Ибрагимовтың жаңа түсініктемесі істі басқа арнаға бұрды
Ибрагимовтың жаңа түсініктемесі істі басқа арнаға бұрды
Бұл істің созылғанына неше жыл… Жыл сайын жаңа түсініктемелер мен дәлелдер табылуда. Дүйім жұртты дүрліктірген қылмыстық іске қатысы бар басқа да саяси қайраткерлердің есімі аталуда. Сот процесі тағы бірнеше жылға созылып, кінәлілерді анықтау қиынға түседі…
Алматы облысы Қаскелең ауданаралық арнайы сотында Ержан Өтембаевтың ісіне қатысты сотта 2006 жылы адам өліміне айыпталған Ибрагимов Ержан Өтембаев, Әлнұр Мұсаев және Алтынбек Сәрсенбаевтың өлімімен қалай танысқанын ашық баяндады. Өз достары арқылы арзан несие іздеген Ибрагимов Алексей Кекшаевпен танысады. Өз кезегінде ол Қазақстан Даму банкінің директорлар кеңесінің төрағасымен таныстырып, арзан несие алып бермекке уәде етеді. «Маған бір күні Кекшаев хабарласып, мейманханаға шақырды. Мен келдім, онда Өтембаев пен Кекшаев отыр екен. Телефон номерлерін алмасып, мен өз жөніме кеттім. Сосын Өтембаев менің Алматыға келуімді өтінді. Бір кездесуде ол менен қазақстандық оппозиционерлерден кімді білетінімді сұрады. Мен саясаттан хабарым жоқтығын, бірақ баспасөзден Ғалымжан Жақиянов пен Болат Әбіловті танитынымды айттым. Ол “Алтынбек Сәрсенбаевты білесің бе?” деп сұрады, нағыз оппозиционер сол және өте сауатты деді. Ол менен “оны ұрып жыға аласың ба?” деп сұрады. Мен «иә» дедім. Өйткені мен спортшымын ғой. Сосын әңгіме ауаны бизнеске ауысты» деді сотта Ибрагимов.
Бұрындары бұл мәлімдемесімен бөліспеген Рустам Ибрагимов Әлнұр Мұсаевпен де таныстығы туралы айта кетті. Айтқандай осы арада ол көршісі Аман Молдашевтің Рахат Әлиевпен жақын таныс болғанын да айтып өтті. Мұсаевпен оның бильярд клубында кездескенін және Өтембаевқа жақын болуды сұрағанын айтты. Бірақ 2006 жылғы берген мәлімдемесінде Ибрагимов Мұсаевпен кездеспегенін айтқан болатын. Өтембаевпен кездесуден соң, Мұсаев Үкіметтен тапсырма алғанын, егер мен бас тартсам отбасыма қатер төнетінін айтты дейді Ибрагимов. «Мұсаев сәл ұрттап алған екен. Ол менің әлі де болса бас тартпауымды сұрады. Рахат Әлиев, президент және Құлыбаев отбасымен Австрияда демалып жатыр. Барлығына Әлиев жауап береді, істің соңында сол тұр деді Мұсаев.
Түсініктеменің соңын Ибрагимов былай аяқтады. «Біз Саяхаттан әрі астық. Ол жерде үйлер болғаны, қараңғы болғаны есімде. Біз Сәрсенбаевтың көлігін тоқтаттық. Ол артында отырды, қасында көмекшісі бар екен. Рульде Журавлев отыр. Мен Әлекеңе қоңырау шалып, олардың үшеу екенін айттым. Ол «үшеуін де өлтір» деп айтты.