Қауіп еткеннен айтамын

Идеология саласында орын алып отырған олқылықтар, оның ішінде дін атын жамылған үлкенді-кішілі келеңсіздіктер қалың жұртшылықты алаңдатып отыр. Соңғылардың қайсыбірінен де дінде шектен шығудың құлағы қылтияды. Ендеше «Жау жоқ деме, жар астында» демекші, шектен асушылықтың табиғаты мен онан келер кеселді жақсы білгеніміз абзал.
Әсіре діншілдік неліктен қауіпті және ол неден туады? Баланың қиянатшыл һәм қатыгез болып өсуіне құдайсыздық қалай әсер етсе, әсіре діншілдік тәрбие де солай әсер етеді. Неге десеңіз, екеуі де сағат маятнигінің қос шеткі нүктесі сияқты бек шетін жол.
Қиянатшылдық – тәкаппарлық пен менмендіктен, яғни «менікі жөн, өзгенікі бұрыс» деген ой жүйесінен туады, әсте. Біз ғана «тура жолдамыз» дейтін діні, жүрегі қатты тәкфирші ағымның өкілдері соның мысалы. Олар атеистер тұрмақ, намазы жоқтарды кісі құрлы көрмейді. Хакім Абай 38-сөзінде қиянатшыл жандарға «жарым адам», «жарым мұсылман» деген «диагнозын» қойған еді.
Енді қатыгездік мінезге келер болсақ, ол –мейірімділіктің (шапағаттың) антиподы. Шариғат бойынша мейірімді жандар Құдайдың шапағаты шеңберінде қалып, өздері де шама-шарқынша шапағат жасайды. Керісінше, қатыгез пенделер шапағаттан құр қалмақ. «Құдай залымды сүймейді» дейді айқын аяттар, ал сахих хадисте: «Алладан ең алыс адамдар – олар жүрегі қатайғандар» делінген.
Жалпы, дінде шектен шығушылық дүмшеліктен, көбіне иман мен тағатты айыра алмаудан туады. Иман – бір Жаратушы барына нанбақ, демек, оның аясына Құдайдың ісін, заңын танып-білу кіреді. «Алланың нұрын ала білу», «Иманды жүрекке сіңіру» дейтініміз сол. Діни тағаттың (немесе тағаттылық) жөні басқа. Ол – сыртқы ғибадат (дәрет, намаз оқу, ораза тұту т.б.), былайша айтқанда, діни танымның үстіңгі жұқа қабыршағы. Бірақ өз алдына бір өріс болғандықтан қарапайым көпшілік бақытқа тағат арқылы жетеміз деп ойлайды. Құдайдың сүйікті құлы болу жолы – тағатта деп сенім артады. Жақсы амал деген тек құлшылық рәсімдері деп түсінеді. Ислам әлемін аяқтан шалып, жұртты діңкелетіп отырған – дүмшелік табиғаты міне, осы.
Байсалдылық пен сабырдың керек емес жері жоқ, әсіресе, дінде керек. Мәселе сонда, көкірек көзіне ғана ашылатын хақиқат, түйсіктер адамға өзінің өмір тәжірибесі және көрген-білгендері арқылы келеді. Бұл – аксиома. Атам қазақ «Ер адамның ақылы жасы 40-тан асқанда толысады», «Ақылды алпыстан асқаннан сұра» демей ме. Жарықтық Абайдың: «Әрбір наданның (жас адамның деп ұғыңыз – А.О.) біз тарихатқа кірдік деп жүргені біз бұзылдық дегеніменен бір болады» деген ескертуі де еріксіз ойға оралады.
Қорытып айтқанда, әсіре діншілдік – қоғамдық сананы еліктеушілік пен тақлиди иман (еріп иман келтіру) ауаны жайлап алған жерде пайда болатын құбылыс. Бұл діннің адамды еліктіретін құпиясы, батини сыры сыртқа тебілді деген сөз.
Осы ретте дәстүрлі емес діни ағымдар алаңына көз жүгіртелік. Ислами теріс ағым өкілдері бізге намазды қалай оқу (әминді іштен, әлде дауыстап айту керек пе, қолды кіндіктен төмен әлде жоғары байлау керек пе т.с.с.), мәйітті қалай жерлеуге қатысты ұсақ-түйек мәселелерге ғана таластырып қояды. Мұның қоғамдық сананың толысуы, жаңағы қисық-қыңыр мінездің түзелуі, мейірім-шапағаттың гүлденуі сияқты біздің қоғамға ауадай қажет парасат өрісіне қатысы бар ма?! Әрине, жоқ. Тәнге қорек керек болса, жанға да керек. Оның азығы – ғылым, мейірім, әділет емес пе?!
Келесі дәйекті бұрындары көз көріп, құлақ естімеген діни ұйымдардан алайық. Қазақстандағы тоталитарлық ағымның бірі – «Иегово куәгерлерінің» өкілдері «қан құймаймыз» деп қасарысып, өзге түгілі, туған баласын өлімге қияды. Сол сияқты евангелистер, кришнаиттер мен баптистер «Құдай жолы бізге ғана ашылды» деп кеуде соғып жүріп, талай отбасының түбіне жетті. Тегінде, шетелдік миссионерлердің заң шеңберінен аспай-ақ «қатыгездіктің елшілері» аталуы жайдан жай емес, «махаббат – Құдайдың аты» деген христиандық басты принцип көбіне солар тарапынан аяқ асты етілетін сияқты. Өйткені олардың іс-пиғылынан, байқап отырсақ, қазақты қазаққа қарсы қоюшылық пен «бірің өліп, бірің қал» деген позицияның исі аңқитын сынды.
