Барак Обама: Ол өзі ұлтының бостандығы үшін, өз бостандығынан бас тартты

Барак Обама: Ол өзі ұлтының бостандығы үшін, өз бостандығынан бас тартты

Барак Обама: Ол өзі ұлтының  бостандығы үшін, өз бостандығынан бас тартты
ашық дереккөзі

  “ОАР-дың тұңғыш қаранәсілді президенті,
Нобель сыйлығының иегері Нельсон Мандела 96 жасында дүниеден озды”, – деп
хабарлайды ОАР билігі.

  Билік басында отырған қазіргі
президент Джейкоб Зума Нельсон Манделаны «ұлт әкесі» деп атаған болатын.  Әлем елдерінің көшбасшылары Оңтүстік Африка
еліне көңіл айтуда.

Мандела Йохансбург қаласындағы үйінде қайтыс болған екен.
Екі күн бұрын Н. Манделаның қызы Маказиве Мандела, анасына оның өлім алдында жатқанын
хабарлаған еді.

Президент Зума Мандела ұлт бірлігі үшін, көп
еңбек еткенін айтып отыр. Аталмыш елбасының сөзіне қарағанда елдегі бүкіл тулар
Нельсонның жерлеу рәсіміне дейін,  ұлт
әкесіне құрмет ретінде түсіретіндігін хабарлады.

Пневмония дертіне ұшыраған Мандела, қыркүйек айында
ауруханадан шыққан болатын. Содан бері үй күтімінде болған екен деседі.

  Саясаткерлердің пікірлері:

АҚШ елінің президенті Барак Обама Нельсон Мандела туралы
“Ол өз ұлтының бостандығы үшін өз бостандығынан бас тартты. Сөйтіп, өмірде көп
нәрсеге қол жеткізді.”

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Пан Ги Мун өз
сөзінде Манделаны адам құндылықтары, теңдік, бостандық үшін күрескен алып
тұлғаға теңеген болатын.

Ал Британ елінің премьер-министрі Дэвид Кэмерон «Адамзат
халқының жарығындай бола білген тұлға сөнді» деп көңіл білдірді.

1993 жылы Манделаға Нобель сыйлығы берілген болатын.
Мандела 1999 жылы билік басынан өз еркімен 
кетуге бел буды. Сөйтсе де ел ішінде ең беделді тұлға болып халық
санасында қала беретіні сөзсіз.  Ол соңғы
жылдары қазіргі кезде әлем дертіне айналған СПИД-пен күресті.Осының арқасында
Оңтүстік Африка елі 2010 жылы футболдан әлем чемпионатын өткізуге мүмкіндік  алды.

Қысқасы, Оңтүстік Африка 
елінін дамуына үлкен үлес қосып, бүкіл қажыр-қайратын жұмсай білген
Нельсон Мандела секілді ұлтын сүйген тұлғалар 
әлем назарында қала беретіні сөзсіз.

   Нұрлан Асқар,

 
СДУ журналистика

 кафедрасының 2-курс студенті