқоңыр» ғарыш кешенінің алғаш партия ұйымын басқарған Қален Құсайынұлы Тоқмұқамедов те осы ауылдың борпылдақ шаңын кешіп өсіпті. Мұнда «Қазақ вальсінің» королі атанған Шәмшінің әкесі Қалдаяқтың ескі үйінің орны сақталған, күйші Сүгірдің мектебі бар. Алаштың ардақтысы Сұлтанбек Қожанов пен шертпе күй шебері, Сүгірдің шәкірті Төлеген Момбековтің туып-өскен ауылдары бір қырдың астында «менмұндалайды…»
Бұл құтты мекенде 8-9 ғасырларда Ысқақ бабтың соңына ерген мүриттерінің бірі бұлақ басынан құжыра тұрғызып, исламды насихаттай бастайды. Оның бүгінде есімі ұмытылған, бізге «Жыныс ата» деген лақап атпен жеткен. Бұл өлкеге 12-ғасырда Қарахан мемлекетінің ханзадасы орнығып, «Ясауиа» дін орденінің туын тікті. «Қарабура әулие» атанды. Қожа Ахмет Яссауи бабамыз бақилық болғанда жаназасын шығарды. Тым ертеде Алтайдан басталған ғұндардың ұлы көшінің сақталған сілемімен, әрі Қарабура әулиенің осында қалған сүйегін құрметтеген ұлағатты ұрпақтары 1446 жылдары ЕділЖайық бойында «Ормамбет хан өлгенде, Он сан ноғай бүлгенде» дейтін оқиғадан кейін Кіші жүздің Алшын атасы, болса да тамалар, жағалбайлылар әуелі Арқаға ауып, кейіннен Шу бойын қыстап жүріп, 1723 жылғы аласапыранда Әбілқайыр ханды күтіп алып, соның қосынының қатарын толықтырады. Атақты «Аңырақай» шайқасынан кейін олар қарт Қаратаудың Теріскейіндегі Арпаөзен аңғарынан бастап Күркіреуік өзеніне дейін, Келіншектау, Мың-жылқы тауларының етегін Сырдан қоныс аударған қоңырат ағайындармен бірлесіп жайлай бастайды. Мойынқұмның етегіндегі Қанжуғаннан бастап, Текейдің асуы, Ақсақ бақсы сияқты құм жалдарын иемдене отырып, Жуантөбе ауылынан Жамбыл облысы жеріндегі Шудың Ұланбелге дейінгі аралығын қыс қыстау етеді. Болса да одан әрман Арқаға асады. Түгіскен, «Тай атқан шұнаққа» дейін барады. Бұлардың арасынан Сеңгірбек, Жұма, Жарас сияқты батырлар шығып Әбілқайырға, Абылайға, Кенесарыға еріпті. Қоқан заманында бұл жерде Айгелді датқа деген болыпты. Кезінде осы ауылдың тізгінін ұстаған Тілеу деген би болыпты. Сол кездің дәстүрімен оның екі әйелі бар екен. Оның бәйбішесінен – Мәмбетқұл, Бәйім-бет, Кеңесбай, Қалымбет, Ахмет; екінші әйелінен – Ерімбет, Нұрымбет, Шерімбет, Омар дейтін ұлдары, Гүлжан, Гүлжәмилә атты қыздары болыпты.
Осы ұлдардың арасынан Бәйімбет дін жолын ұстап ғұлама болады, тіпті ерте 16 жасында Мекке-Мәдинеге сапар шегіп, қажылық міндетін өтеп, қайтып келген соң, Тәшкеннен шеберлер шақыртып, «Жыныс» аулынан өз қаржысына таңғажайып мешіт тұрғызады. Оның орны, қалдығы, өрнектелген бел ағаштары әлі сақталған. Біз төменде сөз еткелі отырған айтулы азамат-тардың бәрі аталған мешіт-медреседе тіл сындырады.
Осы Тілеу бидің үшінші баласы Кеңесбайдан туған Ісмет қазақ тілінің академигі атанды, ҰҒА-ның Тіл және әдебиет институтын ұзақ жылдар бойына басқарды. Оның қоластында ұлы қаламгер Мұхтар Омарханұлы Әуезов жұмыс істеген. 1961 жылы Оңтүстікке жасаған сапарында «Мұхаң өзінің жақын досы Ісмет Кеңесбаевтың «Октябрь» бөлімшесінде туып-өскен ауылына соқты» деп жазылған. (Әділбай Омаров. «Асыл арман», 1959 жылдың 24 қыркүйегіндегі мақаладан. Ол уақта бұл «Сызған» совхозына қарайтын).
Осы Тілеу бидің екінші әйелінен туған Ерімбет кезінде болыс болып, ел билепті. Ол Балдысудағы Ахмет болыстың қызы Күнәһар деген сұлуды жар етіп, одан 15 перзент сүйеді. Сол Күнаһар апамыздан Ескендір Ерімбетов туады. Ол Ташкентте заң университетін бітіріп, қазақ еліндегі заң-зәкөннің алғашқы білгірлерінің біріне айналады. Сәбит Мұқановқа «Адасқандар» («Мөлдір махаббат») атты роман жазуға мұрындық болады. Оның жазылу тарихы ұзақ, дегенмен де Сәбеңнің «Таңдамалы шығармаларының» 11-томы, «Өмір мекте-бі» романының 293-296-беттерінен мынаны оқимыз: «1928 жыл, апрель айының аяғы, Қызылорда қаласы. Сот мәжілісі апрельдің 29 күні Қызылордадағы кинотеатрдың залында ашық түрде басталды. Председателі – Ескендір Ерімбетов, мүшелері – Исхақ Байжанов, Бәтима Мұсағалиева, хатшысы Әубәкіров, прокурор – Сұлтан Жантуаров, айыпкерді қорғаушы адвокат – Дебагон, қоғамдық айыптаушы – мен».