Сайып келгенде, дінде шектен шығудың қай түрі де жастардың санасын улап, қоғамда қиянатшылық пен қатыгездіктің дәнін себеді. Шектен асушылыққа бой алдырғандар үшін өзінің де, өзгенің де өмірі құнсыз көрінбек. Дін «ұстазы» бұйрығын ойланбай орындауға даяр жанкешті зомбилер осы ортада өсіп, өнеді. Бұл жерде әлемді түршіктірген жихад жарылыстары мегзеліп отыр. Ауғанстан, Сирия, Ирак және Пәкістан сияқты мұсылман елдерінде адам қаны судай ағуда, лаңкестік шеңбері кеңея түсіп, сонау Кенияда Сауда орталығында жалғасын (70 адам өліп, 200-і жарақат алды) тапты. Тарихқа көз жүгіртсек, алғашқы діни фанатиктер – харижи топтар тарих сахнасына сонау VІІ ғасырда шыққан. Бүгінгі салафшы, уаххабшы топтар аяғы салбырап аспаннан түскен жоқ, олар сол харижилік ойлау жүйесінің «өнімдері». Сүннит, мейлі, шиит болсын содыр кісіге бәрібір, шаһиттік жарылыстар асыл дініміз үшін деп, рахымды, мейірімді Алланың атымен жасалуда (орындаушының «исламист» аталып, ислам дініне деген қорқыныш сезімі – «исламофобия» әлемге таралуы содан).
Жасырып-жабары жоқ, әсіре діншілдік «вирусы» біздің елімізге де жетіп, алған бағыттарынан еш қайтпайтын қисық мінезді топтарды, былайша айтқанда, жабық жамағатты қалыптастыруда. «Бізге қосылмайтын қауымның бәрі адасушылар. Олардың жазаға ұшырайтын уақыты келеді» дейді әлгіндейлер. Осыған иланған жас­тарды сөзге тартып көр. Қандай уәлі уәжді айтсаң да, «Сіздің айтқаныңыз далбаса, Сізді Ібіліс сөйлетіп отыр, мұның жазасын Алланың өзі-ақ береді» деп, орнынан тұрып жүре беруі мүмкін (шындығында сабыр, төзім, толеранттылық мінез қарапайым адамнан гөрі діндар тақуа адам бойында молырақ болуы керек).
Өмір тәжірибесі аз, діни сауаты төмен, көрген-білгені шамалы болса да, басы қатты асаудай бұра ша­уып, жеңістік бермейді. Екі жастың бірін жасамай жатып, өзімбілемдікке салыну: әке-шешеге құлақ аспау, үлкенді тыңдамау қадеті. Осы штрихтерден-ақ жат ағымға арбалған жасөспірім замандастың әлеуметтік бейнесін (сақалды өсірген, балақты қиған, қабағы қатыңқы, түсі суық дегендей) көзге елестетуге болады.
Енді дінде шектен шығушылық қаупінен, жағымсыз құбылыстың алдын алу мәселесіне ойысалық. Бүгінгі таңда уағыздарын тықпыштап, көше-көшеде кітаптарын таратқан иеговистер, евангелшілдер, кришнаиттер секілді дәстүрсіз діни бірлестіктердің жолы жіңішке қазір. «Модаға» айналған оккульттік (емшілік, тәуіп, көріпкелдік т.б.) қозғалыстың да заң негізінде тынысы тарылып отыр. Сол сияқты Әбдууахабтың жолын қуған «аят, хадисті ақылға салма», «еріп иман қыл» дейтін сәләфи, «кәпір» деп шоқпар ала жүгіретін тәкфирші, әркімнің есігін қағып, ауыл-ауылды аралаған таблиғи-жамағатшы сияқты тіркелмеген діни ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынды. Осынау оң ахуал өздігінен орныққан жоқ. Ол мемлекеттік тұрғыдан тер төгудің татымды жемісі. Діни фанатизм таралуын тежеуге және экстремистік топтарды оқшаулау мен құрықтауға байланысты жұмыстарды мемлекеттік органдар жалғастыра беруге міндеткер.
Бірақ, радикализмді болдырмау күллі халықтық іс-шараға айналса игі. Бұл ретте амалдардың ең сенімдісі – жас буынды рухани біліммен суару деу керек. «Антивирустың» екіншісі – ұлттық құндылықтар (тіл, тарих, салт-дәстүр) мен отбасылық тәрбие (бауырмалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет т.б.). Қалың жұртшылық осы бағыттарға күш салса, сол жақсы. «Айтылмаса сөз атасы өледі» дегендей, тағы бір пысықтайық, иман – Құдай ісін танып-білуге тіреледі, тағат – адамның ісі, дін ісі ғана. Иман – жүрек тазалығы һәм ғылымның шексіздігі, тағат – діни дәстүр мен рәсімдер жиынтығы. Иман – барша адамзатқа ортақ және өзгермейтін дара құндылық, ал тағат – тарам-тарам болып түрлене береді. Ислам бір, бірақ сенім жолы бөлек-бөлек болады. Пайғамбарымыз хадисінде: «Ислам 73 тармаққа бөлінеді» деп осыған мегзеген тәрізді.
Абай 38-сөзінде: «Енді ниет еттіңіз таһарат алмаққа, намаз оқымаққа, ораза тұтпаққа, бұл тағаттарды ниетіңіз заһирінен (сыртқы) қалып, сыр ғибадатқа жетпегендігі кемшілік емес пе? …Бұл заһир ғибадатыңыз иманды болған соң ғана, парыз болған, сіздің заһирыңыздағы ғибадат – батиныңыздағы (ішкі) иманның көлеңкесі һәм сол иманның нұрланып тұрмағына көрік үшін бұйырылған», – дейді. Өзіңіз де ойлаңыз, иман мен тағаттың айырмасын бұдан да анық айту мүмкін бе? Дана Абай діннің ішкі және сыртқы жақтары барын, гәп – ішкі сенім, иманда екенін ескертіп отыр.
