Жаңалықтар

АҒЫЛШЫН СӨЗДІГІНІҢ АЛҒАШҚЫ ТОМЫ

ашық дереккөзі

АҒЫЛШЫН СӨЗДІГІНІҢ АЛҒАШҚЫ ТОМЫ

Қазіргі таңда ағылшын тілі халықаралық қатынастар мен бизнес сөйлейтін жетекші тілдің бірі. Сонымен қатар әлемдегі ғылыми дүниелер мен жаңалықтар, басқа да маңызды ақпараттың қомақты бөлігі дүниежүзіне осы тіл арқылы тарайды. 

Қай салаға болсын, қажет мәлімет пен деректі осы тілде табуға болады. Соған орай, «Қазығұрт» баспасынан жұртшылық назарына көлемді Ағылшынша-қазақша сөздіктің ал­ғашқы томы ұсынылып отыр.

Қоғам үштілділікке бағыт алған тұста сапалы сөздіктердің қажеттігі айтпаса да түсінікті. Баршаға аян, Елбасы Н.Назарбаев ел азаматтарының ағылшын тілін меңгеруіне жіті көңіл бөліп келеді. Бұл бағдар елімізде шет тілдерін үйренуге арналған көптеген оқулықтар мен ғылыми еңбектердің жарық көруіне игі ықпалын тигізуде. Ағылшынша-қазақша сөздік мемлекеттік тілдің еңсесін көтеріп қана қоймай, қазақтілді кеңістіктегі ақпаратты молайтып, түрленуіне серпіліс жасамақ. Жобаның мақсаты да сол. Қазақтілді ақпарат кеңістігін ұшы-қиыры жоқ мұхитқа ұқсаған ағылшын тіліндегі ақпарат әлемімен тікелей байланыстыратын ағылшын-қазақ тілдік арнасын түзу. Бұл еңбекке «Oxford Advanced Learner’s Dictionary of Current English» ағылшын тілінің түсіндірме сөздігі негіз болған. «Үлкен сөздікті құрастыру ірі энциклопедияны құрастырумен тең» дейді құрастырушылар. Сондықтан сөздік еліміздің және шетелдік тіл ғалымдарының, сондай-ақ ғылымның басқа да салалары өкілдерінің назарын өзіне аударатындығына сенім мол. 

Сөздік ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің тапсырысы бойынша «Қазақстан Респуб­ликасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында шығарылды. 

Динара Дүрмән