«ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» ... МАРАПАТТАЛДЫ

«ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» ... МАРАПАТТАЛДЫ

«ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» ... МАРАПАТТАЛДЫ
ашық дереккөзі

Оңтүстік Қазақстан облысы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында
«Тәуелсіздік-тұғырым» деп аталатын үлкен шарасын өткізді. Шараға облыс, аудан,
қалалардың өкілдер шақырылыпты. Олардың арасында  Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы 9
желтоқсан күні қол қойған Жарлығымен  марапатқа
ие болғандар да бар. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов бірқатар азаматтарға құрмет
көрсетіп, Елбасының атынан мемлекеттік наградалар тапсырды.

  Марапат
иелерінің арасында белгілі жорналшы, Қазақстанның құрметті
журналисі, соңғы жылдары республикалық 
«Айқын»  газетінің Оңтүстік
Қазақстан облысындағы тілшісі болған Қуандық
Оразбекұлы да бар. Ол Елбасымыз Н. Назарбаевтың 
Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

  Қалекең
бүкіл ғұмырында әрбір жұмыс күнін, тіпті әрбір сағатын тиімді пайдаланып, жақсы
қызмет істеді. Ол өзіне берілген «Қазақстанның құрметті журналисі» деген атаққа
әбден лайықты.

  Журналистиканың
қым-қиғаш, таусылмайтын шаруаларымен арпалысып жүріп ғылыммен айналысты.
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі үшін диссертация қорғап
шықты. Көп ұзамай педагогиканың доценті атанды. Журналистік қызметпен бірге
жоғары оқу орындарында ғылыми оқытушылық қызметті қатар атқарды. Оған берілген «Қазақстан
Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы төккен маңдай терінің
нәтижесі. 

  Қ.
Оразбекұлы «Қазақстан Конституциясына 10
жыл», «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін»
медальдарының иегері.

  Дәл
осы жолы «Ерен еңбегі үшін» медалі шын мәнінде ерен еңбек иесін іздеп тапты. Мемлекеттік наградаларыңыз  құтты болсын, Қазақстанның Тәуелсіздігін
тұғырлы ету үшін ерен еңбек етіп жүрген жерлестерім!

 
Слам НҰРМАҒАМБЕТОВ,

 
Қазақстан журналистер

одағының
мүшесі.