Жаңалықтар

Болат Өтемұратов – Альянс банк пен Темір банктің жаңа акционері

ашық дереккөзі

Болат Өтемұратов – Альянс банк пен Темір банктің жаңа акционері

 

Альянс және Темір банкті еліміздің ең бай кәсіпкері Болат Өтемұратовтың сатып алатыны туралы әңгіменің шыққанына бір жылдың жүзі. Бұл туралы «Самұрық-қазына» әл-ауқат қорының баспасөз мәлімдемесінде былай деп жазылды: «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Форте Банк» АҚ басты акционері Болат Өтемұратов «Темір банк» АҚ сатып алу туралы, сондай-ақ «Альянс банк» акция қорының жартысын сатып алатыны туралы келіссөздер жүргізілуде. Бірақ «Альянск банктің» негізгі акция пакеті өзінде қалады. Енді тараптар екі банкті қосып, қаржылық жағдайын жақсарту бірден қолға алынады».

Осы мәлімдемеден кейін көп ұзамай Болат Өтемұратов Темір банк акциясының 79,88 пайызын, ал Альянс банктің 16 пайыздық акциясын иемденді. Бұл келіссөздің сатылу құны мен басқа да деректер әлі жарияланған жоқ. «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасының орынбасары Елена Бахмутованың айтуынша, бұл келіссөз мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша,  яғни дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында бөлінген банк капиталынан шыққан соң қарастырылмақ. «Нақты мәлімет келісімшарттан кейін белгілі болады», – деп қайырды Бахмутов ханым. Бұл тұрғыда «Форте банктің» басқарма төрағасы Гурам Андроникашвили Өтемұратовтың Қазақстанның банк секторына белсенді кірісетінін бұған дейінгі сұхбаттарында айтқан болатын. «Осы келіссөзге қол қойылған соң қос банк еліміздегі ірі қаржы институтына айналады деген сенімдеміз. Біз бұл ойымызға қол жекізіп, жүзеге асырамыз. Келіссөз ден соң қажетті ақпарат банктердің акционерлері мен кредиторларына жіберіледі», – деді Андроникашвили мырза.

Альянс банктің басшысы Мақсат Қабашевтың бағалауынша,  қос банктің құны 500 миллион доллардан бастап 1 миллиард  доллар шамасында. «Сату-сатып алу туралы келісімшартқа қол қою арқылы екі банкті қалпына келтірудың бірінші сатысын жүзеге асырдық», – деді олигарх.

–  Келіссөз аяқталысымен Темір банкті қалпына келтіруді қолға аламыз. Ал Альянс банктің даму сатысы бөлектеу. Біз «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры және кредиторлармен бірлесіп, қалпына келтіру процесін айқындау үшін банктің экономикалық капиталын, табыстылығы мен өтімділігін есептеуіміз қажет , – деді Өтемұратов мырза. Өйткені Альянс банк бойынша негізгі акционер «Самұрық-Қазына».

Олигарх өзі құрған АТФ банктің 91,8 пайызын жаһандық дағдарыстың басында Қазақстан қаржы нарығындағы олжалы банкті сатып, әлемдік миллардерлер  тізіміне ілінгені белгілі. Қаржылық дағдарыстың етек ала бастаған кезінде итальяндық Uni Credit Group 2,117 миллион долларға алған еді.

Болат Өтемұратовтың меншігінде еліміздің ірі компанияларының негізгі акциялары бар. 2013 жылдың ең ықпалды кәсіпкері ретінде Өтемұратов мырза танылды. Рейтингте көш бастап тұрған кәсіпкер Қазақстан экономикасының басқа беделді кәсіпкері Тимур Құлыбаевты ғана артта қалдырған. Ағымдағы жылы кәсіпкердің бірнеше маңызды сауда-саттық жасағаны белгілі. Соның бірі – «Қазцинк» акциясын «Самұрық-қазына» әл-ауқат қорына сатты. Ал маусымда «Верный капитал» инвестициялық компаниясы арқылы қаражат құйған Болат Өтемұратов құны 300 миллион долларлық «Талан Towers» кешіні жобасын ұсынды. Астанадағы бұл жобаның құрылысы 2017 жылға дейін аяқталмақ.

  Сондай-ақ бұл инвестициялық компания Burger King желісін дамытуда. Жыл соңына дейін бұл ресторандардың жалпы саны Қазақстан бойынша 13-ке жетпек.