Болат Берсебаев "Нұрмедиа" ЖШС-інің бас директоры болып тағайындалды
Болат Берсебаев "Нұрмедиа" ЖШС-інің бас директоры болып тағайындалды
Бүгін «Нұр-Медиа» ЖШС-нің жалғыз қатысушысы – «Нұр Отан» партиясының шешімімен холдингтің бас директоры болып Болат Берсебаев тағайындалды.
Болат Берсебаев – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (1999) мен Ф.Шиллер университетін (Германия) бітірген, саясаттану магистрі.
Әр жылдарда ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары, Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы, «Арна медиа» ұлттық холдингінің басқарушы директоры және ҚР Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік инспекторы, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметтерін атқарды.
«НҰР-Медиа» ЖШС Бас директор ретінде тағайындалғанға дейін Болат Берсебаев «Нұр Отан» партиясы Хатшысының міндетін атқарушы лауазымында жұмыс жасаған, «Нұр-Медиа» ЖШС Қадағалау кеңесін басқарды.
«Нұр-Медиа» холдингін бұған дейін басқарған Ерлан Байжановтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты лауазымынан босатылды.
Е. Байжанов М. Ломоносов атындағы ММУ тәмамдаған, филология ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде кеңесші-елшісі, ҰҚШҰ жанындағы Қазақстанның өкілетті өкілі, мәдениет, ақпарат және спорт министрінің бірінші орынбасары, Президент Әкімшілігінің ақпараттық-сараптау орталығының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы. 2008-2010 жылдары «Арна Медиа» мемлекеттік холдингін, 2011-2014 жылдар аралығында «Нұр-Медиа» холдингін басқарды.
Ерлан Байжановтың айтуынша, жаңадан құрылған «Медиа Консул» компаниясының басшысы ретінде ол мемлекеттік органдар мен корпоративтік секторға арналған коммуникацияларды дамытумен айналысатын болады.
“Түркістан-ақпарат”