ҚАЗАҚСТАН АНАЛАРҒА ҚАРЫЗДАР!
ҚАЗАҚСТАН АНАЛАРҒА ҚАРЫЗДАР!
Қыздардың қалтасына телміретін қазақ жігіттері туралы айтқан пікірлерім кейбір қандасқа ұнамай жатыр. Мейлі. Бірақ бір кісі “ұлттық идеология емес, үйдегі тәрбие маңызды” депті. 90-жылдардың басында туған ұрпақта жібі түзу тәрбие болды ма өзі? Меніңше, жоқ. Қазақстанның экономикасы тұралаған сәтте Аналардың көпшілігі ала қап арқалап, базарлар мен пойыздарды жағалап кетті. Ал әкелердің көпшілігі араққа бас қойды. Шарасыздықтан. Қыстың арқыраған аязы мен жаздың жан шыдатпас аптабында арқа еті арша, борбай еті борша болған Аналар өз отбасыларын, бала-шағасын ғана емес, Қазақстанды аман алып қалды. Дефолттан, бюджет тапшылығынан, рецессиядан, әлеуметтік және саяси тұрақсыздықтан. Яғни, күйреуден, құлдыраудан. Меніңше, мемлекет ҚАЗАҚ АНАЛАРЫНА арнап ескерткіш қойса, артықтық етпейді.Аналарға алғыс ретінде.