Егер ми мен жүректі қоспай тұрып, ақ қағаздың бетінде тек саусақтың ұшымен қаламды әрі-бері жүгірте берсек, онан шығар нәтиже қайсы? Ол әрекет мән-мағынасыз, құр шимай болады. Сол сияқты соқыр сенім, құр тағаттылық татымды жеміс бермейді. Иман шарты – Жаратушы Құдіретке жүрекпен сену. «Жүрек жұмсаруы» үшін Алланың хикметін сезу, ғылым-білімді азық қылу шарт. Әлем ой алыптары қайта-қайта айтқан жәйт міне, осы.
Енді ұлттық құндылықтар мен отбасылық тәрбие жайына ойысалық. Олар түрлі себептерден семіп, ортайды қазір. Дін құмар, бірақ қазақы салт-дәстүрді білмейтін адамдар аз емес. Алаш асып, Шам еліне жетті кейбірі. «Ислам бір, ол арабтікі, қазақтікі, өзбектікі болып бөлінбейді» дейді олар. Бұл Құдай ісінен дін ісін айырмау, сәләфия «вирусын» жұқтыру сияқты.
Қазақ жерінде «далалық ислам» немесе «қазақ исламы» түсінігі қайтіп бүр жарған? Бұрынғы үлкендер: «Балам, егер адам болам десең, онда сен өтірік айтпа, ұрлық жасама және кісінің хақысын жеме – адал бол! Дәйім жүрегіңнің түбімен Алла тағалаға сеніп, сыйынып жүр! Иманды болудың мәнісі осы!» десетін. Бұл өсиеттер мен «Құдай залымды емес, әділ адамды, жақсы істерді істегенді сүйеді», «Жақсы істерді кім көп істейді, жақсы мұсылман сол» деген аят-хадистердің ауылы алыс емес.
Сол сияқты біздің қазақ «Ар-ұяты бардың иманы бар», «Жаным арымның садақасы» деп білген (имани ілімді «ар-ождан ілімі» атағаны сол). «Аққа Құдай жақ» дегені, әділет – Құдайдың заңы деп білгендігі. «Қарғыс алма, алғыс ал!», «Қайырымдылықтың қайыры бар», «Жетім көрсең, жебей жүр», қысқасы, «обал-сауап» жүйесі қазақтың қанына сіңген қағида болды.
Халық қарабауыр, тасжүрек пендені ғана «кәпір» дейді. Ал, «иманжүзді» дегені «мейірімді» дегені. Алаштың «жетесіз», «жетесіздік» деген ауыр сөзі және бар. Ол Құдай жетекке алмаған, сол себептен шапағат бұйырмаған «бақытсыз байғұс» деген мағынаны білдіреді. Кейбір жастарымыз Құдайдың емес, ғаламтордың жетегінде жүр қазір.
Бұл мысалдардан шығар қорытынды: қазақта құдайлық идея басым, Алланың нұрын ала білу және иманды жүрекке сіңіру ұлттық таным-түсініктің мәйегі болған. Төзімділік пен «Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң», «Күйесіз қазан, күнәсіз адам болмайды» деп адасқан пенделерді кешіре білу қадеті содан.
Реті келген соң айта кетелік, «дәстүрлі ислам», сол сияқты «қазақы ислам» өз алдына бөлек дінді емес, «исламдағы қазақ жолы» (яғни ата-бабалар жолы) дегенді білдіреді. Сахара тіршілігінің ерекшелігі – имандылық, адамгершілік ұғымдары қабыса табысты. Қазақтың діні шала, оған діннің тазасын үйретеміз деп бүліну осыны ескермеуден туады. Мұны «түйе үстінде отырып, сирақ үйітем» тәрізді күлкілі, бекерге тер төгу десек те болады.
Республикалық газеттердің бірінен «Дінге бет бұрғызамыз деп біз небір талантты ақындарымыздан айырылып қалып жатырмыз» деген пікірді оқыдым. Ана бір жылы «Судағы акробатикадан, бұйыртса, Азия чемпионы болар деп үкілеген қазақ қыздары тобы дінге кіріп, спортты тастап кетті» дегенді Астанадағы Еуразия Ұлттық университеті ұстазының аузынан естігенім бар. Бақсақ діндеміз деп, өнерде, спортта, ғылым жолында жанбай жатып, сөнгендер аз емес. Бұл жағдай алаңдата ма, алаңдатады.
Сөз соңы, әсіре діншілдік қай тұрғыдан да залалды. «Бас жоғары жаралған, мойын төмен, Қарашы, дене біткен ретімен» деп ұлы Абай білмесе айта ма, сыртқы атрибуттерден гөрі бізге жан отын өшірмеу, ішкі сарайдың жарықтығы қымбат. Иман деген, оны білу деген не, өзі? Ол үшін ғылымды азық қыл және «үш сүюді» (мейірім, әділетті болу) ұстан дейді ұстазымыз Абай. Осы иманигүл үшін «Басты байла жолына, малың түгіл» және «Дін де осы, шын ойласаң, тағат та осы» деп түйеді.
Хадистегі: «Дінде шектен шықпаңдар! Дінде шектен шығу құрдымға кетіреді» деген ескертудің мәні осы арада сияқты. Ішкі мазмұнды сыртқы формадан айыра білейік. Міне, жас буынға да, бала тәрбиелеп отырған ата-анаға да осы ақиқатты баса айтсақ, алауыздықтан, адасудан аулақ болатынымыз хақ.

