Мұқағали Мақатаев: Махаңдар жоқ, Махаңдардың сарқыты Мұқағали Мақатаев бар мұнда
Бүгін ақиық ақын Мұғағали Мақатаевтың туған күні. Ақын егер көзі тірі болғанда 83 жасқа толады екен. Алайда ақын ғұмыры қысқа болды. Небәрі 45 жас жасаған ақын артына баға жетпес мұра қалдырды. Бүгінде Мұқағалидың даңқы қазақ аспанынан асып, әлемді шарлады. Оның өлеңдерін жатқа білмейтін қазақ жоқ шығар сірә, ал өлеңдеріне ән жазбаған композитор да жоқ көрінеді. Мұқағали бүкіл жүректе ән болып қалықтап, жыр болып төгілді. Ақиық ақынның бірнеше өлеңін назарларыңызға ұсынамыз.
Көрер едің, Шаламын ба, отпын ба, Білер едің, Ақынмын ба, жоқпын ба?.. Кектендірген хан Жәнгір де жоқ мұнда, Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда.
Түсінер ең, Езбін бе, әлде ермін бе, Байқар едің, Артықпын ба, кеммін бе?.. Мен Спартак бола алмадым, не шара, Сенің өзің Цезарь болып көрдің бе?! Сырым да — осы, Жырым да — осы, Алдында. Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? …Махандар жок, Махаңдардың сарқыты – Мұқағали Мақатаев бар мұнда! КЕЛШІ, ҚАРҒАМ, ШАШЫҢНАН ИІСКЕЙІН Иек артқан теңізге мүйістейін, Келші, қарғам, шашыңнан иіскейін. Иіскейін тек қана, тиіспейін, Келші, қарғам, шашыңнан иіскейін. Қолаң қара шашың-ай күн қақтаған! Қос бұрым-ай жотаңда бұлғақтаған! Қарғам, сенде жерімнің иісі бар-ау, Жер иісі жұпардан қымбат маған! Иісі бар-ау дәннің де, шалғынның да, Қырдың да, қырманның да, жаңбырдың да, Тұр, сірә, мына шашта иісі аңқып Аптаптың, аңызақтың, тандырдың да. Шашыңнан иіскетші, қарғам, маған, Есіме түсер ме екен арман-далам. Иіскетші? Жауқазын-жан екенсің: Жасанды әсемдікке алданбаған. Тұрғам жоқ сауға сұрап қылығыңнан, Жан едім махаббаттың құрығы ұрған. Иіскейін жұртымның топырағын, Иіскет, қарғам, маған бұрымыңнан.