Жаңалықтар

Қанат Ислам қарсыласын құлатты

ашық дереккөзі

Қанат Ислам қарсыласын құлатты

 

Сайыс Доминикан республикасында өтті. Доминикандық тәжірибелі Базилио Сильвамен жекпе-жекті төрешілер алтыншы раундта тоқтатты. Өйткені төртінші раундта Қанаттың соққысынан есеңгіреп қалған боксшы, бірден есін жиып, жекпе-жекті жалғастыратынын айтқан. 29 жасар спортшының бұл бірінші нокауты емес. 16 жекпе-жектің 14-і де нокауттық жеңіспен аяқталған.

Бұған дейін орта салмақтың бірінші дәрежесінде өнер көрсететін даңқты боксшы Қанат Ислам Эквадор астанасы Китода колумбиялық Эмилио Хулионы ұтқан болатын.

Қанат Ислам 1984 жылы Қытайдағы Шыңжаң автономды өлкесінде дүниеге келген. 2008 жылы Бейжің олимпиадасында бокстан Қытайдың намысын қорғаған азамат қола жүлдені қанағат тұтып, қазақ халқы үшін жұлдыздай жарқырады. 2010 жылы ол Қазақстанға көшіп келсе де, 2012 жылғы Лондон олимпиадасында Қазақстан атын қорғауға мүмкіндігі болмады. Дәл осы жылы кәсіпқой бокс алаңына ауысты.