Асан Омаров,
«Дін мәселелерін зерттеу және талдау
орталығының» жетекші ғылыми қызметкері

Редакция таңдауы

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...
1d7caaf50d5accc6a22bdda79660dc50

Индонезияда сегіз жасар бала қолтырауынның асқазанынан шығарылды

Индонезияда сегіз жасар баланың денесі қолтырауынның асқазанынан алынды, деп жазады The Sun. Берілген...
1280x720 cmsv2 4c223b9e 858b 54f3 b9c1 a2cc1faca987 5395116

Женевада адам құқығы туралы ең жақсы фильмдер іріктелмек

Биыл 19-шы Халықаралық кинофестиваль және Женевадағы адам құқықтары жөніндегі форум виртуалды форматта...
nsvpcb3y

Атырауда автотұрақтағы 5 автобус өртеніп кетті

Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Атырау облысындағы Теңіз кенішінде...

Жаңалықтар

Индонезияда сегіз жасар бала қолтырауынның асқазанынан шығарылды

Индонезияда сегіз жасар баланың денесі қолтырауынның асқазанынан алынды, деп жазады The Sun. Берілген ақпаратқа сәйкес, баланың еш жеріне зақым келмесе де, аман қалмады. Бала әкесімен бірге...

Женевада адам құқығы туралы ең жақсы фильмдер іріктелмек

Биыл 19-шы Халықаралық кинофестиваль және Женевадағы адам құқықтары жөніндегі форум виртуалды форматта өтеді. Жыл сайын іс-шараға 40 мың көрермен қатысатын. Онымен қоса 25 елден 300-ге...

Атырауда автотұрақтағы 5 автобус өртеніп кетті

Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Оқиға 5 наурызда сағат 19:30-да Жылыой...

Елімізде 2021 жылғы алғашқы екі айда 120 адам жемқорлыққа қатысты сотты болған

2021 жыл басталғалы бері  шамамен 120 адам жемқорлық ісіне қатысты сотты болған. Бұл жөнінде ҚР сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналында хабарланды. Cотталғандардың ішінде 28...

