Жаңалықтар

«АТА-БАБА ӨСИЕТІНЕ АДАЛМЫЗ»,–

ашық дереккөзі

«АТА-БАБА ӨСИЕТІНЕ АДАЛМЫЗ»,–

16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев республиканың тәуелсіздік күнімен құттықтады. «Мемлекеттеріміздің халықтарының молшылық тұрмысын көздеген қырғыз-қазақ стратегиялық серіктестігіміздің бұдан әрі де жан-жақты дами және нығая береріне сенемін», – делінген жеделхатта.

Қазақстанның тәуелсіз, қуатты мемлекет екенін паш еткен осы айтулы күннің қарсаңында қазақ елшілігі Қырғызстанның жоғарғы билік органдарының өкілдері, дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері, саяси партиялардың лидерлері, зиялы қауым, іскер адамдар және қазақ диаспорасы қатысқан үлкен мерекелік іс-шара өткізді.

«Біздің еліміз атақты «Байқоңыр» ғарыш айлағы немесе табиғи  шикізаттық байлығы арқылы емес, ең бастысы өлкемізді әлемнің 50 алдыңғы мемлекетінің қатарына қосқан қазақстандық экономиканың жоғарғы жетістіктері арқылы даңқы шығып жатқанына қуанамын», – деді Қазақстанның Қырғызстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Исабаев.

Қырғыз Республикасының Үкіметінің атынан сөйлеген Сыртқы істер министрі Ерлан Әбділдаев: «Қырғыз халқы қазақ халқымен арадағы достығын әрқашан да қымбат көрген және біз әрбіріміз «Қырғыз- қазақ бір туған» деген мақалды жақсы білеміз. Біздің тарихи жадымыз, былайша айтқанда, біздің ата-бабаларымыздың өсиеті бүгінгі күні мемлекеттер аралық қарым-қатынастарында толық көрініс тауып отыр», – деп жылы лебізін білдірді. 

Мерекелік іс-шара қазақтың ұлттық ән-күйлеріне ұласты.

Назарбек БАЙЖІГІТОВ, 

«Түркістанның» Қырғызстандағы тілшісі