Ерлан Байжанов: Жаңа жобаны қолға алмақпыз...
Ерлан Байжанов: Жаңа жобаны қолға алмақпыз...
Бүгін белгілі болғандай, “Нұр–Медиа” медиахолдингінің басшылығы ауысты. Осыған орай, Сіздердің назарларыңызға медиахолдингті осы кезге дейін басқарып келген Ерлан
Байжановтың сұхбатын беріп отырмыз.
– Ерлан Сапарұлы, бүгін сіздің “Нұр–Медиа” холдингінен кететініңіз белгілі болды. Осындай күтпеген шешімге келудің себебі неде?
– Бұл шешім сырт көзге ғана күтпеген болып көрінеді. Ал негізгі себеп екеу. Біріншіден, дағдарыс менеджерлері ретінде біз “Нұр-Медиа” холдингі үшін неғұрлым жоғары нәтижеге жеттік. Бұл, алғашқы ретте, топтың қаржылық сауығуына қатысты, біз тек холдингтің қомақты қарыздарын өтеп қана қоймай, оны екі жыл қатарынан табысқа шығардық. Холдинг алғаш рет жалғыз қатынасушысы “НұрОтан” партиясына дивидендтер төлеп шықты.
Біз “Нұр-Медианы” басқарушы компаниядан БАҚ тобы көлемінде ақпарат ағымдарын қалыптастыратын және өзінің өнімін шығаратын ақпараттық холдингке айналдыра алдық. Егер қателеспесем, біз Қазақстанда алғашқы болып медиахолдинг аясында интеграцияланған мультимедиялық ньюсрум моделін енгіздік.
Екіншіден, біз PR-қызметтер нарығында едәуір табыстарға жеттік және біршама тәжірибе жинадық. Біздің топ “Халықтық IPO” бойынша ақпараттық-түсіндіру кампаниясы сияқты көлемді жобаны жүзеге асырған болатын. Қазір көптеген ойларымыз бар. Біз жинақталған тәжірибемізді жаңа жобаларда қолданғымыз келеді. Меніңше, саясиконсалтинг және PR-қызметтер саласы ұзақ уақыт бойы тоқырау кезеңін басынан өткеріп келе жатыр. Сол себепті біздің атқаратынымыз мол болмақ. Бір сөзбен айтқанда, қызметтен кетіп, ойыма алған өз ісіммен айналысу туралы қадам ақылға салынған әрі салмақты шешім.
Президентіміз Н. Назарбаев кез келген сәтте бизнеске кетуге даяр болатын шенеунік жаман болмас деген. Бұл тұжырыммен толықтай келісемін. Өзімді өзім тексергім келеді. Бұған түсіністікпен қараған партия басшылығына алғысымды білдіргім келеді.
– Сіз жалғыз кетесіз бе, әлде өзіңізбен командаңызды да ала кету ойыңыз бар ма?
– Холдингтен PR – бағытында жұмыс жасағандар кетеді. Олар менімен бірге жаңа құрылымға ауысады. Компаниямызды “МедиаКонсул” деп атадық. Аты айтып тұрғандай, біз мемлекеттік органдар, корпоративтік сектор, медиалық интернет үшін медиаконсалтинг жәнекоммуникацияларды дамытумен, әр алуан жобаларды ақпараттық қолдаумен айналысамыз. Бұл беделмен жұмысжасауда, брендті дамытуда, дағдарысқа қарсы PR- да және аймақтар үшін консалтингтік маңызы бар. Бұны кәсіби түрде, ғылыми және тәжірибелік тұрғыдан негізделген әдістерді қолдана отырып, жүзеге асыру маңызды. Әйтпесе, Кедендік одақ аясындағы бәсекелестік жағдайында біз артта қалып қоямыз. Себебі ресейлік PR-индустриясының деңгейі өте жоғары.