Қазақ киносының айлығы

Қазақ киносының айлығы

Қазақ киносының айлығы
ашық дереккөзі

Кино айлығының шымылдығын ҚР Президенті Н. Назарбаевтың балалығы мен жастық шағы туралы түсірілген режиссер Рүстем Әбдіраштың «Балалық шағымның аспаны» атты көркем фильмі ашты. Бұл кинотуындыдан кейін «Көшпенділер» тарихи киносы, «Қыз Жібек» классикалық эпосы, «Бәйтерек» патриоттық кинотуындысы және «Тақиялы періште» музыкалық комедиялық фильмі, сондай-ақ Қазақстан туралы 10 деректі фильм көрермен назарына ұсынылады деп жоспарлануда. Отандық көркем фильмдерді эфирге шығаратын «Канал Т» телевизиялық арнасы Түркиямен қатар, Еуропа елдеріне, Солтүстік Африкаға және Орталық Азия елдеріне хабар таратады. Демек, аталған «қазақстандық кино айлығында» отандық кинорежиссерлердің еңбегін бірнеше ел тамашалап, баға беретін болады.

Әсел ӘНУАРБЕК