10 миллион теңге сыйақыны кім алды?

10 миллион теңге сыйақыны кім алды?

10 миллион теңге сыйақыны кім алды?
ашық дереккөзі

 

Бүгін дипломдық жұмысымды қарап отырып, өзектілігін жоғалтпаған деректер
тауып алдым. Осындай дүниелерді диплом жұмысына жаздым деп ойламаппын.
Дипломның бір бөлімі “Мерзімді басылымдардағы журналистік зерттеу:
А.Сәрсенбаев, З.Нұрқаділов істерінің тергеуі
” деп аталыпты. Осыдан
бірқатар үзінді келтіре кетейін.

… Қазақ оппозициясы осы екі кісі де “саяси тапсырыстың құрбаны болды” деп
санайды. Тіпті оппозиция лидерлері А.Сәрсенбайұлын тапсырыспен өлтіруге
мемлекеттік билік адамдарының қатысы бар деп жариялады. Оппозициялық “Әділетті
Қазақстан үшін” қозғалысының лидері, А.Сәрсенбайұлының қаза болуы себептерін
тергейтін тәуелсіз қоғамдық комиссияның жетекшісі, бұрынғы Бас прокурор әрі
бұрынғы Мәжіліс спикері Жармахан Тұяқбай Ішкі істер министрі Б.Мұхамеджановтың
кісі өлтіруге “Е.Өтембаев тапсырыс берді” деген сөзіне күмән келтіреді. Марқұм
Алтынбектің туған ағасы – Рыспек Сәрсенбайұлы да тергеудің ресми қорытындысына
өзі тұрмақ, өзінің немересі де еш сенбейтінін мәлімдеген болатын. Міне, осындай
дақпырты күллі елді дүрілдеткен атышулы қоғам қайраткерінің жұмбақ өлімі туралы
зерттеулер жүргізіле бастады.

…Елбасының тапсырмасы бойынша із кесу жұмыстарына шетелдік мамандарды
тарту мәселесі қарастырылуда. Қылмысты орындаушылар, ұйымдастырушылар туралы
нақты ақпарат берген адамға 10 миллион теңге сыйлық белгіленді.

…Дүйсенбі күні Қазақстанның ресми билігі оппозиция
лидерлерінің бірі Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның 2 серігін ұрлап алып кетіп,
өлтіруге Ержан Өтембаев тапсырыс берген деп мәлімдеді. Осы күні Астанада
өткізген брифингте ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановтың
мәлімдегеніндей, оған А.Сәрсенбайұлы мен Е.Өтембаевтың бір-бірін жақтырмағаны
ең басты себеп болған көрінеді. Ержан Өтембаев – Қазастан Парламенті Сенаты
аппаратының басшысы болатын».

Баспасөз беттеріне келтірілген тағы сондай мәліметтерді көптеп келтірген екенмін. Осы іске қатысты Өтембаевтың дауы міне әлі аяқталған жоқ. Айтқандай, кісі өлтірушіні ұстап бергені үшін берілетін 10 миллион теңгелік сыйақыны кім алды екен?