Экстремистік идеология жақтастарын райынан қайтару – басты міндет

Қазақстанда  жат діни ағымдарды түбегейлі ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Діни ахуалдың тереңдеуіне қауіптің  алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігі себеп болуда. Бұл туралы Алматыда Абай атындағы...

Әлемде адам тіршілігі үшін қажетті негізгі тауарлардың бірі таусылуға жақын

Дүние жүзінде адам тіршілігі үшін маңызды тауарлардың бірі — құмның тапшылығы сезіле бастады. Құм судан кейінгі ең көп сұранысқа ие ресурс болып саналады, деп...

Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.  Жаңа қаулыға сәйкес, қылмыстық-атқару мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі» атты 24-қосымшада 4-тармақ өзгертілді. «4. Маскаларды...

Дәрігер әйел адамның денсаулығына қауіп төндіретін ең зиянды өнімдерді атады

Ресейлік диетолог Наталья Круглова әйел адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін ең қауіпті тағам түрлерін атады, деп хабарлайды Lenta.ru. Дәрігердің сөзінше, әйелдер жейтін тағамының калориясына мән...

Елорда асханаларының бірінде өрт шықты (видео)

"5 наурыз күні сағат 11.48-де өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлері шұғыл түрде Достық көшесінде орналасқан "Избушка" дәмханасына аттанды", – делінген астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. Тұрғын...

«Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны қолды болды

Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды, деп хабарлады zakon.kz. «Ақмола облыстық полиция қызметкерлері 2 наурызға қараған түні «Қазақалтын» АҚ-қа тиесілі катодты алтынды ұрлау...

Орыс тілінде сөйлеген депутат партия қатарынан қуылды

Украинада Харьков облыстық кеңесінің депутаты Александр Дорошенко орыс тілінде сөз сөйлегені үшін  партия қатарынан шығарылды, деп хабарлайды РИА Новости. "Еуропалық ынтымақтастық" партиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ...

Жамбылда 38 елді мекенді қызыл су басуы мүмкін

Жамбыл облысында 38 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Олардың басым көпшілігі су қоймаларының маңайында орналасқан. Егер көктемде күн күрт жылып, таудағы қар ерісе...

Елімізде жаңа мереке пайда болды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізетін бұйрыққа...

«Алаяқтардың қолына түсуі мүмкін»: Маман телефоннан қандай хабарламаларды жойып отыру керегін айтты

"Цифрлық платформалар" автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин смартфоннан қандай хабарламаларды өшіріп отыру керегін айтты, деп хабарлады РИА Новости.     Маманның айтуынша, телефоннан...

Алматылық оқушы халықаралық математика лигасында топ жарды

Алматы қаласындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрасыл Бейсенбай  The Math League – Халықаралық математика лигасында топ жарды, деп хабарлайды Алматы арнасы.  Олимпиадаға әлем бойынша...

Өр тұлғалы өңір басшысы

Күрделі кезеңдерде республикамыздың бес облысының әкімі болған, Елбасының сенімді сардарына айналған Бердібек Сапарбаевтың атқарған еңбегін, көзбен көріп, көңілге түйген сол облыстардың халқы әлі күнге...

Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кугар» әскери тікұшағының апатқа ұшырап, бірнеше адамның қаза болуына байланысты Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға Қазақстан халқының және жеке өзінің...

8 наурызға 18 кітап

Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі жақындаған сайын көпшілігімізді, әсіресе ер-азаматтарды жақындарыма «не сыйласам?» деген сауал мазалайтыны белгілі. Кітап сыйлаңыз. Жақсы таңдалған құнды кітап басқа жанның...

Елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады – министр

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2025 жылға дейін елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыттың құрылысы аяқталатынын айтты. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мұнай және газ-химия...

Қазақстанда әйелдер мемлекеттік қызметтерді алуға аз жүгінеді

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерге қанша әйел жүгінетінін есептеп көрді. Белгілі болғандай, 2020 жылы мемлекеттік корпорацияға түрлі қызметтерді алу үшін 6,2...

8 наурыздан бастап Өзбекстанға жаңа әуе рейсі ашылады

2021 жылғы 8 наурыздан бастап «SCAT» әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейс орындай бастайды, – деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз...

АҚШ ғалымдары коронавирус инфекциясын қоздыратын қан тобын анықтады

АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша, ІІ қан тобының иелері коронавирус инфекциясының жұқтыруға «бейім» келеді. Гаврард медициналық мектебінің «Бригэм энд уименз» клиникасында қызмет ететін ғалымдардың бұл...

Коронавирус: 226 адамның жағдайы ауыр

5 наурыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 18 882 адам короновирус инфекциясынан (13 236 КВИ+ және 5 646 КВИ-) емделіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында олардың...

Ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірде көлік қозғалысы шектелді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдардың төмендегідей учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Ақмола облысында: 1. 03.03.2021 ж. сағат 16.00 «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-536 шақырымында,...

Ақылы автожолдарда көлігі бұзылған жүргізушілерге тегін көмек көрсетіледі

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы ақылы автожолдарда жанармайы таусылған немесе автокөлігі бұзылған жүргізушілерге көмек тегін көрсетілетінін мәлімдеді. Павлодар облысының Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Аққулы, Железин және Тереңкөл аудандарында...

5 наурыз: еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалар болды

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1996 жылы 5 наурызда Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасының (режиссер Ж. Омаров) қойылымымен ашылды. Сол жылы...

Елордада ауа райының бұзылуына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бүгін ауа райының күрт бұзылуына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілгенін хабарлады. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды:...

ШҚО-да дүкенге маскасыз кірген адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданында карантиндік шектеуді бұзғандар тіркелді. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, мониторингілік топтар Шемонаиха ауданында 74 нысанға тексеру жүргізіп, ереже бұзудың 1...

Өткен тәулікте 857 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 132, Алматы қаласы - 134, Шымкент қаласы - 27,...

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады – Қазгидромет

5 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігіне әлі де Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Республиканың оңтүстік...

Абай атындағы университет үздіктер қатарына енді

Абай университеті екі бағдарлама бойынша QS World University Ranking by Subject-2021 рейтингінде топ-250 үздіктер қатарына енді. Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет «QS World University Ranking...

Кремль: «Cанкцияның әсері де, мағынасы да жоқ»

АҚШ-тың "Навальныйдың ісі" бойынша жаңа санкциялары екіжақты қатынастарға "қатты әсер етеді", қазірдің өзінде "жағдай нашар". Бұл туралы Кремльде айтылды. АҚШ-та Ресейдің жаппай қырып-жоятын қару бағдарламасын...

«Құтадғу біліктің» жаңа аудармасы оқырманға тарту етілді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегінің жаңа аудармасының таныстырылымы өтті. Қарахандар дәуірінде 1069 жылы жазылған құнды жәдігер...

Министрлік коронавирус «гүл арқылы жұғады» деген ақпаратқа түсінік берді

Коронавирус инфекциясы гүл арқылы жұғады деген ақпарат жалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Департамент мәліметіне қарағанда, Желіде...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Бішкекте қандасымызға арналған музыкалық кеш өтті

1 наурызда  Бішкектегі К.Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерва­тория­сында Қыр­ғыз Республикасындағы қазақтардың арасынан шық­қан талантты әнші, қырғыз елінің  мә­дениетіне еңбек сіңірген қайраткер Ержан Му­синді еске...

Енді WhatsApp-тың компьютерлік нұсқасында бірнеше адаммен видео арқылы сөйлесуге болады

WhatsApp мессенджерінің компьютер арқылы қосылатын нұсқасында бірнеше адам видео және аудио байланыс арқылы сөйлесе алады, - деп хабарлайды Tech Crunch. Аудио және видео қоңыраулар шифрлау арқылы...

Ауылдағы іскер әйелдерге 4000 доллар қайтарымсыз грант беріледі

Ауылды жерлерде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің 4000 доллар қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды Аtameken Business.     https://youtu.be/rIWRXS-QT2Q Ол үшін өз ісіңізді ашуға деген...

2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылған

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында импорттық өнімдерді алмастыру жоспары бойынша Қазақстанда 48 тауарлы сүт фермасы, 3 ет комбинаты іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы...

Пандемия кезінде гендерлік теңсіздік күшейді – ДДСҰ

Пандемия Еуропадағы гендерлік теңсіздікті күшейтті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күні Facebook-те жарияланған Копенгагенде өткен...

Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалуда – Премьер-министр

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль елде COVID-19 үшінші толқынының басталғанын мәлімдеп, келесі локдаунның мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.  Укринформ сайтының мәліметінше, Денис Шмыгаль жағдайды бейімделген карантин құралдарымен...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті, –...

«Nur Otan»: Түркістанның тазалығына жауапты көпбалалы аналар ардақталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне орай, бір топ көпбалалы анаға құрмет көрсетілді. Партияның «Бақытты отбасы» жобасы...

Жаңа орда құратын ұрпақ тәрбиелегіміз келеді

Парасат ТАНЕН, Orda Gen жобасының директоры: Тәуелсіздіктің ақ таңында дүниеге келген сәбилердің емін-еркін ойланып, жан-жақты дамып, қазақы мінез қалыптастыруына ертегі арқылы жол ашу – Orda...

Жасотандықтар мереке қарсаңында жас аналарға құрмет көрсетті

8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді орталық аурухананың акушерлік бөлімнің нәзік жанды қызметкерлері мен аналарын құттықтады. «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев: «Әйелдер күнімен...

