«ЖАЛЫН» ЖУРНАЛЫ «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІНЕ ҚЫЗМЕТ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ АТАНДЫ

«ЖАЛЫН» ЖУРНАЛЫ «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІНЕ ҚЫЗМЕТ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ АТАНДЫ

«ЖАЛЫН» ЖУРНАЛЫ «ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ ӘЛЕМІНЕ ҚЫЗМЕТ» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ  ЛАУРЕАТЫ АТАНДЫ
ашық дереккөзі

1969
жылдан бастап республика жұртшылығының рухани қажетін өтеп кележатқан тұрақты 
басылымның бірі «Жалын» журналы 2013 жылы ТүркиядағыЖазушылар және өнер қайраткерлерінің халықаралық
қорының» ұйымдастыруымен өткен «18-ші Халықаралық түркі әлеміне қызмет
сыйлығының»Түркі әдебиетінің өткені,
қазіргісі, келешегі үшін» номинациясының жеңімпазыатанды. Барлық түркі тілдес, бауырлас
халықтардың рухани құндылықтарынәспеттейтін,
қоғамдық-азаматтық іс-шаралардан шет қалмайтын заңды және жекетұлғаларды жыл сайын марапаттап отыратын
халықаралық қордың биылғыжүлдесіне
«Жалын» журналы жалпы түркі жұртшылығына аттары белгілі ақын-жазушылардың,
ғалымдар мен өнер қайраткерлерінің шығармаларын тереңталдаулар мен жан-жақты сараптаулардан кейін ие
болып отыр. «Жалын» журналында тұрақты жарияланып келе жатқан «Түркі дүниесінің
классиктері» айдарыаясында
қазақ оқырмандары Хұсейін Нихалдың «Көк бөрілердің ерлігі» романымен Харун Токактың «Қара шалдың қайғысы» атты
шығармасымен, белгілі ғалым Сабри
Хизметлидің түркі әдебиеті мен мәдениеті туралы танымдық дүниесімен,белгілі журналист Ахмет Аляздың «Көрұғлы» атты
бүкіл түркі дүниесінің рухани бірлігін
паш ететін ғылыми еңбегімен танысты. Сопылық ілімнің жауһары Мевлананың «Месневи» шығармасының журналдың
бірнеше санында жариялануы да діни бауырластықты бұрынғыдан да нығайта түсті. «Жалын» журналы жалпы түркі әлеміне аты белгілі, классик
ақын-жазушылардың шығармаларын да
ұдайы насихаттап келеді. Мәселен, әзірбайжан жазушысы Анардың «Ақ қошқар,қара қошқар» атты хикаятының, сол сияқты түркі
әлеміне ортақ тұлғалар ШыңғысАйтматов,
Мұстай Кәрім, Қайсын Кулиев сынды таланттар шығармалары да

«Жалын»
журналында жарияланды. «Жалын» журналы түркі әлеміне таныла бастаған жастарға
да орын беріп келеді.

  Бүкіл түркі әлеміне: «КІМ ШЫНДЫҒЫН
ЖОҒАЛТЫП АЛСА, КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРАҒЫСЫНДА
СӨЗІ БАСҚА, ІСІ БАСҚА БОЛСА ЖӘНЕ ӨЗ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕЛЕРІНЕ, РУХАНИ
ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНА ТАМЫР ЖІБЕРЕ АЛМАСА, ҚАНШАМАБІЛІМДІ
БОЛҒАНЫМЕН ОЛ АДАМҒА ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТУ – РУХСЫЗДЫҚ ӘРІ ӘДІЛЕТСІЗДІК» деген мазмұнда ұстаным ұсынған,
«Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығының иегері
М.Шаханов басқаратын «Жалын» журналына
бұл сыйлық 2014 жылдың мамыр айында, Қырғызстанда өтетін «Шыңғыс Айтматов және түркі әлемі» атты
халықаралық конференцияда табыс
етілмек.

Нұрғали
Жүсіпбай,

Еркінбай Серікбай