Своик орыс тілін ІІ мемлекеттік тіл еткісі келеді
Своик орыс тілін ІІ мемлекеттік тіл еткісі келеді
Петр Своик Қазақстанның 22 жылдық тәуелсіздігінде шовинистік, империялық көзқарасын ешуақытта өзгертпеген саясаткер. Бүкіл саналы ғұмырын оппозициялық саясатқа арнаған ол елдегі мемлекеттік құрылымның барлық бағытын сынайды. Соның ішінде елдегі жүргізіліп отырған тілдік саясат оның көңілінен шығып көрген емес. Если бы депутатом был я… переделал Закон о языках в конституционный» деген мақаласы жарық көрді.
Оппозициялық саясаткер осы уақытқа дейін тілдік ахуалын өз шешімін таппағандығын нақты көрсете білген. Сөйтіп Конституцияның 7 бабына өзінше түсіндірме жасайды. «Конституцияның 7 бабында біздің елімізде қазақ тілі мемлекеттік тілі деп белгіленген, алайда, орыс тілі онымен бірдей дәрежеде мемлекеттік органдарда ресми тұрғыдан орыс тілі қолданылады делінген. Демек логикалық тұрғыдан сарапқа салсақ, қазақ тілі мен орыс тілі тең дәрежеде қолданылады, алайда кейбір жағдаяттарда олай емес. Яғни заңнамалық құжаттарда мемлекеттік органдар қай тілде іс қағаздарын жүргізетініне қарамастан азаматтарға, заңды тұлғаларға қазақ және орыс тілдерінде ақпарат алатын мүмкіндік тудыруы тиіс. Егер қазақ тілі мен орыс тілі тең дәрежеде болса, онда орыс тілі неге ІІ мемлекеттік тіл болмайды?» деген сауал қояды ол.
Арықарай «Тілдер туралы» заңды талқыға салған ол бұл заңның Конституциялық нормаларға қайшы көптеген баптары бар дейді. «Жалпы алғанда, «Тілдер туралы» заңның қай бабын алсақ та, бұл Конституцияның тілге қатысты нормаларына мұрнын шүйіру немесе тонын айналдыру, қайталап түсіндіру болып отыр. Сол себепті де бұл заңды Негізгі заңмен сәйкестендіру қажет» дейді.
Жалпы Конституциядағы 7-баптың жұртты әртүрлі ой қозғауға түрткі болып отырғаны бұл емес. Бұған дейін мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжіліснде депутат болып жүргенінде сол кездегі Конституциялық кеңестің төрағасына осы бапты түсіндіріп беруін өтініп, депутаттық сауал жолдаған болатын. Онда: «Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?» деген сауал қойылады. Өйткені, халықаралық нормада мемлекеттік тіл мен ресми тілдің заңдық айырмашылығы болмайды. Екеуінің де дәрежесі бір. Алайда біздің заңымыздың өзіндік ерекшеліктері бар. Мемлекктетік тіл – қазақ тілі. Орыс тілі ресми тұрғыда онымен тең дәрежеде қолданылады. Осыны көлденең тартқан кез келген мекеме қызметкерлері қазақ тілінде сөйлеуге де, оны үйренуге де ерінеді. Сол кезде Конституциялық Кеңестің төрағасы болған Игорь Роговтың «мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деген жауабы да айтылды. Ал 2011 жылы әйгілі 139-дың хаты қоғамда біраз сілкініс тудырып, ақыры, қоғамдық пікірде қазақ саясаттанушылары соққы алған еді. Онда да осы 7-баптағы орыс тілінік Конституциялық дәрежесін өзгерту туралы айтылады. Қазақтың бір топ зиялылары қол қойған хаттың туу себебі «Тілдер туралы» заңдағы мемлекеттік қызметкерді мемлекеттік тілді білуге міндеттейтін бапқа орыстілді қоғамның күшті қарсылығына ұшырауы, соның нәтижесінде қабылданбауы болған еді. Заңдағы екіұштылық енді елдегі орыс диаспорасының орыс тіліне ІІ мемлекеттік тіл мәртебесін сұрауына түрткі бола бастады. Демек, Қазақстан әлі күнге дейін тілдік проблемасын реттей алмауымен тарихқа енейін деп тұр.
Есен Байнұр.