Өскеменде баланы еденге лақтырған тәрбиешіге іс қозғалды (видео)

Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта...

Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшылар құтқарылды

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Oблыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 ақпан күні Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС...

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Ақынның мақсаты – әлдекіммен қылыштасу емес, ақиқатқа көз жеткізу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Túrkistan басы­лымы арқылы қазақ қыздарына өз ақыл-кеңесімді айтқым келеді. Басылымдарыңызды замандастарыммен қатар оқитын жас қыз-келіншектер пайдалысын көңіліне тоқып,...

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін...

Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады – министр

Бүгін Парламент Сенатында депутаттар білім саласына қатысты бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы құжатта...

Қазынаның шығыны көп, кірісі аз

2020 жыл әлем экономикасы үшін сынақ жылы болды. Көрсеткіштердің бәрі кері кетті. Алыс-беріс азайып, барыс-келістің тоқтауы көп елдің қазынасын ортайтып, қарызын еселеді. Пандемия  Қазақстан...

Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, – деп жазды Hindustan Times газеті. Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияға...

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды. «Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы...

Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге...

Австралияда «жұмбақ рейстерге» билет сатыла бастады

Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді...

Шетелден 500 млн доллардан астам қаржыға сатып алған малдың пайдасы болды ма?

Қазақстан соңғы жылдары шетелден 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алған. Оған барлығы 500 миллионнан астам доллор жұмсалған. Бірақ сатып алып келген малдан...

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Азиат пішіндес жас жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау департаменті хабарлады.  Жасы шамамен...

Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды

Павлодар қаласының тұрғыны Александр Жұмабаевқа терезеден құлаған баланы құтқарғаны үшін миллион теңге берілді. Ер адам биіктен құлап кеткен қызды қағып алуға үлгермей қалды, алайда...

Туысының үйінен соғым етін ұрлаған жамбылдық бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Соғым етін ұрлаған жамбылдық тұрғын бас бостандығынан айрылуы мүмкін,  деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 1 наурызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көгершін ауылының тұрғыны xабарласып, үйінің...

Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды

Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған. «2020 жылғы қыркүйек...

Apple саңылаусыз iPhone шығарады

Apple физикалық порттарсыз жұмыс істейтін смартфон өндірісін қолға алды. Бұл туралы Appleosophy басылымы хабарлады. Дереккөздердің хабарлауынша, америкалық компанияның инженерлері iPhone-ды компьютермен синхрондаудың жаңа әдістерін жасауда....

Алматыда «Рахат» базарының 300-ге жуық саудагері наразылыққа шықты

Алматыда "Рахат" базарының 300-ге жуық саудагері өздері жан бағып отырған сауда орнының жабылуына қарсылық білдіріп, наразылыққа шықты. Айтуларынша, орнына жиһаз фабрикасын салуға рұқсат беріпті,...

Жұмыс істеуге ең қолайлы мемлекет анықталды

Әлемдегі еңбек мигранттарының ширек бөлігіне жуығы жұмыс істеу үшін Канадаға қоныс аударуды құп көреді екен. Бұл туралы BCG және The Network-тің бірлескен зерттеуінде айтылған,...

Ақмола облысының күре жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының күре жолдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.  4 наурыз күні сағат 07.00-де Ақмола облысында ауа райының нашарлауы (жел,...

Коронавирусты «мәңгілікке» жұқтырған алғашқы науқастар тіркелді

Америкалық дәрігерлер коронавирусты "мәңгілікке" жұқтырудың алғашқы жағдайларын анықтады, деп хабарлайды medRxiv.  Оңтүстік Калифорния университетінің мамандары вирустың іздері алты ай бойы ақ қан ауруымен ауыратын бірнеше...

4 наурыз: атаулы күндер, есте қалар оқиғалар

4 наурыз Тәуелсіз Қазақстан тарихында қандай оқиғалармен есте қалды? Еске түсіріп көрейік... 1993 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңы күшіне енді. 1997 жылы ҚР...

WhatsApp арқылы 20-ға жуық адамға 70 млн теңгеден астам залал келтірген әйел ұсталды

Ақмола полицейлері интернет-ресурстардың көмегімен пирамида ұйымдастырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 65 жастағы тұрғынынан...

Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклонының өтуімен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде...

28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі. Мереке қарсаңында көпбалалы аналар 5 АЕК (14...

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Ұлттық экономика министрі 2024 жылға дейін темекі бағасын кезең-кезеңмен көтеру жоспарын жариялады. Мәжілісте ЕАЭО-ға мүше елдердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы...

