Жаңалықтар

Сафуан Шәймерденов: Геннадий Васильевич! Мен сізді біздің идеологиялық жұмыстағы Вавилондық шоғырлануды тоқтатуға шақырамын!

ашық дереккөзі

Сафуан Шәймерденов: Геннадий Васильевич! Мен сізді біздің идеологиялық жұмыстағы Вавилондық шоғырлануды тоқтатуға шақырамын!

Serik Abiken

Білесіздер ме, бізде президент Рейганды, Ақ үйді, жалпы, америкалық басқару жүйесін, буржуазиялық демократияны сынауға келгенде алдына жан салмайды. Мінеки, осы буржуазиялық елде, бірде Хайдер атты қария дәл Ақ үйдің алдында келіп, көгалға жайғасты. Ол сол жерде 220 күн бойы аштық жариялап жатты. Оған Ақ үйдің дәп алдында жатып алып аштық жариялауына ешкім кедергі келтірген жоқ. Осы жеті ай ішіндегі біздің тілшілердің репортаждары әдетте былай басталатын: «Ақ үй әлі бұрынғыдай керең». Біз президент Рейган Ақ үйден шығып, Хайдердің жанына келіп, оның қолын алғанын қаладық, бірақ ол мұны істемеді. Ол басқадай жасай алар еді: әдетте бізде істелетіндей қылып, қарияны жындыханаға немесе түрмеге отырғызуға бұйыра салуына болушы еді. Бірақ ол бұлай жасамады. Міне, сіздерге ең борсыған, ең іріп-шіріген буржуазиялық қоғамның демократиясы туралы мысал керек болса. Осы «іріп-шіріген демократиядан» керекті нәрселерді алу бізге артық болмас деп ойлаймын. Ондай жасаудың орнына біз бейбіт тұрған қыз-ұлдарымызға қарсы шоқпармен, сапер күректерімен атой салып, ит қостық, жиырма градус аязда өрт сөндіретін машинадан су шаштық. Ең масқарасы, содан кейін біз оларды күресінге апарып, лақтырып тастадық, өйткені астанадағы барлық түрмелер аузы-мұрны шыға толған болатын…..

Геннадий Васильевич! Мен сізді біздің идеологиялық жұмыстағы Вавилондық шоғырлануды тоқтатуға шақырамын! Әйтпесе бір-бірімізді түсінуден қаламыз. (Сафуан Шаймерденов 1987 жыл)