Тәуелсіздік күнін тойламайтын болдық па?

Тәуелсіздік күнін тойламайтын болдық па?

Тәуелсіздік күнін тойламайтын болдық па?
ашық дереккөзі

Кеше, яғни желтоқсанның 6-сында Үкімет басшысы Серік Ахметовтің Қаулысымен Жаңа жылда 5 күн демалатындығымыз айқын болды. Алайда оған дейін Қазақ елі үшін аса маңызды, аса қастерлі  тағы бір мереке бар екені ұмыт қалды. “Қарнымның ашқанына жылаймын ба, қадірімнің қашқанына жылаймын ба?”. Әрі-сәрі күйде біз қалдық. Естеріңізде болса осыдан бір-екі жыл бұрын 25 қазан – Республика күнін мерекелер тізімінен сызып тастадық. Сол кезде “Түркістан” газеті ““БIЗ ҚАНДАЙ МҰРАДАН БАС ТАРТАМЫЗ?”  деген мақала жариялаған болатын. 

Ал 2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасынан кейін “Тәуелсіздік күні” де көмескі тарта бастады. Былтыр бәлкім «Жаңаөзен
оқиғасын» аза тұттық па, ешқайда, ешқандай мерекенің иісі сезілмеп еді. Ал биыл
еш жерде «Тәуелсіздік күнімен» деген ұран кездеспейді. Тек ұлттық патриоттардың
фейсбукта, баспасөзде шырылдағанынан басқа ешқандай әңгіме естілмейді. Сонда
біз «Тәуелсіздік мерекесінен» де бас тартпақпыз ба? Қазақ осы күнді қанша, жыл,
қанша ғасыр аңсады. Осы жолда қаншама қан төгілді. Хан Кене он жыл аттан
түспей, Ресейдің империялық саясатына қарсы ұлт-азаттық соғысын жүргізіп өтті. Алаш
ардақтылары осы жолда басын бәйгіге тікті. 1986 жылы Республика алаңына
жиналған өрімдей жастардың қаны да тәуелсіздік үшін төгілді. Ендеше Тәңірінің
өзі сыйлаған ұлы Тәуелсіздікті елең етпеу, оған тәу еттпеуіміз – үлкен күнә. Қазір
биліктің осы бір қасиетті күнді әдейі елең қылмауы толғандырады. Сонда
Тәуелсіздік біз үшін 20 жыл ғана қасиетті мейрам ретінде аталып өтіп, жиырма
жылдан кейін жылы жауып қоймақпыз ба? Сөйтіп осы бір күнді ұрпақ санасынан бір
жолата ұмыттырып, енді бірнеше жылдан кейін «Еуразиялық одаққа» өз еркімізбен
қосылған күнімізді тойлап жүрмесек игі еді?!!



Есен Байнұр