Жаңалықтар

«Астана Опера» «Ұйқыдағы ару» ертегісін қояды

ашық дереккөзі

«Астана Опера» «Ұйқыдағы ару» ертегісін қояды

«Астана Опера» театры 6 және 7 желтоқсанда «Ұйқыдағы ару» балетінің көрнекті балетмейстер, КСРО халық әртісі – Юрий Григоровичтің жаңа хореографиялық редакциясындағы екі қойылымын ұсынады. Театрдың биік сахнасында Аврора ханшайымы мен Дезире ханзадасының басты партия­ларын сомдайтын балеттің белгілі әртістері: Әйгерім Бекетаева, Тайыр Гатауов – бірінші құрамда және Гауһар Усина, Рүстем Сейітбеков – екінші құрамда. «Ұйқыдағы арудың» желісі, сипаты, ырғағы сарқылып бітпейді, «Астана Опера» аталған балеттік спектакльді осымен екінші рет қояды, алайда қойылымды тамашалауға келген көрермен оны көрген сайын жақсылық пен зұлымдықтың шегі жоқ айтысын жаңаша сезіне алады. Бұл сюжет көп қырлы, Шарль Перроның кең тараған «Ұйқыдағы ару» француз ертегісінің әдеби нұсқасы. Балеттегі басты көріністе ерке де әсем Аврора ханшайымы пайда болса, соңғы салтанатты көріністе – хореография дамуының жоғарғы деңгейін паш ететін үйлену тойындағы па-де-де. Кіндігін кескен қызына бақыт пен игілік тілеген мейірімді Сирень перінің бейнесі, сондай-ақ тамаша және албырт Дезире ханзаданың бейнесі жүректі қозғайды. Бұл көріністерде аналық қамқорлықтың, жас ханзаданың махаббаты мен шабыт беретін көңілін білдірген сәттердің алып-ұшқан сезімдері бейнеленген. Музыкалық тұрғыдан да, балеттік тұрғыдан алсаң да көріністердің ішіндегі ең жарқыны, мерекелі де есте қаларлығы – үлкен ансамбльді вальстің сахналануы. Юрий Григорович композитор Мариус Петипаның мәтіндерін топтастырып, бір спектакльге жинап, екі акт жасаған. Балеттің көркемдік жетекшісі Тұрсынбек Нұрқалиев, театр труппасының екінші ғасырды басынан кешіп жатқан көрнекті қоюшы хореографпен жұмыс істеуі, биікке ұмтылған әртістер үшін үлкен серпін бергенін атап өтті. «Балет труппасының ерекшелігі олардың бір стильмен шектеліп қалмайтындығында, бұл жас әртістерге тек классикалық биді билеп қана қоймай, сондай-ақ оларға драмалық актер ретінде шыңдалудың сан қырын игеруге мүмкіндік береді. Қойылымға бишілер қатарын толықтырған әртістер қатысады, олар: Халықаралық конкурстардың лауреаты Досжан Табылды мен Еркін Рахматтулаев», – дейді Т. Нұрқалиев. Костюмдер мен декорацияларды либреттоның стилі мен өзге де детальдарына сай итальяндық шеберлер әзірледі. Әлемнің үздік сценографтарының бірі Эцио Фриджерио және костюмдердің суретшісі – «Оскар» сыйлығының иегері Франко Скуарчапино сахнаны шеберлерге тән сән-салтанатқа айналдырып, нағыз ертегіні суреттеді. Жарық беруші итальяндық Виничо Кели.

Индира Байсалбекова