Жаңалықтар

Оймақтай ой! Жөнсіз термин жасауға қарсымын

ашық дереккөзі

Оймақтай ой! Жөнсіз термин жасауға қарсымын

Jolimbet Makishev

Бәзбіреулер Интернеттің қазақша баламасын Ғаламтор деп айтып жүр. Бұл дұрыс емес. Ол “Всемирный паутина” сөзінің тырнақшамен берілетін қазақша нұсқасы ғана. Интернетті интернет деу керек. Халық арасында айтылып жүрген кейбір халықаралық терминдерді мұртын бұзбай сол қалпы қабылдау қажет. Қазақ тілінің үндестік заңымен үйлессе болды. Тіл сонда жаңадан енген “түсініксіз” сөздерден арылып, жатық тілге айналады. Бәрін аудару керек деген нақұрыс науқаншылдықтан арылуымыз керек. Біздің “білгіштер” асыра сілтеп жіберуге бейім тұрады. Өздері де білмейді кейде не істеп жатқанын. Әйтеуір біреу аттандаса болды, “дүбәрә дүбірге” қиқу салып, қосылып кете салады….