Жаңалықтар

Кым Чен Ын тағы 8 шенеунікті ату жазасына кесті

ашық дереккөзі

Кым Чен Ын тағы 8 шенеунікті ату жазасына кесті

 Оңтүстіккореялық «Чунан ильбо» газетінің мәліметінше, Кым Чен Ын тағы 8 жоғарылауазымды тұлғаларға ату жазасын берген. Олардың бар айыбы – корей халқының болашағы үшін жаңа реформаны талап етіп, халық алдында сөз сөйлеу арқылы соғыстан бас тартуы. 

Бас қолбасшының «Американдық сатқындар» деген сылтауы айыбының сорақысы.

  Өлім жазасына қиылған қызметкерлердің барлығы әкесінің кадры. Сондықтан олардың көзін жою – жаңа саясатты қалыптастыру дейді қазіргі төраға. Осыдан екі ай бұрын тағы екі партиялық және әскери тұлғаны ату жазасына кесіп, бұйрығы пулеметпен орындалған.ХХІ ғасырда, мемлекет атауына таңылған демократиялық мемлекетте ату жазасын бас қолбасының бұйрығымен орындау және оған ешкімнің қарсы келмейтіні – демократия емес, абсолютті монархияны білдіретін секілді. 

  Ким Чен Ынның ағасы жоғарғы кеңесті  басқарғанына бірнеше жыл болған. Сондай-ақ ол Кореядағы «екінші адам» болып есептеледі екен. Ол елдегі билікті басып алғысы келгені үшін атылды. Бұл тұлға Қытаймен ортақ экономикалық аймақ құруға қарсы болған. Ал Ким Чен Ынның жоспары бойынша, жаңа 14 экономикалық аймақ КХДР-на шетелдік инвестиция әкелуі тиіс. Алайда Америкаға азуын көрсетіп отырған кішкене мемлекетке инвестиция салуға Қытайдан басқа мемлекеттер құлықсыз.