Жаңалықтар

Оймақтай ой: Қазақ көрермені тек Ресейге не орыс тіліне байланып қалмауы керек

ашық дереккөзі

Оймақтай ой: Қазақ көрермені тек Ресейге не орыс тіліне байланып қалмауы керек

Расул Жұмалы Жауап болмайынша, осы Ескертпе кайталана бермек: Билiк назарына – Қазақстан өзін демократиялық, сыртқы саясатта көпвекторлы бағытты ұстанған, ашық қоғам ретінде жариялағаны белгілі. Олай болса, біздің ақпараттық кеңістік, әсіресе теледидар неліктен Ресейге тұйықталып қалған? Бұндай жағдай әлемнің бірде-бір мемлекетінде жоқ және ұлттық құндылықтар мен арман-мұраттарды былай қойғанда, елдің қауіпсіздігіне зор нұқсан келтіреді. Әдетте, осындайда лауазымды орындар “сынай бергенше, нақты ұсыныс жасаңдаршы” дегенді алға тартады. Ендеше нақты ұсыныс: Кабелді тележүйелерде отандық арналарды дамытумен, қазақ тілінің аясын кеңейтумен қатар шетелдік телеарналардын үлесін шектеп, бір жүйеге келтіру. Оның ішінде орыс тілінде ретрансляцияланатын салалы арна(Discovery, Animal, TV1000, Sport, History, т.б.)ларды  толықтай қазақ тіліне аудару. Екіншіден, оннан аса ресейлік арналардан, айталық, жалғыз РТР-ды ғана қалдыру. Босаған орындарға Қырғыз, Өзбек, Түркия, Әзірбайжан, Шынжан қазақтары, Қытай, Украина, Грузия секілді достас мемлекеттердің ұлттық арналарын қою. Қазақ көрермені тек Ресейге не орыс тіліне байланып қалмауы, ал әр азаматтың өз таңдауы болғаны ұтымды емес пе? Оның үстіне бұл әділ және халықаралық стандартқа сай болар еді.