Моңғолия 1 мамырдан бастап шекарасын ашады

Бүгін Моңғолияның министрлер кабинеті 1 мамырдан бастап шекараны ашу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты. Мемлекеттік төтенше комиссия басшысы С.Амарсайханның айтуынша, премьер Л.Оюун-Эрдэнэ өткен...

Этнограф Болат Бопайұлы «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Бүгін «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлының салт-дәстүрі туралы 10 кітабының таныстырылымы өтті. Салтанатты жиынға жазушы, түрколог-ғалым Тұрсынхан Зәкенұлы,...

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді. «Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен...

Әзірбайжан Арменияның қанша азаматын тұтқында ұстап отырғаны белгілі болды

Арменияның диаспора істері жөніндегі бас комиссары Заре Синанян РИА Новостиге берген сұхбатында Әзірбайжанның өз аумағында жүзден астам армян азаматын әлі де тұтқында ұстап отырғанын...

Биыл 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру...

Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында...

Курьер жігіт 12-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды (видео)

Курьер болып жұмыс істейтін вьетнамдық жігіт 12-қабаттан құлаған бүлдіршінді қағып алды, деп хабарлайды Daily Mail.  Нгуен Нгок Ман 12-қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бүлдіршіннің...

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті мерейтойымен құттықтады

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.  Құттықтауда КСРО Тұңғыш президентінің...

Саша Барон Коэн Қазақстанға келуге ниетті

Сценарист және актер Саша Барон Коэн өзінің ойдан шығарылған кейіпкері — Бораттың отаны Қазақстанға келуге дайын екенін мойындады. Бұл туралы ол "Известия" басылымына берген...

Бішкекте «Астана» халықаралық қаржы орталығының филиалы ашылуы мүмкін

Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшылары...

Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қырғызстан...

Жомарт Ертаев тағы да 9 жылға сотталды

Алматыда «Bank RBK», «Qazaq Banki» және «Eurasian Bank» банктерінен 188 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. ҚазАқпараттың хабарлауынша, айыптылардың қатарында экс-банкир...

Кардиолог инфаркт алу қаупін азайтатын үш жаттығуды атады

Кардиолог және жүрек-тамыр хирургі Владимир Хорошев инфаркт қаупін азайту үшін үш жаттығуды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Маман бірінші кезекте көбірек жаяу жүруге кеңес берді:...

Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті

Алматы облысында мас көлік жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақаттарын алған үш бала ауруханаға жатқызылды. «Оқиға 2 наурызда сағат 18:40-та Еңбекшіқазақ ауданында болған....

Илон Маск өз қаласын салуға кірісті

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Техаста жаңа қала құрылысын қолға алды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. "Мен Техаста...

Айға саяхат: жапон кәсіпкері бұл сапарға 8 адамды таңдап алмақ

Жапон кәсіпкері Юсаку Маэдзава сәрсенбі күні «өзін әртіс деп есептейтін» қоғамның 8 өкілін 2023 жылы Ай орбитасына алып кететінін мәлімдеді. Бұл – SpaceX фирмасы...

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, Қабанбай батыр көшесінің оңтүстік бөлігі мен Байсейітова көшесінің шығыс жағында Роза Бағланованың құрметіне ескерткіш орнатылады. «12 наурызға дейін Роза...

COVID-19: елімізде ПТР тест бағасы арзандап жатыр

Қазақстанның клиникалық-диагностикалық зертханаларымен жасалған монополияға қарсы іс-шаратшеңберінде КВИ ПТР бағасы арзандап жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2021 жылғы 1 наурызда КДЗ ОЛИМП COVID-19...

Семейде жер үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 наурыз сағат 05:00 шамасында Белибаев көшесіндегі жеке тұрғын үй отқа оранған. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер...

Нұр-Сұлтанда қашықтан оқыған оқушылар коронавирусты көбірек жұқтырған

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда мектептеріндегі коронавирус статистикасы туралы айтты. «2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, оқу жылының басынан бері мектеп...

3 наурыз: атаулы күндер мен тарихи оқиғалар

2018 жылы 3 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуының 26 жылдығы аясында БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстанның Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қол қою...

Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты

Екібастұзда жолаушылар вагонының темірден өзге бөлшектерінің барлығы жанып кетті. Әзірге өрт салдарынан келген шығынның мөлшері белгісіз. «2 наурыз күні сағат 13:04-те нөмірі 2-ші мамандандырылған өртке...

Өткен тәулікте елімізде 717 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 717 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақ бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 105, Шымкент қаласы - 12,...

Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Былтыр мал ұрлаған азамат осы күнге дейін жасырынып жүрген. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті «Мал ұрысы»...

«Алматы жастарына» 10 наурыздан бастап өтінім қабылданады

Оңтүстік шаһардағы жастардың тұрғын үй проблемасын шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады. Бұл туралы «Отбасы банкі» әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. «Алматы...