«АРТеФАКТтың» тұсауы кесілді

«АРТеФАКТтың» тұсауы кесілді

«АРТеФАКТтың» тұсауы кесілді
ашық дереккөзі

Байырғы жер-су атауларының қолданыстағы маңызы мен мәнін
айқындау қажет. Жуырда ғылыми-зерттеу мәдениет институтының ұйымдастыруымен
топонимика ғылымымен айналысатын ғалымдар «Қазақстанның тарихи топонимикасы»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізді.
Басқосуда
ғалымдарымыз ономастиканың өңірлердің атауларына арналған лингвистиканы
дамытудағы рөлін зерделеп, ұмыт болған жер-су аттарын түгендеп шықты.
 Республикамыздың
кейбір елді мекендеріне қазақ батырларының аты берілген. Ал кейбірі оларды
қалмақ немесе башқұрт атқамінерлерінің есімімен шатыстырады. Сондықтан, оны
мұқият зерттеп, құжатқа түсіріп отырған абзал дейді ғалымдар.
Белгілі
ғалым Досбол Байғұнақов: «Жер-су атауларының бірнеше мыңжылдық тарихы бар. Ол
біз үшін өте құнды. Бір жағынан бұл  геосаяси мәселемен  астасып
жатады. Жер-су атауларын басқа халық, өзге мемлекет өз мүддесі үшін
пайдаланбауы керек», – дейді.
Сондай-ақ,
конференция аясында мамандар қала мен өңірлердің аты жинақталған алғашқы
«Артефакт» ғылыми-әдістемелік журналының тұсауын кесіп, жаңа сайтты
таныстырды. «Артефакт» журналы кәсіпқой мамандарға арналып жарық көріп
отыр. Журналдың жауапты шығарушысы – Бану Дәулетбаева. Үш ай сайын жарық
көретін журналдан «Мәдениет және орта», «Мұра және мұралану», «Ұшқындар мен
ұстындар», «Төртінші дәптер» айдарлары аясында көптеген танымдық дүниелерді
таба аласыз. «Артефакттың» алғашқы санында Қуаныш Әбудің «Вестерн жанры
элементтерінің қазақ киносындағы көрінісі» атты мақаласы жарық көрген. Онда
автор: «Өнер туындысын белгілі бір жанрға жатқызу немесе айқындау – шартты
құбылыс. Киношығарма топтары арасында көркемдік суреттелу тәсілдері немесе
мазмұндық құрылымында бір немесе бірнеше ұқсас белгілері ғана оларды белгілі
бір жанрға жатқызуға негіз болады. Сонда да болса, оларды нақты таза бір жанр
деп бағалау мүмкін болмай жатады» дейді. Журналда журналист Әсия
Бағдәулетқызының кітап ісі мен кітапхана мәселелері туралы сараптамалық
мақаласы берілген. Бір кездері мәдени өмірдің алтың діңгегі болған кітапханалардың бүгінгі хал-жағдайына
тоқталған Әсия Бағдәулетқызы «бүгінде еліміздің кітапханаларындағы өмір қайнап
жатыр деп айта алмаймыз» деп қынжылады.

Гүлзина
Бектас