Жаңалықтар

Біз кімге қарызбыз?!.

ашық дереккөзі

Біз кімге қарызбыз?!.

Қазақстанның мемлекеттiк қарызы 26,5 млрд. теңгенің көлемінде. ҚР Қаржы вице-министрi Руслан Дәленовтің айтуынша, борыштың деңгейі қатаң қадағауда. Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте Дәленов: «2014 жылдың 1 қазанындағы деректер бойынша Қазақстанның мемлекеттiк қарызы 4 трлн. 074 млрд. теңге. АҚШ доллармен есептесек, шамамен 26,5 млрд. АҚШ доллары көлемiнде. Бұл ішкі жалпы өнімнің 1,9 пайызына тең. Айтарлықтай төмен көрсеткiш», – дедi Р. Дәленов. 

Вице-министрдің айтуынша, мемлекеттiк кепiлдiк аясында алынған қарыздар 121 млрд. теңге болып отыр. Ал соңғы 9 айдың қорытындысы бойынша үкiметтiк қарыз бен оны жабу көлемi қауiпсiз деңгейде. Бюджетке салынған қарыз ауыртпалығы бюджеттiң пайдасымен салыстырғанда ойдағыдай шекте – 9,7 пайыз деңгейiнде тұр: «Естеріңізге сала кетсек, ең шектеулi лимит 15 пайыз. Бiзге еш қауiп жоқ. Дүниежүзiлiк экономикалық форумның 2013-2014 жылдарға арналған жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк индексiнде қарыз көлемi төмен елдердiң iшiнде Қазақстан жоғары 14-орынға ие болды».

ҚР Ұлттық банк тарапынан берілген ресми деректерге сүйенсек, Қазақстан ең алдымен Нидерландтарға қарыз: $33541,8. Содан кейінгі кезекте – Ұлыбритания ($23555,3) мен Қытай ($17058,7) тұр. Ал қазақтар ең аз қарыз алған елдер қатарында Боливия, Индонезия, Мексика, Португалия, Филиппиндер мен Шри-Ланка бар.

Нұрахмет Қуат