Мұндағы «председатель Ерімбетов» жазушыға осы сотқа қатысуына толық жағдай жасайды. Қолына (Бәтиманың) Бәтестің, Сұлтанбек Әбеуовтің (Бүркіт), өлген Мұстафа Көшеновтің (Мүсәпір) бір романға жүк болатын күнделігін, хаттарын, тергеу хаттамаларын түгел береді.
Ескендір Ерімбетов 1932 жылдың шілдесінен 1933 жылдың қазан айына дейін Москвадағы сот және прокуратура ісі бойынша басшы қызметкерлер даярлайтын жоғарғы курсты тамамдайды. Кезінде Жоғарғы сот төрағасы, кейінірек республиканың бас прокуроры болған оның одан әрман шарықтауға шыққан тегі жібермейді. 1937 жылғы аласапыраннан заңды жетік білгендіктен әзер аман қалады. Москва, Ташкент қалаларын сағалап жүргенде ақыры ұсталып, 3 жылын түрмеде өткізеді, кейіннен соғыс басталып, өз еркімен майданға аттанады. Одан аман оралып, жан бағатын жұмыстар істей жүріп, 1952 жылы жүрек талмасынан қайтыс болады. Көз жұмардың алдында мынадай өлең жазыпты. Соның екі шумағында:
«Менің де таянып тұр өлер шағым,
Ойланушы ем басымда барда бағым…»-
делінген.
2008 жылы «Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары мен оқытушылары» атты 734 беттен тұратын энциклопедияның 9-бетінде қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған, осы тұңғыш ашылған жоғарғы оқу орнына тікелей қатысы бар үш азаматтың суреті қаз-қатар берілген. Онда «Т. Жүргенов (1887-1937) көрнекті партия және мемлекет қайраткері, КазПИ-дің ашылуы мен қалыптасуына көп еңбек сіңірді; О.К. Жандосов (1889-1939) КазПи-ді құру жөніндегі ұйымдастыру комиссиясының төрағасы және КазМПИ-дің 1935-1937жж. ректоры Шахислам Бекжанов» деп көрсетілген.
Кітаптағы «Шахислам» делінген есімнің дұрысы – «Шайхислам». Есімін кітап ашып қойғандықтан ол түпнұсқада «Шейх-Ислам» деп оқылады, айтылады, құран хатым түсіріледі. Біз бұны оған берілген төлқұжаттан таптық. Мұнда ол Шайхислам деп көрсетілумен қатар, 16 ноябрь 1903 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында туылған деп көрсетілген. Құ-жаттың номері: АЕ №646892.
Шайхислам Бекжанов өмірбаянын тарқатып көрейік. Ол әуелі ауылдағы медреседен қара таниды, кейіннен Түркістандағы орыс-түзем мектебінде оқуын жалғастырады. Одан әрі үш жылдай училищеде білім алады. Ташкентке асып, мұғалімдер семинариясын тауысады. Кейіннен Түркістанға, Қызылордаға оралып оқу-ағарту саласында қызмет ете бастайды. 1931 жылы Қостанайда ашылған мұғалімдер институтының директо-ры, кейіннен 1932 жылы Оралда ашылған жоғарғы оқу орнының басшысы бола жүріп, 1933 жылы Наркомпросстың Мектептер бөлімінің бастығы болып тағайындалады. (Ол кезде бұл мекеменің қанаты кеңге жа­йылып, оған мәдениет, денсаулық сияқты көптеген салалар қарайтын болған). С.Асфен-дияровтың медицина саласына ауысуына байланысты 1935 жылдан бастап, КазПИ-дің тізгінін өз қолына алады. Осы ордалы оқу орнына бұған дейін әрқилы пікірлер қайшылығында болған, феодал, байдың тұқымы, аға сұлтан Құнанбайдың баласы, өзі де болыс болған деп қақпақылға түскен ақын Абайдың атын жиналыстан-жиналыс талқылай отырып, оң шешімін тауып, ұжымның ұсынысын ұйымдастырып, инстиутқа алып береді. 37-нің қара бұлты үйірілгенде ата-тегі ел билеушілердің қатарында болып, сондай-ақ «Сұлтанбек Қожанов, Темірбек Жүргенов, Санжар Асфендияров, Құдайберген Жұбанов, Сәкен Сейфуллин, Смағұл Садуақасов, Ибрагимов, Тәштитов, Сукин, Көлбаев, Тоғанбаев, Асанов сияқты «Кеңес үкіметін құлатпақ» болғандармен тығыз байланысты болды» деген айыппен ұсталып, ату жазасына кесіледі. 1961 жылы 20 қаңтарда КСРО Жоғарғы Сотының Шешімімен біржолата ақталады.
Шайхислам Бекжановтың есімін энциклопедиялардан таба алмайсыз. Дереккөздер де жоқтың қасында. Бір де бір жоғарғы оқу орнына, мектептерге, көшеге аты берілмеген. Керек десеңіз, туған жерінде де ештеңе жоқ, бүгінгі жастар ондай адамның болғанын мүлдем білмейді. Оның артында аман қал-ған ұрпақтары – Арыстан және Кеңес болатын. Олар «халық жауының» балалары болғандықтан қанатын кеңге жая алмаған болулары керек. Кеңес ағай 1961-66 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы 12-мектеп-интернатта ұстаздық етті.
Ал енді Бекжанов Шайхислам туралы айтқанда іздеген жетер мұратқа дегендей, там-тұмдап болса да қолымызға архив материалдары іліккеніне шүкіршілік етеміз. Онда мынадай деректер бар болып шықты.

