Жаңалықтар

Михаэль Шумахер өлім аузында жатыр

ашық дереккөзі

Михаэль Шумахер өлім аузында жатыр

 «Формула -1» жарысының жеті дүркін жеңімпазы, атақты Шумахер бас сүйегінен жарақат алған, жағдайы тым ауыр. 

  29 желтоқсанда Альпі тауларының Франциядағы Мерибель саяжайында шаңғы теуіп жүріп, құлаған ол басынан жараланған. 44 жасар пилотты Мутье ауруханасына жеткізген. Жарақаты ауыр болғандықтан, оны қайтадан Гренобль дәрігерлеріне табыстапты.

«Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» деген осы емес пе? Формула-1 жарысында неше жыл жеңімпаз атанды, 2006 жылы бұл жарыстан кеткенін жариялады. Алайда 2010 жылғы жарысқа тағы қатысты. Бірақ өз рекордтарын жаңарта алған жоқ. Өйткені Mercedes командасындағы өз әріптесінен оза алған жоқ. Десе де «шумахер» есімі әлемдегі ең жылдам көлік жүргізуші мағынасына ие болған.

29 желтоқсан күні жараланған неміс пилотының өмірі қыл үстінде.