Оймақтай ой! "ОЛЖАСТЫҢ ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ ӨТТІ!" ДЕП ЖАЗБАЙДЫ МА, А?

Оймақтай ой! "ОЛЖАСТЫҢ ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ ӨТТІ!" ДЕП ЖАЗБАЙДЫ МА, А?

Оймақтай ой! "ОЛЖАСТЫҢ ҮЙЛЕНУ ТОЙЫ ӨТТІ!" ДЕП ЖАЗБАЙДЫ МА, А?
ашық дереккөзі

Мухтар Шерим

Баспасөзде де, теле арналарда да, әлеуметтік желілерде де “Сәдуақасованың үйлену тойы өтті!” деген тақырыпппен жаңалық беріп жатыр. “Олжастың тойы өтті!” деп жазбайды… Өйткені ол атақсыз… Оның үстіне қыз деген үйленбейді. тұрмысқа шығады, ұзатылады! Осындайда, атақты сатирик Әзиз Несиннің “Әйтеннің күйеуі” деген әзілі есіме түсіп кеткені… Фикри бей деген пақыр, тас кедей бір байдың қызы Әйтенге қалай үйленді, өзінің аты ұмытылып кетеді. “Әйтеннің күйеуі келе жатыр!”, “Әйтеннің күйеуіне жол беріңіздер!”, “Әйтеннің күйеуі түшкірді…” Содан не керек, Фикрибейдің ажырасқысы келеді. Өз атын қайтару үшін. Анасымен ақылдасса, анасы:” Мені де жұрт Әйтеннің енесі” деп жүр… Қалай болар екен, балам?” деп жылап қалады. Баласы ажырасады. Сонда жұрт:” Әйтеннің бұрынғы күйеуі келе жатыр!”, “Әйтеннің бұрынғы күйеуі мүсәпір болып қалыпты!” деседі. Сосын Фикрибейдің өлгісі келеді… Анасы бұл ойынан қайтарады: “Балам, енді жұрт Әйтеннің бұрынғы күйеуі өліп қалыпты!” деген атқа қаласың!” дейді. 
Кешіріңіздер, екі жас бақытты болсын! Менікі тек… “Мәдинаның күйеуі келе жатыр!” деп Олжас інімді ұмытып кетпесе деген тәтті тілек қой… Мырзалар мен ханымдар! Олжас ініміздің тойы дүркіреп өтті! Олжас ініміз қосағымен қоса ағарсын! Олжастың сүйіктісі–Мәдина Сәдуақасова!, Олжас+Мәдина! Олжас ініміз…