БЕКЖАНОВ ШАЙХИСЛАМ

Сталиндік тізім

Қазақ ССР-і
1-дәрежелі
Алматы облысы
1. АЗЕРБАЕВ Мордан Нагмедович
2. АЗНАМЕТОВ Абдулла
3. АЙБАСОВ Бирмухамед
4. АЙНАНОВ Сағымбай
5. АЛИЕВ Усман
6. АТАЯНЦ Леон Михайлович
7. АУБАКИРОВ Фидахмет
8. АХМЕДЖАНОВ Сұлтан Сафич
9. БАБАЕВ Юсуп
10. БАЙМАХАНОВ Сәдуақас
11. БАУЛИН Николай Михайлович
12. БЕКЖАНОВ Шайхислам
13. БЕРДЕНОВ Тайжан және басқалар.
АП РФ, тіркеу.24, іс қағазы 414, беті- 287
БЕКЖАНОВ Шайхислам
03.02.38 Қазақ ССР-і, Алматы облысы. 1-дәрежелі. Бекжанов Шайхислам.
Оңтүстік Қазақстан облысында Созақ ауданы 5-ауылда туылды. Қазақ, білімі жоғары, гуманитарлық. Қазақ педагогикалық институттың ректоры. Алматы облысы Алматы қаласында тұрған.Қазақ ССР УГБ НКВД 1937 жылдың 6 қазанында тұтқындалған.
УК РСФСР 658-10, 58-11 баптарымен айыпталып, Қазақ ССР-інің 1938 жылы 27 ақпанында Жоғарғы сотының Коллегиясының қарауымен жазаға тартылған.
Шешім. 16 наурыз ВМН 1961 жылы КСРО Жоғарғы сотының Әскери Коллегия­сы қылмыстық құрамның болмағандығына сәйкес ақталды.
Негіз: Алматы қаласы бойынша ҚР ДКНБ мәліметі.
Шайхислам Бекжановпен бірге көп ұзамай аталас ағайыны Ибадулла Ақбергенов те Қаз МУ-де кафедра меңгерушісі боп жүргенде ұсталып, атылады.

ИБАДУЛЛА АҚБЕРГЕНОВ

Ол 1907 жылы дүниеге келген. Сол кездің өзінде-ақ қынабынан суырылған алмас іспетті оза шығып, тұңғыш рет Ленинградта Бубнов атындағы университетте 1935 жылы итальян, орыс тілдерінде «Фредгольмның екінші текті интегралдық теңдеуінің жуық шешуі және оның меншікті мәнін анықтау» (қазақша қысқартылған түрі «Интегральдық теңдеулерді жуықтап шешу тәсілдері») деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын сәтімен қорғап, оны 1936 жылы Мәскеуде ВАК бекітеді. 23 жасында «физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент» деген атақ берілген тұғыш қазақ осы – Ибадулла Ақбергенов еді. Ол Ташкенде Орта Азия Мемлекеттік университетінде сабақ береді де, келесі жылы ҚазМУ-ге шақыртылады, физика-математика факультетінің кафедра меңге-рушісі бола жүріп, 37-нің құрығына ілініп, Шонановамен бірге ату жазасына кесіледі.
Математикалық талдау кафедрасы 1936 жылы құрылған, ол – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі (1934) ең алғашқы кафедралардың бірі. Кафедраның негізін қалаушы Ленинградтан шақырылған Ибадулла Ақ-бергенов (1936) – физика-математика ғылымдарының кандидаттығы ғылыми дәрежесіне қол жеткізген тұңғыш қазақ баласы. Ол математиканың функционалдық анализ және есептеу математикасы секілді осы заманғы бөлімдерінде өзіндік өрнек қалдыру бақытын еншілеген азғантай ғана ұлы ғалымдар санатындағы кісі, ғылыми жетекшісі Нобель сыйлығын қанжығасына байлаған ұлағатты ұстаз Л.В. Канторовичтің ғылымда ойып алар орны бар ізбасары.
Бір ескеретін жайт, қыршын кеткен қазақ баласының ғылыми еңбегін одан әрі дамытқан ғалымдар – жетекшісі Л.В. Канторович пен В.И. Крыловтар кейіннен Нобель сыйлығының лауреаттары атанғанда «Жоғарғы анализдің жуықталған тәсілдері» деген кітаптың 121-бетіне өздері былай деп жарқыратып тұрып жазады:
«Интегралдық теңдеулерді жуықтап шешудің жолдарын табуда барынша жетілдірілген ең оңтайлы әдістерді қолданған И.А. АҚБЕРГЕНОВ болды». Өзі өлсе де «өшірілмей» қалған, «өшіруге келмеген» «ҚазМУ-дың механика-математика факультетінің тарихындағы» мына төмендегі жолдарға назар аударайық.
«1935 жылдың ортасынан бастап ҚазМУ-ға жас ғалым мамандар келе бастады. Физика-математика саласы бойынша алғашқы маман, доцент И.А. Ақбергеновпен еңбек шарты жасалды. Ол ҚазАССР Халық Ағарту комитетінің өтініші бойынша 1936 жылдың шілдесінде Ташкент қаласынан, Орта Азия мемлекеттік университетінен (САГУ) ауысып келді. Ол математика кафедрасының доценті болып қабылданды. Осылайша физика және теориялық механика факультеті ұжымының ғылыми құрамы тағы бір ғылыми дәрежесі бар жаңа ғалыммен толықты.
И.А. Ақбергенов – математик, қазақтар арасынан шыққан тұңғыш физика-математика ғылымдарының кандидаты. Ол 1931 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін тауысып, 1932 жылы осы университеттің аспирантурасына түседі. Одан соң 1934 жылдың қыркүйегінен Ленинград мемлекеттік университетіне осы оқуға байланысты бір жылға іссапарға жіберіледі. Онда профессор Л.В. Канторовичтің басшылығымен (кейіннен КСРО Ғылыми Академиясының академигі, Нобель сыйлығының иегері) 1935 жылы кандидаттық диссертациясын өте сәтті қорғап шығады. Оның «Фредгольмның екінші текті интегралдық теңдеуінің жуық шешуі және оның меншікті мәнін анықтау» деген ғылыми еңбегі «Математикалық жинаққа» басылып шығып, онда Ресейдің белгілі ғалымдары математика ғылымының озық жетістіктерін қолдана отырып қорғаған Ақбергеновтің еңбегін өте жоғары деңгейде болғаны туралы ерекше атап көрсетеді.
1936-37 жылдары ол ҚазМУ-дың математика кафедрасын басқара жүріп, математика саласы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру мен оқытушылардың біліктілігін арттыру бойынша қыруар жұмыстар атқарады. Ол басты, негізгі, жетекші ғалым ретінде жалпы математикалық курстарды, оның ішіндегі жекеленген арнайы салаларынан лекциялар оқиды.
И.А. Ақбергеновтың айтарлықтай ұйымдастыру жұмыстарының ең бас­тысы – ол Мәскеу, Ленинград, Ташкет қалаларының өте белгілі, білікті оқымысты ғалым-математиктерін Алматының жоғары оқу орындары мен ҚазМУ-ға тарта білді, оларды арнайы шақыртып алдырды. Сондай ғалымдардың бірі Ленинградтық белгілі математик, профессор И.П. Натансонның Алматыдағы университетте ұзақ жылдар тұрақтып, қызмет ету келісімін алады.
Кафедра жұмысын ұйымдастырып, жолға қоюда қысқа мерзімде айтарлықтай еңбек сіңірген, керемет ұйымдастырушы, әрі болашағы зор, жас математик, алғашқы доцент И.А. Ақбергенов 1938 жылдың наурызында тұтқындалды».
Жоғарыдағы тап осы «ҚазМУ-дың механика-математика факультетінің тарихы» И.А. Ақбергеновті қимағандай, екінші рет қайта оралады (басқа ешбір ғалымды бұлай екі рет бермеген).
«Қызметтік бірліктегі алғашқы тұрақ­ты қызметкер – физика-математика ғылымда­рының кандидаты И.А. Ақбергенов бірқатар белді математикалық пәндерді жүргізді. Кеңестер Одағының ғылыми орталықтары мен жоғары оқу орындарындағы белгілі ғалым-оқымыстыларды Қазақстанға тарту, шақырту мәселесі бойынша оны жер-жерге іссапарға жіберді. Нәтижесінде ол физика-математика ғылымдарының доценті И.П. Натансонның келісімін ала білді.
ҚазМУ-дағы қысқа мерзімде жұмыс істеген кездерінде, ондағы ұйымдас-тырушылық және педагогикалық жұмыстар И.А. Ақбергеновке аспирантурадағы, 1934, 1935, 1937 жылдардағы дүр сілкіндірген ғылыми еңбектерін одан ары жалғастырып-жандандыруға, шығармашылық аса талантты мол мүмкіндігін пайдалануға мүлдем мүмкіндік бермеді. Әсіресе оның «Фредгольмның екінші текті интегралдық теңдеуінің жуық шешуі және оның меншікті мәнін анықтау» (Математикалық жинақ, т.42, 1935, 6-шығарылым, 679-697-б.) еңбегінің маңызы өте зор болды. Бұл жұмыс жоғары теориялық деңгейде жаңа математикалық аппаратты (сол кездегі) қолданғанымен аса құнды болды. Жасыратыны жоқ, И.А. Ақбергенов профессор И.П.Натансонның келуімен байланысты кафедраның күнделікті жұмыстарынан біржола босанып, ғылыми жұмысын жалғастыруды ойлап, мақсат етіп еді.
Өкінішке орай, оның кафедрадағы қызметі ойламаған жерден тоқтатылды, ол 1938 жылдың наурызында тұтқындалды».

