Жаңалықтар

Қазақстандықтардың 32%-ы Кедендік одақ елімізде бағаның өсуіне ықпал етті деп есептейді

ашық дереккөзі

Қазақстандықтардың 32%-ы Кедендік одақ елімізде бағаның өсуіне ықпал етті деп есептейді

 

DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан тұрғындарының Кедендік одаққа көзқарасын анықтау мақсатында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облыс орталығынан барлығы 2000 адам қатысты. Сұрақтарға 18-жастан жоғары 71% әйелдер мен 29% ер адамдар жауап берді. Сұрақ қою әдісі – телефон арқылы жүргізілген сауалнама және онлайн-сауалнама.

Сауалнамаға қатысқан отандастарымыздың басым бөлігі Қазақстанның Кедендік одаққа мүше болуын дұрыс деп есептейді. 67%-ы Кедендік одақтың (КО) 3 жылдық жұмысын интеграциялы экономикалық қауымдасықтың нәтижелі жемісі деп бағалайды. Ал, одақ жұмысына бұрыс баға берген қатысушылар 7,5%-ы құрады.

Ал қатысушылардың 21%-ы аталған жақтаушы да, даттаушы да топқа жатқызылмады. Олар Қазақстанның КО-ға мүшелігіне қатысты пікірлерін білдіруде бейтарап бағытты ұстанады.

Ал, одақтың жұмыс жасап жатқанына 3 жылдан астам уақыт өтсе де,  қатысушылардың 4,5%-ы Кедендік одақ жұмысынан бейхабар екен.

КО-ң пайдалы жақтарын саралауда, респонденттердің аз бөлігі (3,5%) «Қазақстанда өнеркәсіптің дамуы» деп жауап берді. Ал, «бәсекелестіктің арқасында тауар сапасы артады» деген жауапты таңдаған респонденттер саны 7,5%-ы құрады.

Жауап берушілердің пікірінше, КО жұмысының негізгі үш артықшылығы:

1.«Экономикалық және саяси тұрақтылық» (32%); 2. «Кедендік тәртіптер жеңілдетілді» (23%); 3. «Қазақстандық тауарлардың нарықта өтімділігі жоғарылады» (15%); Ал, сауалнамаға қатысушылардың бестен бір бөлігі КО жұмысының Қазақстан үшін пайдалы жақтарын көріп тұрғанымыз жоқ деп жауап берді.

КО-ң жағымсыз жақтарын анықтауда, қатысушылардың үштен бір бөлігі (32%) одақ бағаның өсуіне себепші болды деп жауап берді. Сондай-ақ, дәл осынша қатысушы КО-ң ешқандай жағымсыз жақтары жоқ деген жауапты таңдады.

«Негізгі тауар тасымалдаушы ретінде, Ресей және Беларусь өнімдеріне артықшылық беріледі» (11%) және «Отандық өнімдер үшін бәсекелестіктің қатаң шарттары» (10%) айқындалды деген жауаптарды таңдаған қатысушылар саны да тең түсті.

Жауап берушілердің 9%-ы үш ал аумағында контрабанда жолымен тауар тасымалдау белең алу қаупі бар деген пікірде екен.

Сондай-ақ, қазақстандықтар өзге мемлекеттердің (Украина, Қырғызстан, Армения, Тәжікстан) КО-ға енуіне қатысты пікірлерімен де бөлісті.  Жартысына жуығы (52%) бұл шешімді қолдайды. Ал, 32%-ы дұрыс деп есептемейді. Үштен бір бөлігі  бұл сұраққа бейтарап пікірде екендігінін жеткізді.

“Түркістан-ақпарат”