ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ – АНИМАЦИЯДА

ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ – АНИМАЦИЯДА

ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ – АНИМАЦИЯДА
ашық дереккөзі

Кеше Астанада тұңғыш қазақ 3D анимациялық мультхикаясының
тұсаукесері өтті. «Қазақстан» корпорациясының тапсырысымен түсірілген «Батырлар»
деп аталатын жобаға «Нұр Отан» партиясы қолдау көрсеткен.

Тарихи-анимациялық мультхикаяда
Қабанбай, Бөгенбай мен Наурызбай батырлардың аңызға бергісіз ерліктері баяндалды. 

«Қазақстан» РТРК» АҚ төрайымы Нұржан Мұхамеджанова
мультхикаяның тұсаукесерінде «Ұлтының
тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары туралы көркем
фильмдер түсіріліп келген. Ал «Батырлар» туындысы – осы тақырыпты көтерген
тұңғыш аннимациялық фильм. Аты
аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің
жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарман – Наурызбай батырдың ел тағдырындағы тарихи орны мен  ерлік жорықтарының маңызын өскелең
ұрпақтың  санасына сіңіру маңызды міндет»
деді
.

Мультхикая
продюсері Айнұр Темірханқызының айтуынша, аннимациялық мультфильм XVII-XIII ғғ.
қазақ-жоңғар шайқастары шежіресінің желісінде құралған. «Негізгі кейіпкерлер –
қазақ батырларының ерен ерліктері мен батыр тұлғалары арқылы  қалың көрерменді  отансүйгіштікке тәрбиелейді» дейді продюсер.

«Батырлар»
мультхикаясын түсіруде голливудтық «Аватар» фильмінде қолданылған технологиялар
кеңінен пайдаланылды. Тіпті кейіпкерлердің көңіл-күйін, жан дүниесінің
құбылысын беру үшін компьютерлік графиканың мүмкіндіктері қолданылған.

Көрермендер жаңа
мультхикаямен «Балапан» және «Қазақстан» телеарналарында көзайым бола алады.

Көлбай ЖЕҢІС