Жаңалықтар

Шымбұлақта шаңғы тептік

ашық дереккөзі

Шымбұлақта шаңғы тептік

Бүгін Шымбұлақта шаңғы тептік.Әріптестермен шаңғы тебудің сәті түсті. Осы аптада сәті түсіп, «түркістандықтар» болып, Мақсат екеуміз Шымбұлақ шыңдарын шаңғымен тамашалап қайттық.

Алдыңғы жылы Қазақстанның шаңғышы журналистері команда құрып, халықаралықSCIJ клубына мүшелікке алынған болатын. Сол жылы Қазақстандық шаңғышы журналистер клубы Италиядағы басқосудан осы мәртебелі атақпен оралған еді. Содан бері елімізде журналистерге арналған клуб құрылып, төртінші билік иелері Шымбұлақ шыңдарын бағындыруда.

 

 Клуб мүшелігіне біз де жазылдық. Осы жұмада биылғы жылдың бірінші жиыны өтті. Шымбұлақ шатқалына барып, шаңғы тептік. Шаңғышы журналистер клубының жетекшісі Андрей Кукушкин «әрбір журналисті шаңғыға тұрғызуды мақсат тұтып отырмыз» дейді.

SCIJ (Ski journalists) – тау шаңғышы журналистер клубының құрылғанына 60 жылдан астам уақыт өтті, бұл ұйым 35 елдің кәсіпқой журналистерінің басын біріктіріп отыр