34 миллион теңге кімдікі? Қорғаушы клиентке ақшасын беруді ұмытып кетіпті
34 миллион теңге кімдікі? Қорғаушы клиентке ақшасын беруді ұмытып кетіпті
2013 жылы “Бизнес-systems” ЖШС «Назарбаев зияткерлік мектебін» сотқа берген. Себебі, оқу орны жиһаздың ақысын төлеуден бас тартқан. Оқу орнына алынған жиһаз тендерлік құжаттарда көрсетілген материалдан жасалмаған. ЖШС директоры Вадим Лопатин, тендерде көрсетілген материал ойдан жазылған, ондай ағаш табиғатта мүлде жоқ дейді. Сондықтан фирма жиһазды өз қалауы бойынша таңдаған. Бірінші сотта фирма жеңіліп қалады. Алайда Лопатин мырза қорғаушы ханымнан берілген құжаттар мен сот шешімінің көшірмесін алмаған.
Күзде директор қорғаушының қайталап сотқа бергенін кездейсоқ біліп қояды. Астана қаласының азаматтық және әкімшілік істері сотының апелляциялық коллегиясы «Назарбаев зияткерлік мектебін» “Бизнес-systems” фирмасына 34 миллион теңге соманы төлеуге міндеттеген. 24 шілдеде аталған сома сот орындаушысы Темірлан Түлеевтің есепшотына аударылады, ал келесі күні қорғаушы Айжамал Бәбішеваның есепшотына қайта аударылады. Лопатин мырзаның қолына әлі күнге дейін ақша түспеген. Айжамал ханым осы күнге дейін телефонын алмай, жауап беруден қашып жүрген көрінеді.
Айжамал Бәбішева бұл даулы іске түсіндірме беруден бас тартты. Жалпы заң қорғаушыларымыз осындай іспен айналысса, «аңқау елге арамза молданың» нағыз өзі болғаны ма?