Жаңалықтар

Су құбыры жарылып, бір адам көз жұмды

ашық дереккөзі

Су құбыры жарылып, бір адам көз жұмды

Олардың бірі – Жұман Есімбеков ауыр жараланып, дәрігерлердің өмірін сақтауға жанталасқанына қарамастан бүгін көз жұмды. 68 жасар азаматтың артында отбасы мен бала-шағасы қалды шырылдап. Марқұмның ұлы «Мен құқық қорғау органдарынының бейжай жүргенін түсіне алмай отырмын. Заң бойынша 3 күннің ішінде қылмыстық іс көтеріп, ауыр жаза тағайындауы керек. Себебі адам өлді ғой», – деді қайғырып.  Марқұмның отбасы істі жалғастырып, сотқа беретіндерін айтты.  Сол аймақтағы ыстық су құбырына жауапты «Алматы Жылу холдингі» Жұман Есімбековтың отбасына 50 мың теңге көлемінде көмек берген. Бұл энергия кешенінің қызметкерлерінің өз еркімен жинап берген жәрдемақысы. Ал заң бойынша бөлінетін жәрдемақыны марқұмның отбасы жуық арада алады. «Алматы жылу холдингінің» ресми өкілі Ян Гирин: «Сақтандыру төлемдерін бақылауды компания өз мойнына алды. Бұл қаржы сақтандыру компаниясы арқылы беріледі», – деді.

Райымбек пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында ыстық судан пайда болған шұңқырға түсіп кеткен 129 автобус жолаушыларының көпшілігі қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Оларға көмектескен жол патруль полициясы қызметкері де күйікке шалынды.  Ол 20 жасар жігітті шығарып үлгерген.

  Ыстық су құбырының жарылуы бірінші рет емес. Тіпті жылына үш-төрт жарылыстың орын алуы қалыпқа айналған ба? Былтыр Алматыда ыстық су құбырының жарылуынан 4 адам зардап шегіп, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. «Алматы жылу холдингі» МҚК зардап шеккендердің бәріне өтемақы төлеуге уәде еткен еді. Алайда кейбір ақпарат көздері  «Алматы жылу холдингі» мойнына алған өтемақыларын бес пайызын ғана төлеген. Ал солардың кесірінен көз жұмған отағасының от басына төленген 50 мың теңгенің де бүгінде ешқандай жыртыққа жамау болмайтыны мәлім. Ендеше кісі өліміне әкеліп соққа ауыр апатқа кінәлі «Алматы жылу холдингі» мойнындағы жауапкершіліктен жалтара ма, жоқ кінәлі ретінде жауапқа тартыла ма? Неге осы уақытқа дейін құқық қорғау органдары үнсіз отыр? 

Жер астынан жарылатын ыстық су құбырларының қашан, қай жерде жарылыс туғызатынын біз білмейміз. Былтыр жарылған құбыр 1985 жылы орнатылған екен. Коммуналдық компанияның құбырларды жаңартып, жөндеу жұмыстарын жасауына қаржысы да, жаздың күні уақыты да жеткілікті. Өйткені ай сайын қымбаттайтын жылу мен ыстық судың коммуналдық төлемдері, Алматыны ғана емес, бүкіл республиканың құбырларын жаңартуға жетеді.  Әшейін де жаңа жөнделген тас жолдарды аршып тастап, құбыр орнатушы еді…