ДОЦЕНТТЕРДІҢ РЕПРЕССИЯ­ЛАНУЫ ЖАЙЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

Төменде қуғындауға ұшыраған жоғары оқу орындарының оқымыстылары мен оқытушылары – 224 доценттің анықтамалық мәліметтері беріледі. Мәліметтер жазба-естелік кітаптарынан теріліп алынған. Ескертіп кететін жайт, «Мемориал» деп аталатын естелік-кітапта қазіргі кезге дейін 1,3 миллион адамның жаза карточкасынан алынған мәліметтер бар (Кеңес дәуірінде барлығы 2,7 миллион адам саяси қылмыскер ретінде тіркелген). Сондықтан бұлардың бәрінің мәліметтерін жинақтай түскенде, тағы да бірнеше кітап болары сөзсіз. Олар бірнеше рет тұтқындалып, бірнеше рет тергеуге шақырылған, соңыра дені Мәскеуде ату жазасымен аяқталып отырған.
Соның ішінде 11 доценттің есімі әр аймақтың кітапшаларына жазылып қалдырылған. Соның бірі төмендегі мәлімет.
Ақбергенов Ибадулла .
Туылған жері: 1907 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Созақта туылған; білімі – жоғары техникалық, ҚазМУ-дың математик-доценті.
Тұрған жері: Алматы облысы, Алматы қаласы.
Тұтқындалды: Алматы облысы УНКВД-сымен 1938 жылы 14 наурызда.
Жазаға кесілді: КСРО ВК ВС 1938 жылдың 11-қарашасы, айыптау ст.: 58-2, 58-8, 58-11 УК РСФСР. және ВМН 29 тамыз 1957 ж. КСРО ВК ВС қымыстық құрам болмағандықтан ақталды.
Дерек көзі: ДКНБ РК Алматы қаласы бойынша.
«Жақсылық жақсымен жалғасады» дегендей, Ибадулла Ақбергенов туралы тарих ғылымдарының докторы, бүкіл ғұмырын Қазақтың Мемлекеттік Ұлттық университетіне арнаған Әбу Тәкенов «Нау­ка Казахстана» журналында жарқыратып тұрып жазды да. Сондай-ақ сол кезгі Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Жоғарғы математика кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының кандидаты Балтабек Қанғожин, физика-мате-матика ғылымдарының кандидаты Нұрлан Иманбаевпен бірлесе отырып «Қазақстан мұғалімі» газетіне (24 маусым, 1998 жыл) «Жалындап жанған бір ғұмыр» деген атпен мақала бастырды. Шолпан Канди дейтін қарындасымыз Ибадулла Ақбергеновтің Ленинград қаласында белгілі қаламгер, «Ақ Жайық» романының авторы Хамза Есенжановпен бірге аспирантурада бірге оқып жүрген кезінде түскен суретін «Жас Алаш» газетінде жариялады. (2002 жыл, 2-сәуір, №39).
И.Ақбергенов кезінде итальян математигі Ф.Трикомиді сынға алып, сол тілде оған сілтемелер жасады. Керек болған кезінде француз тілінде математикалық мақалаларын бірінен кейін бірін жазды. Созақ сахарасынан шығып, қазақтың туын көтеріп, 1933 жылы дәл 25 жасында Бүкілодақтық математиктер сьезінде үлкен мінберден сөз алды, баяндама жасады. Таңғажайып таланттың арқасында бүткіл түрік тілін аса жетік меңгерген мұндай ұлы дарын, сөз жоқ, ендігі жерде алтын басы аман болғанда, біз әлі күнге дейін армандаумен қол жеткізе алмай жүрген Нобель сыйлығын иеленген Л.В. Канторович, В.И. Крыловтармен бірге аты аталып, түсі түстеліп қатар тұрған да болар еді-ау! Оның еңбектерін 1935 жылдың өзінде-ақ 1866 жылдан бері тұрақты түрде шығып, әлем халықтарына таралып келе жатқан «Математикалық жинақтың» 42-томына кіргенін біреу білсе, біреу білмейді. Оның осы ұлы еңбегі кейіннен компьютерлік программасын жобалаудың бастапқы табалдырығы болғанын математиктер қауымдастығы түгел мойындайды. Негізінен Нобельдің қалдырған өсиеті бойынша математика саласына бұл сыйлық берілмейді. Оны физикамен біріктіре отырып ең алғаш зерттеген біздің ұлы жерлесіміз Ибадулла Ақбергенов еді. Осыны тілге үнемі тиек еткендіктен ғана, Л.В. Конторович пен В.И. Крыловқа Нобель сыйлығы бұйырған болатын. Олар И.Ақбергеновтің еңбегін әрі жалғастырып, дамытқанын «Интегралдық теңдеулерді жуықтап шешудің жолдарын табуда барынша жетілдірілген ең оңтайлы әдістерді қолданған И.Ақбергенов болды», – деп мойындайды.
Иә, қандай өкініш десеңізші, онымен қаз қатар құлаш сермеген, әлемдік математика тарихына енген еңбегінің жауапты редакторы болған, болса да өз зерттеулерінде сәтімен пайдалана білген, 1948 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығын алған, Алматы қаласында 1906 жылы дүниеге келген Всеволод Иванович Романовский Өзбек ССР-інің кейіннен академигі болды. Қазіргі таңда Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының математика институты сол кісінің атында.

