Оймақтай ой!

Оймақтай ой!

Оймақтай ой!
ашық дереккөзі

Оймақтай ой!

Серік Абас Шах:

“АҒАШПЕН
АЛЫСПАЙ-АҚ ҚОЯЛЫҚ,
АҒАЙЫН!”

Шыршаға
қарсы соғыс ашып жатқандарды қолдай алмаймын. Жаңа жылды қарсы алу датасын
ауыстыра алмаған соң, бала-шағаға қуаныш сыйлап тұрған
ағашпен айқасып не керек? Жаңа жылды мереке ретінде тойлаудан мүлдем бас тартпаған
соң, алаңға шыршаны бір ай бұрын қойдың не, бір апта бұрын қойдың не, бәрібір
емес пе? Түбінде бір “бұзылатын” болған соң, өтірік қымсынып не
керек? Тәуелсіздіктің маңызын ешқандай шырша ағашы бұза алмайды. Дұрыс түсініңіз,
өзбектің кухнясын жауып тастағанмен, қазақтың кухнясы мықты болып кетпейді.
Неміс пен жапон көліктерінен бас тартқанмен, ресей автомашинасының сапасы
артпайды. Тәуелсіздік мейрамының шыршасыз құндылығы артып, шырша кесірінен маңызы
кеми қоймас. Ол жәй ғана ағаш қой… Түзу өсетін ағаш біздің түзетуімізді қажет
ете қоймас? Ал, өзіміздің қыңыр-қисық ойларымызға өзгеріс керектігі айдан анық.
“Жел диірменді” “жеңбей” ақ қоялық! Біздің “Дон
Кихоттар” мұның орнына басты мерекелеріміздің Жаңа жылдан да әсерлі
болуына күш салсын!

 Р.S. Бұл ойым көп адамға
жақпасын сеземін… Сондықтан, алдын-ала ғафу өтінемін. Айтпақшы: Аяз ата мен Ақшақардың
алып денесін мерекеден бір ай бұрын алаңға тұрғызып қойған кейбір
“бояушының” әңгүдік әрекетіне сөзім жоқ. Бұл бөлек әңгіме… Тым ерте
басталып кеткен жаңа жылдық ұран-тілектерге қарағанда шенеуніктер ресмилігі
басым Тәуелсіздік Күнінен гөрі шаттығы мол Жаңа жыл мейрамын тәуір көретін сияқты.
Ал, қуанышы мен мұңы қабаттасқан 16-желтоқсанды шаттана тойлау үшін не
істеуіміз керек? Шыршаны алаңнан аластасақ, осы сұраққа жауап табылады деп
ойлайсыз ба? Мәселе осында…