ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БЕЛДЕУІНЕ
ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БЕЛДЕУІНЕ
Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынасты жан-жақты талқылады. Ал кездесуге арқау болған тақырып – «Ұлы Жібек жолының Экономикалық белбеуі» жобасына бөлек тоқтала отырып, жан-жақты пікір алмасты.
Бұл стратегиялық бастама ҚХР Төрағасы Си Цзеньпиннің Қазақстанға 2013 жылғы қыркүйек айында жасаған мемлекеттік сапары аясында бастау алған. Бұл бастама Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың да қолдауына ие болған еді. Бұл кездесу барысында Қ.Сарыбай қазақстандық тарап экономика, сауда, инвестиция, мәдениет секілді салалардағы ынтымақтастықты қамтитын және аймақаралық ықпалдастықты сапалы түрде жаңа деңгейге жетелейтін кең ауқымды жобаны іске асыруға дайын екенін жеткізді.
«Ұлы Жібек жолының Экономикалық белдеуі» жобасын іске асыру идеясы жалпы алғанда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстанның Орталық Азияның сауда, логистикалық және іскер орталығына айналуына ықпал жасайтын, сонымен қатар Астананың халықаралық ынтымақтастықтағы азиялық векторын нығайтатын «Қазақстан – Жаңа жібек жолы» атты бастамасымен мазмұндас», – деді қазақстандық дипломат.
А.ОСПАНБАЙ