Сондай-ақ Ибадулла Ақбергеновпен ғылым майданында бірге болған, интегральдық теңдеулерді бірге шешіскен Крылов Владимир Иванович 1956 жылдары Беларусь ССР-і Ғылым Академиясының академигі, 1968 жылдан Беларусь ССР-інің еңбегі сіңген қайраткері, 1978 жылы Мемлекеттік сыйлық-тың иегері атанады. Болса да Нобель сыйлығын алды. Ал біз математика ғылымының нағыз мұзбалағы – ұлы перзентімізді енді-енді ғана іздестіре бастадық… Біздің білуімізше, тап осылар секілді қайталанбас біртуар айтулы ұлдар ұлықтаудың орнына көбіне «қағажу» көретін екі түрлі себебі бар сияқты. Оның біріншісі – іздеушісінің болмауы, екіншісі – осының салдарынан атаусыз қалып, елге сіңген еңбегінің бірте-бірте ұмыт болуы. Сол себепті де барды асырмай, жоқты жасырмай мұндай азаматтарды көздері жұмылған соң, мүлде ұмыт болып кетпейтіндей етіп болашақ ұрпаққа мәңгі аманаттап кету – көкірегі ояу, көзі ашық әрбір зиялының қасиетті парызы деп білеміз.

Жарылқасын Боранбай

Редакция таңдауы

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта...

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...
c2f926ec c17a 4098 bb24 58afc3c9626b

Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшылар құтқарылды

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Oблыстық ТЖД баспасөз...
dce7adb4 e3fa 4964 a0ec d58c81a51504

Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады – министр

Бүгін Парламент Сенатында депутаттар білім саласына қатысты бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын...
db425f66 7a49 4fa8 b45a 072d1940c512

Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан...

Жаңалықтар

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта...

Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшылар құтқарылды

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Oблыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 ақпан күні Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС...

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Ақынның мақсаты – әлдекіммен қылыштасу емес, ақиқатқа көз жеткізу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Túrkistan басы­лымы арқылы қазақ қыздарына өз ақыл-кеңесімді айтқым келеді. Басылымдарыңызды замандастарыммен қатар оқитын жас қыз-келіншектер пайдалысын көңіліне тоқып,...

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін...

Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады – министр

Бүгін Парламент Сенатында депутаттар білім саласына қатысты бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы құжатта...

Қазынаның шығыны көп, кірісі аз

2020 жыл әлем экономикасы үшін сынақ жылы болды. Көрсеткіштердің бәрі кері кетті. Алыс-беріс азайып, барыс-келістің тоқтауы көп елдің қазынасын ортайтып, қарызын еселеді. Пандемия  Қазақстан...

Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, – деп жазды Hindustan Times газеті. Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияға...

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды. «Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы...

Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге...

Австралияда «жұмбақ рейстерге» билет сатыла бастады

Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді...

Шетелден 500 млн доллардан астам қаржыға сатып алған малдың пайдасы болды ма?

Қазақстан соңғы жылдары шетелден 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алған. Оған барлығы 500 миллионнан астам доллор жұмсалған. Бірақ сатып алып келген малдан...

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Азиат пішіндес жас жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау департаменті хабарлады.  Жасы шамамен...

Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды

Павлодар қаласының тұрғыны Александр Жұмабаевқа терезеден құлаған баланы құтқарғаны үшін миллион теңге берілді. Ер адам биіктен құлап кеткен қызды қағып алуға үлгермей қалды, алайда...

Туысының үйінен соғым етін ұрлаған жамбылдық бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Соғым етін ұрлаған жамбылдық тұрғын бас бостандығынан айрылуы мүмкін,  деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 1 наурызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көгершін ауылының тұрғыны xабарласып, үйінің...

Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды

Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған. «2020 жылғы қыркүйек...

Apple саңылаусыз iPhone шығарады

Apple физикалық порттарсыз жұмыс істейтін смартфон өндірісін қолға алды. Бұл туралы Appleosophy басылымы хабарлады. Дереккөздердің хабарлауынша, америкалық компанияның инженерлері iPhone-ды компьютермен синхрондаудың жаңа әдістерін жасауда....

