СҰМДЫҚ-АЙ!

СҰМДЫҚ-АЙ!

СҰМДЫҚ-АЙ!
ашық дереккөзі

 

Кеше «Қазақстан» телеарнасы Шымкент
қаласындағы үш бірдей сәбиді көшеге тастап кеткенін көрсетті. Баланың алды – үш
жастан енді асқан, екіншісі екі жасқа жетер-жетес, ал үшіншісі әлі қызыл шақа.
Кенжесін үлкен сөмке ішіне салып қойған екен. Ал екеуі жанында тұрған. Үлкені –
қыз бала. Мамасының атын ғана біледі. Далада қыс. Күн суық. Егер оларды жақын
маңдағы үйде тұратын әйел көріп, назар салып, жанашырлық танытып, балалар
ауруханасына алып бармағанда күндері не болар еді? Содан бері бір жеті уақыт
өтсе де, сәбилердің ата–анасы іздеу
салып хабарласпаған. Оларға не жағдай болды? Бір Алла білсін. Иә, бұл Жаратушы
алдында үлкен күнә. Бір өкініштісі сол, соңғы жылдары осындай келеңсіздіктер
саны көбейіп кетті. Ал қаншама әйел бір балаға зар болып жүр.

Телеарнаның журналисі полиция тарапынан
әкесі мен шешесінің үстінен қылмыстық іс қозғалатынын жеткізді. Ал сәбилерді
балалар үйіне өткізеді екен. Сонымен іс бітті дей беріңіз.

Ал Үкімет ше? «Атасы мен анасы неге
сәбилерін тастап кетті?» деп ойлана ма? Олар тұрақты жұмыс орындары болса,
жалақылары күн көрістеріне жетіп жатса, сәбилерін тастап кетер ме еді? Егер
олардың әлеуметтік жағдайлары нашар болса, бұған Үкімет те жауап берулері керек
қой. Үкімет: «Біз дамыған елу елдің қатарына қосылдық», – деп айдай әлемге жар
салғанда алдарына жан салмайды. Жеріміздің асты мен үстіндегі байлықта өмірге
келген осындай сәбилердің және олардың ата-аналарының үлесі бар шығар. Қалай
айтқанда да елдегі осындай жағдайлар Үкіметке сын.

 
К.Адырбекұлы