АЛМАТЫДА ЮНЕСКО-НЫҢ АЙМАҚТЫҚ ХАБЫ ҚҰРЫЛАДЫ

АЛМАТЫДА ЮНЕСКО-НЫҢ АЙМАҚТЫҚ ХАБЫ ҚҰРЫЛАДЫ

АЛМАТЫДА  ЮНЕСКО-НЫҢ  АЙМАҚТЫҚ  ХАБЫ  ҚҰРЫЛАДЫ
ашық дереккөзі

2013 жылдың
2-7 желтоқсан күндері Нанси қаласында (Франция) өткен Қазақстан-Франция
елдерінің ғылыми симпозиумына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары қатысып
қайтты. Симпозиум аясында ҚазҰУ ректоры, академик Ғ. Мұтановтың ЮНЕСКО-ның
білім беру саласы бойынша бас директорының орынбасары Цянь Танмен және
 ЮНЕСКО-ның тұрақты даму білім беру бөлімінің бастығы Александр Ляйхтпен
кездесуі өтті.  

ЮНЕСКО-ның Париждегі
штаб-пәтерінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов ЮНЕСКО-ның
білім беру саласы бойынша бас директорының орынбасары Цянь Танмен білім беру
ісіндегі әріптестік туралы мәселелерді талқылады. Кездесу соңында тұрақты даму
бойынша аймақтық хаб (орталық) құру туралы шешім қабылданды. Бұл хаб ЮНЕСКО
ұсынған UNITWIN бағдарламасына сәйкес ҚазҰУ-да орналасып, Орта Азиялық
университеттерінің аймақтық жүйесі ретінде құрылады. Құрылымның негізгі
міндеттері – аймақтардағы тұрақты дамудың басты мәселелерін шешу жолдарын
қарастыру, осы бағытта жоғары білікті маман даярлау болып табылады. 

Мұндай шешім жоғары
халық­аралық рейтингке байланысты және университеттің тұрақты даму ісіндегі
жасаған орасан зор жұмысына қарай,  БҰҰ тұрақты даму «РИО+20»
конференциясында ұсынылған «Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа» жобасы негізінде
мүмкін болып отыр. Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Орталық Азия бойынша БҰҰ «Academic Impact» жобасына қатысатын жалғыз
университет және тұрақты даму бойынша «GLOBAL CLASSROOM» оқу-білім беру
халықаралық жобасының халықаралық әріптесі болып саналады. 

ЮНЕСКО-ның Аймақтық
хаб жобасы стратегиялық маңызы бар мәселе болғандықтан жуық арада жасалынбақ.
Тұрақты даму тұжырымдамасы ЮНЕСКО қызметінің негізгі бағыттарына орай Қазақстан
Президенті Н.Назарбаев қолдауымен  іске асырылады. Бұндай Хаб БҰҰ тұрақты
даму «РИО+20» конференциясында ұсынылған «Жасыл көпір ұрпақтан ұрпаққа» жобасы
арқылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тұжырымдамасын әрі қарай дамыту болып табылады. 

Еңлік АҚЖІГІТ