Алматыда «Рахат» базарының 300-ге жуық саудагері наразылыққа шықты

Алматыда "Рахат" базарының 300-ге жуық саудагері өздері жан бағып отырған сауда орнының жабылуына қарсылық білдіріп, наразылыққа шықты. Айтуларынша, орнына жиһаз фабрикасын салуға рұқсат беріпті,...

Жұмыс істеуге ең қолайлы мемлекет анықталды

Әлемдегі еңбек мигранттарының ширек бөлігіне жуығы жұмыс істеу үшін Канадаға қоныс аударуды құп көреді екен. Бұл туралы BCG және The Network-тің бірлескен зерттеуінде айтылған,...

Ақмола облысының күре жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының күре жолдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.  4 наурыз күні сағат 07.00-де Ақмола облысында ауа райының нашарлауы (жел,...

Коронавирусты «мәңгілікке» жұқтырған алғашқы науқастар тіркелді

Америкалық дәрігерлер коронавирусты "мәңгілікке" жұқтырудың алғашқы жағдайларын анықтады, деп хабарлайды medRxiv.  Оңтүстік Калифорния университетінің мамандары вирустың іздері алты ай бойы ақ қан ауруымен ауыратын бірнеше...

4 наурыз: атаулы күндер, есте қалар оқиғалар

4 наурыз Тәуелсіз Қазақстан тарихында қандай оқиғалармен есте қалды? Еске түсіріп көрейік... 1993 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңы күшіне енді. 1997 жылы ҚР...

WhatsApp арқылы 20-ға жуық адамға 70 млн теңгеден астам залал келтірген әйел ұсталды

Ақмола полицейлері интернет-ресурстардың көмегімен пирамида ұйымдастырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 65 жастағы тұрғынынан...

Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклонының өтуімен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде...

28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі. Мереке қарсаңында көпбалалы аналар 5 АЕК (14...

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Ұлттық экономика министрі 2024 жылға дейін темекі бағасын кезең-кезеңмен көтеру жоспарын жариялады. Мәжілісте ЕАЭО-ға мүше елдердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы...

Моңғолия 1 мамырдан бастап шекарасын ашады

Бүгін Моңғолияның министрлер кабинеті 1 мамырдан бастап шекараны ашу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты. Мемлекеттік төтенше комиссия басшысы С.Амарсайханның айтуынша, премьер Л.Оюун-Эрдэнэ өткен...

Этнограф Болат Бопайұлы «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Бүгін «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлының салт-дәстүрі туралы 10 кітабының таныстырылымы өтті. Салтанатты жиынға жазушы, түрколог-ғалым Тұрсынхан Зәкенұлы,...

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді. «Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен...

Әзірбайжан Арменияның қанша азаматын тұтқында ұстап отырғаны белгілі болды

Арменияның диаспора істері жөніндегі бас комиссары Заре Синанян РИА Новостиге берген сұхбатында Әзірбайжанның өз аумағында жүзден астам армян азаматын әлі де тұтқында ұстап отырғанын...

Биыл 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру...

Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында...

Курьер жігіт 12-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды (видео)

Курьер болып жұмыс істейтін вьетнамдық жігіт 12-қабаттан құлаған бүлдіршінді қағып алды, деп хабарлайды Daily Mail.  Нгуен Нгок Ман 12-қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бүлдіршіннің...

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті мерейтойымен құттықтады

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.  Құттықтауда КСРО Тұңғыш президентінің...

Саша Барон Коэн Қазақстанға келуге ниетті

Сценарист және актер Саша Барон Коэн өзінің ойдан шығарылған кейіпкері — Бораттың отаны Қазақстанға келуге дайын екенін мойындады. Бұл туралы ол "Известия" басылымына берген...

Бішкекте «Астана» халықаралық қаржы орталығының филиалы ашылуы мүмкін

Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшылары...

Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қырғызстан...

Жомарт Ертаев тағы да 9 жылға сотталды

Алматыда «Bank RBK», «Qazaq Banki» және «Eurasian Bank» банктерінен 188 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. ҚазАқпараттың хабарлауынша, айыптылардың қатарында экс-банкир...

Кардиолог инфаркт алу қаупін азайтатын үш жаттығуды атады

Кардиолог және жүрек-тамыр хирургі Владимир Хорошев инфаркт қаупін азайту үшін үш жаттығуды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Маман бірінші кезекте көбірек жаяу жүруге кеңес берді:...

Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті

Алматы облысында мас көлік жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақаттарын алған үш бала ауруханаға жатқызылды. «Оқиға 2 наурызда сағат 18:40-та Еңбекшіқазақ ауданында болған....

Илон Маск өз қаласын салуға кірісті

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Техаста жаңа қала құрылысын қолға алды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. "Мен Техаста...

Айға саяхат: жапон кәсіпкері бұл сапарға 8 адамды таңдап алмақ

Жапон кәсіпкері Юсаку Маэдзава сәрсенбі күні «өзін әртіс деп есептейтін» қоғамның 8 өкілін 2023 жылы Ай орбитасына алып кететінін мәлімдеді. Бұл – SpaceX фирмасы...

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, Қабанбай батыр көшесінің оңтүстік бөлігі мен Байсейітова көшесінің шығыс жағында Роза Бағланованың құрметіне ескерткіш орнатылады. «12 наурызға дейін Роза...

COVID-19: елімізде ПТР тест бағасы арзандап жатыр

Қазақстанның клиникалық-диагностикалық зертханаларымен жасалған монополияға қарсы іс-шаратшеңберінде КВИ ПТР бағасы арзандап жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2021 жылғы 1 наурызда КДЗ ОЛИМП COVID-19...

Семейде жер үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 наурыз сағат 05:00 шамасында Белибаев көшесіндегі жеке тұрғын үй отқа оранған. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер...

Нұр-Сұлтанда қашықтан оқыған оқушылар коронавирусты көбірек жұқтырған

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда мектептеріндегі коронавирус статистикасы туралы айтты. «2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, оқу жылының басынан бері мектеп...

3 наурыз: атаулы күндер мен тарихи оқиғалар

2018 жылы 3 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуының 26 жылдығы аясында БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстанның Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қол қою...

Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты

Екібастұзда жолаушылар вагонының темірден өзге бөлшектерінің барлығы жанып кетті. Әзірге өрт салдарынан келген шығынның мөлшері белгісіз. «2 наурыз күні сағат 13:04-те нөмірі 2-ші мамандандырылған өртке...

Өткен тәулікте елімізде 717 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 717 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақ бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 105, Шымкент қаласы - 12,...

Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Былтыр мал ұрлаған азамат осы күнге дейін жасырынып жүрген. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті «Мал ұрысы»...

«Алматы жастарына» 10 наурыздан бастап өтінім қабылданады

Оңтүстік шаһардағы жастардың тұрғын үй проблемасын шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады. Бұл туралы «Отбасы банкі» әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. «Алматы...

3 наурызға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

Қазгидромет 3 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болып, қар мен жаңбыр жауып, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын,...

Ресейдегі Әлихан Бөкейханов зиратына гүл шоқтары қойылды

 1 наурызда еліміз Алғыс айту күнін атап өтті. Мереке идеясы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі және Қазақстанда тұратын барлық этностар бір-біріне және...

Әлемдегі барлық миллиардерлердің саны анықталды

Hurun Research Institute зерттеуіне сүйенсек, әлемдегі миллиардерлердің саны 3228-ге жеткен. Зерттеушілердің сөзінше, бұл — рекордты көрсеткіш.  15 қаңтардағы жағдай бойынша планетадағы ең бай адамдардың жиынтық...

Қытай 15 жылда елімізге 19,2 миллиард доллар инвестиция құйған

2020 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 4%-ға өсіп, 15,4 миллиард доллар болған. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты,...

Аязда үсіп өлген 5 жасар бала қайтыс болар алдында зорланған

Ресейдің Саратов облысының Вольск қаласында көшеде өлі күйінде табылған бес жасар бала қайтыс болғанға дейін зорланған. Бұл туралы Life Shot Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru...

Елбасы Қырғызстан басшысымен кездесті

Келіссөз басталар алдында Елбасы мен Қырғыз Республикасының Президенті Назарбаев орталығындағы экспозицияларды аралап көрді, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Садыр Жапаровты Қырғызстан Президенті болып...

Байқоңырдан Ресейдің құпия құрылғылары ұрланды

Белгісіз біреулер Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдің құпия электроникасын ұрлап кеткен. Бұл туралы  "112" Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.  Арнаның мәліметінше, 1988 жылы "Буран" ғарыш кемесімен...

Психолог 8 наурызда аруларға сыйланатын ең сәтсіз сыйлықтарды атады

Психология ғылымдарының кандидаты Юлия Кочетова 8 наурызда әйелдерге cыйланатын ең сәтсіз сыйлықтардың тізімін жасады, деп хабарлайды "Москва" жаңалықтар агенттігі.  Маманның айтуынша, ең жауыр болған сыйлық...

Балалар құқығын қорғау туралы заң: 3 кодекске 35 түзету енгізілмек

Құжатты саралайтын жаңа жұмыс тобының құрамында 65 адам бар. Парламент мәжілісінің депутаты Динара Закиева қоғамда қызу талқыға түскен балалар құқығын қорғау бойынша заңнамалық актілерге...

Белгісіз коллекционер Черчилльдің суретін рекордтық бағаға сатып алды

Анджелина Джоли Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилль салған "Кутубия мешітінің мұнарасы" картинасын рекордтық бағаға сатты. Белгісіз коллекционер картина үшін 8,2 миллион фунт стерлинг төлеген,...

Зеленский үндістандық вакцинаны салдырды

Украина президенті Владимир Зеленский Донбассқа сапары кезінде коронавирусқа қарсы вакцина алды. Вакцинация Үндістанда өндірілген Covishield препаратымен жүргізілді, деп хабарлайды korrespondent.net. Президент Жоғары бас қолбасшы ретінде вакцинаны...

Головкин vs Мунгия: Жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды

Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы (әлі IBO титулына ие) титулын мексикалық боксшы Хайме Мунгияға (36-0, 29 КО)...

Ата-анасы жұмысқа кеткен: өрттен 5 жасар бала қаза болды

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында өрттен бала қаза тапты. Бұл кезде ата-анасы үйде болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. ТЖД өкілдері бала Аққайың ауданы Новороссийск ауылында қаза...

“Ұлытау” тобы АҚШ-та өткен халықаралық байқауда жеңіске жетті

Қазақстандық "Ұлытау" этно-рок тобы Лос-Анджелесте өткен халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды, оған әлемнің 83 елінен қатысушылар келген. Бұл туралы Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде топ...

Дәрігерлер карантиндік шектеулерді күшейтуді талап етті

Бразилиялық дәрігер ел билігінен коронавирусқа қарсы шектеу шараларын күшейтуді талап етті, деп хабарлайды РИА Новости.  Ел ауруханаларында орын жоқ, науқастар ем алу үшін кезек күтуге...

Биыл магистранттар шетелде тәжірибеден өте ала ма?

Бүгінде қазақстандық магистранттар COVID-19 пандемиясына байланысты шетелде тағылымдамадан өте алмай отыр. Әлемде және Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайса, магистранттарды шетелге тағылымдамаға жіберу мәселесі қаралады....

Ақтөбе қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Президент әкімшілігінің​ келісімімен өңір басшысының өкімімен​ Ақтөбе облысы​ әкімінің орынбасары болып Ермек Кенжеханұлы тағайындалды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ермек Кенжеханұлы...

ТЖМ Алматы тұрғындарына үндеу жасады

Сел ұстайтын бөгеттер құрылысына байланысты Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу енгізіледі. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді. «Қар мен ылғал қорының жиналуы...

Жасөспірімдерді тәртіпке шақырмақ болған алматылық полицей құрылысы бітпеген үйден құлап кетті

Алматыда полиция қызметкері қараусыз қалған құрылыс нысанынан құлап, жарақат алды. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Алатау ауданының ювеналды полиция қызметкері құрылысы бітпеген көпқабатты үйдің төбесіне...

Аралас оқу форматы: Оқушылар мектеп формасын киюге міндеттеле ме?

Оқушылардың аралас форматқа ауысуына байланысты мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ.  Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.  «Оқушының ауырып қалуы немесе науқас...

