Жаңалықтар

БҰҰ бағдарламасының үздігі

ашық дереккөзі

БҰҰ бағдарламасының үздігі

ҚР Президенті «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты құндылықтарын нығайту керектігін айтты. Оның ішінде ұлттық қауіпсіздік және жалпы бейбітшілік пен аймақтық мәселелерді шешуде біздің еліміздің жаһандық қатысуы маңызды орынға ие. БҰҰ бастамасымен ҚазҰУ-да UNAI хабын құру Елбасы идеясын іске асыруға, Алматы қаласын көпжақты дипломатиялық аймақтық орталығына айналдыруға, Қазақстанның әлемдік процестегі жаһандық мәселелерді шешу ісінде рөлі мен беделінің өсуіне өз септігін тигізеді.БҰҰ таңдауы кездейсоқ емес: БҰҰ-ның әлемдік мойындалған он прин­цип­терін – адам құқығы, сауаттылығы, тұрақты даму және қақтығыстарды шешуге негізделген «Академиялық ықпал» бағдарламасына ҚазҰУ Орталық Азия университеттері ішінде бірінші болып қосылды. Аталған бағдарлама аясында университет өзін жетекші ғылыми-академиялық орталық ретінде байқатып, ғалымдарды белсенді түрде осыған баулыды және ғылыми-білім беру ортасын жаһандық мәселелерді шешу құралы ретінде пайдалана білді. Қазақстандағы БҰҰ өкілдігінің және Алматыдағы АҚШ-тың бас елшілігінің қолдауымен ҚазҰУ «БҰҰ моделі – Жаңа жібек жолы» әлемдік студенттік бағдарлама-ойынының көптен бері бір бөлшегі болып келеді. Бұл болашақ мамандарды БҰҰ принциптеріне және қауіпсіздік мәселелерін шешуге тарту болып табылады. Үш жылдан астам тұрақты даму бойынша «Global Classroom» бағдарламасы қарқынды жұмыс істеп келеді. 2011 жылы ҚазҰУ БҰҰ қолдауымен «ХХІ ғасырдағы қақтығыстардың құбылмалы табиғаты» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясын өткізді. 2012 жылы ТМД елдерінің жоғары оқу орындары арасында бірден бір білім ордасы – ҚазҰУ Бразилияда өткен «РИО+20» ғаламдық саммиті БҰҰ-ның Әлемдік Форумында Елбасының «Энергия-экологиялық дамудың жаһандық дамуы» және «Жасыл көпір» идеяларын қолдауға негізделген «Жасыл көпір: ұрпақтан-ұрпаққа» атты жобасына жеке секциясын ашты. Өткен жылы университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов ЮНЕСКО-ның білім беру саласы бойынша бас директорының орынбасары Цянь Танмен Париждегі кездесуінде ЮНЕСКО – UNITWIN бағдарламасына сәйкес ҚазҰУ-да тұрақты даму бойынша аймақтық хабын құру туралы шешім қабылданды.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да UNAI хабының ашылуы адамзат қоғамы дамуында жаһандану тренді болып табылатын университеттің тұрақты даму бойынша көшбасшылық рөлін ай­ғақ­тайды. Осы жылдың мамыр айының басында ҚазҰУ-да әлемдік деңгейдегі үлкен іс-шара – ІІІ Азия университеттері ректорларының форумы өтеді. Ол азиялық аумақтағы қауіпсіздік пен жарқын болашақ үшін интеграциялық үдерістің басты қозғаушы күші болмақ.

Шынар Саметова