Қайрат Нұртас эфирге қайта оралды ма?

Қайрат Нұртас эфирге қайта оралды ма?

Қайрат Нұртас эфирге қайта оралды ма?
ашық дереккөзі

Күні кеше ғана еді, “Қайрат Нұртасты эфирге жібермей жатыр” деп шулағанымыз. Алайда кешеден бері “31-канал” телеарнасынан Қайрат түспеді.

Кеше, яғни желтоқсанның 5-інде “31-канал” арнасынан “Қазақша концерт” бағдарламасында Қайрат Нұртас “Ауырмайды жүрек” әнімен қайта көрінген еді. Оның алдында ғана “КТК” телеарнасынан “ДосМукасанның” репертуарындағы “Сағындым сені, аяулым” әнін әлдебір әншімен қатарласа шырқағанын көргеміз. 

Ал, бүгін, яғни 6-желтоқсанда “31-канал” телеарнасы “Шоу двойников” бағдарламасына басты кейіпкер ретінде Қайрат Нұртасты шақырыпты. Өзінің сыңарының кім боларын айқындаған бұл бағдарламадағы басты қазылар Қайрат Нұртастың өзі, анасы және әкесі. Қайрат Нұртастан аумайтындығын Ербол дәлелдеді. 

Тек біздің түсінбегеніміз, бағдарламаның неге екі, тіпті үш тілде жүргізілгендігі. Қайрат Нұртас, қашанда ана тіліне, мемлекеттік тілге адалдығын осы жолы да таныта білді. Ал, оның ата-анасы да орыс тілінде қойылған сұрақтардың барлығына қазақ тілінде жауап қатты. Арасында ағылшын тілінде де әңгімелерге жол берілді. Сонда бұл неғылған шатпақ деген ой келді аяқастынан. Біздің қоғамның сиқын, үш тұғырлы тілді осылай көрсетпекпіз бе? Түсінбедік, жап-жақсы бағдарламаны үш тілде жұлмалағаны көңілге қонбады! 

Есен Байнұр