Жаңалықтар

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ АГЕНТТІК «СЕНТРАСТАН» ШЫҚТЫ

ашық дереккөзі

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ АГЕНТТІК «СЕНТРАСТАН» ШЫҚТЫ

Жуырда «Бәйтерек» холдингінің еншілес мекемесі – Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік «Сентрас» венчурлық қоры құрамынан 91,34 миллион теңге табыспен бөлініп шықты. Бұл үлесті инвестициялық қордың басқа акционері «Centrica» сатып алды. Венчурлық тәуекел жоғары болса да, қорға салынған мемлекеттік инвестицияның жалпы табысы 18,27 пайызды құрайды. 

«Сентрас Тәуекелді инвестициялау жөніндегі акционерлік» қор  2005 жылы инновациялық және басқа да жобаларды қаржыландыру мақсатында құрылған, экономикалық тұрғыдан тиімді және сұранысқа ие. Даму мүмкіндігі жоғары деп бағаланған. Оның жарғылық капиталы 1 107 400 мың теңгелік қор кезінде «Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруына берілген. Қор осы уақытқа дейін экономиканың түрлі салалары бойынша 8 жобаны қаржыландырды. 

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі ҚР Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Холдинг инвестиция тарту, кластерді дамыту, еншілес компанияларды ұжымдық басқару жүйесін жетілдіруді жүзеге асырады. Оның сенімді басқаруына «Қазақстан даму банкі» АҚ, «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ және тағы да басқа мемлекеттік қаржы ұйымдары берілген. Ал «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ инновациялық үдерістерді үйлестіру және мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асырады.  

А.Бейімбет