Жамбыл облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Бейқұт Жамангозов тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Бейқұт Тілебалдыұлы 1969...

2 наурыз еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалармен есте қалды?

2 наурыз күні әр жылдары еліміздің тарихында бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясының пленарлық мәжілісінде Қазақстан Республикасы...

Горбачев өмір сүру ұзақтығы жөнінен кеңестік көшбасшылар арасында рекорд орнатты

КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачев кеңестік көшбасшылар арасында өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы Кремль пулының журналисі Дмитрий Смирнов өзінің "№3 пул"...

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді

Ақорда резиденциясында Қырғыз Президенті Садыр Жапаровты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін Құрмет қарауылы ротасының бастығы Қазақстан мен Қырғызстан...

Жастарға ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыруға гранттар берілмек

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров агроөнеркәсіптік кешенді қолдау іс-шараларының бірыңғай электрондық ресурсы құрылады. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру мақсатында салалық мемлекеттік қолдау...

Еліміздегі сұранысқа ие әлеуметтік желілердің тізімі жарияланды

Қазақстанда ең танымал әлеуметтік желілер белгілі болды, – деп жазды Ranking.kz. Statcounter Global Stats мәліметінше, 2021 жылдың қаңтарында әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі Facebook атанды,...

Мәулен Әшімбаев: Ұлтқа адал еңбек етудің озық үлгісін көрсеткен текті азамат

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, академик, техника ғылымдарының докторы Өмірбек Жолдасбеков туралы фейсбуктегі парағында өз пікірін жазды. Онда...

Президент жанындағы ҚСЗИ-да Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы тағайындалды

2021 жылдың 1 наурызында ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова ұжымға ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жаңа басшысын...

29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды

1992 жылдың 2 наурызы Қазақстан тәуелсіздігін дүниежүзілік қоғамдастық мойындаған ел тарихындағы маңызды оқиғаға толы күн. 29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына 168-ші мүше-мемлекет...

Қырғызстан Президенті мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Алдағы бес жылда ауыл халқына 250 млрд теңгенің несиесі беріледі

2025 жылға дейін 50 мың микрокредит беру көзделген. Былтыр ауылға берілген шағын несиелер есебінен 11 мың жұмыс орны ашылған, деп хабарлайды Inbusiness.kz.  Үкімет отырысында агроөнеркәсіп...

Павлодарда пара алды деген күдікпен ҚТЖ филиалының басшысы ұсталды

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметтегі «қамқорлығы» үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алды деген күдікпен «ҚТЖ ҰК» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының басшысын ұстады. Ол...

Жапонияда коронавирустың британдық штамы тарап жатыр

Жапонияның батысындағы Кобе қаласының билігі бұл аймақта вирус жұқтырғандардың арасында коронавирустың жаңа британдық штамын жұқтырғандар саны көбейгенін хабарлады. ҚазАқпараттың NHK телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, ақпанның...

«Дарындылар пулы»: электронды үкіметтің кадр резервіне өтінім қабылдау басталды

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының «Дарындылар пулына» өтінім қабылдау басталды.  Корпорацияның кадр резервіне өтініш бергісі келетін үміткерлерге talent.gov4c.kz сайтында тіркеуден өту қажет. Өтінім беру кезінде жүйеде...

Сауд Арабиясы вакцина салдырған келушілерді ғана қажылыққа қабылдайды

Мұсылман қажылары жаңа коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін ғана Мекке мен Мединедегі қасиетті орындарға үлкен және кіші қажылыққа бара алады. Мұндай шешімді Сауд Арабиясы билігі...

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 214 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 658 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 65 Алматы қаласы - 102 Шымкент қаласы - 17 Ақмола облысы -...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

2 наурыз күні солтүстік-батыс циклонымен байланысқан атмосфералық ауа ағыны әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі...

21 миллион VPN қолданушысының жеке дерегі сатылымға шықты

Android операциялық жүйесіне арналған тегін VPN қызметтерінің 21 миллион қолданушысының жеке деректері Желіде сатылымға шықты, - деп хабарлайды Сyber News сайтына сілтеме жасап. Танымал хакерлік форумның...

Францияның экс-президенті үш жылға бас бостандығынан айырылды

Францияның экс-президенті Николя Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылды, оның ішінде бір жыл нақты қамауда болады. Сот оны сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп тапты.

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады

Еуроодаққа мүше 27 елдің елшілері ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға байланысты Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің...

БҒМ 1 наурыздан бастап мектептерде сабақ қалай өтетінін түсіндірді

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова 1 наурыздан бастап мектептердегі рұқсат етілген аралас форматта оқыту барысын түсіндірді. Вице-министр Facebook-тегі парақшасында 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының...

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш қойылады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында бұл ескерткіш медицина қызметкерлеріне деген алғыстың символына айналатынын атап өтті. «Бүгін Алматының медицина мен жазушылар қауымдастығының өкілдерімен дәрігерлерге арналған...

Пандемия: кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді және кейбір төлемдер алынып тасталды. Пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жаңа бөлшек салықтың арнаулы салық режимі...

Түркістан өңірінде 100-ге жуық белсенді «Nur Otan» партиясы қатарына қабылданды

Бүгін Түркістанда 1 наурыз – Партия күніне орай, бірқатар азаматты «Nur Otan» партиясына қабылдау іс-шарасы өтті. Жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен...

Алматыда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті

Әлеуметтік желіде Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде болған төбелестің видеосы тарады. Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Видео кадрларынан төбелестің балалар ойын алаңында болғанын байқауға болады....

Наурыз айында күн райы қандай болады?

Еліміздің көптеген аймақтарында күнтізбелік көктем белгіленген мерзімде келеді. Бұл туралы «Қазгидромет» орталығы мәлімдеді.  Консультативтік болжамға сәйкес 2021 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының басым бөлігінде циклондардың өтуімен және...

Таразда Алғыс айту күніне орай 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды

Алғыс айту күніне орай былтыр ғана облыс орталығында бой көтерген «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің маңында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Онда қалалық зиялы қауым өкілдері,...