Екі елді жақындатқан кәрі Каспий

Екі елді жақындатқан кәрі Каспий

Екі елді жақындатқан кәрі Каспий
ашық дереккөзі

Иран Стратегиялық ӘТК бас қолбасшысы контр-адмирал Хабиболла Сайяри бастаған ирандық делегация «Сарыарқа» зымырандық-артиллериялық кемесінде болды. Кеме командирі капитан-лейтенант Рүстем Жүнісов контр-адмиралға кеменің жалаушасын сыйға тартты. Содан кейін шетелдік қонақтар ҚР ҚК ӘТК әскери-теңіз базасын және кіші мамандар даярлайтын оқу орталығын аралады. Ақтау қаласына сапар соңында ирандық делегация теңіз жаяу әскерлері бригадасына барып, қазақстандық әскери қызметшілердің біліктіліктері мен шеберліктерін тамашалады. Иран ӘТК әскери қызме­тшілерінің 2-6 наурыз аралығындағы Қазақстанға сапары аясында Ақтау қаласында болуы көзделген. Бұдан бұрын Астана қаласында ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері басшылығы, сондай-ақ «Қазақстан Инжиниринг» АҚ өкілдері ирандық делегациямен кездесу ұйымдастырған болатын. Шетелдік қонақтар кездесуден кейін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атын­дағы Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушылары алдында дәріс оқып, елорданың көрікті жерлерін аралады. Осы сапар Қазақстан мен Иран Әскери-теңіз күштерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға жасаған тағы бір қадам болды. Екі елдің ынты­мақтастығын өңірдегі қамтамасыз ету саласында, сондай-ақ теңіз ісінің түрлі салаларында жалғастыру жоспарланған. Атап айтсақ, студенттерді, тыңдаушыларды және оқытушыларды оқыту және олармен алмасу, әскери техника жасау мен жөндеу, бірлескен тәжірибелік сабақтар өткізу және тағы басқалары көзделуде.

Ж.Баққондыұлы